Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7__1200_BT.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Ақ Орда

1. Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты:

А)XIII ғ – ң II ширегі

В) XIII ғ- дан

С) XV ғ– ң II ширегі

D) XIV ғ– ң II ширегі

Е) XIV ғ– ң I ширегі

2. Орда Ежен билік құрған мемлекет:

А) Алтын Орда

В) Ақ Орда

С) Моғолстан

D) Әбілқайыр хандығы

Е) Ноғай Ордасы

3. Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды:

А) Орда Ежен мен Шайбани ханның

В) Үгедей мен Шағатай

С) Мөнке мен Төле

D) Ерзен мен Мұбәрак

Е) Мүбәрак пен Өзбек

4. Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты:

А) Тоқтамысқа көмектескісі келді

В) Тоқтамыс арқылы Ақ Орданың аздаған жерін өзіне алу

С) Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу

D) Сығанақты басып алу

Е) Сырдария бойындағы қалаларды алу

5. Тоқтамыстың Мамай ордасын басып алу уақыты:

А) 1378 ж. В) 1379 ж.

С) 1380 ж. D) 1381 ж. Е) 1382 ж.

6. Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты:

А) Темірдің ұрпағы Ұлықбектің қол астына өту

В) Алтын Орда мемлекетін қайта құру

С) Сырдария бойындағы қалаларды қайтару

D) Мауараннахрды өзіне қарату

Е) Ақ Орданы әлсірету

7. Ақ Орда мемлекеті қашан өмір сүруін тоқтатты (құлады)?

А. XII ғ. В. XV ғ.

С. XV ғасырдың басында. Д. XIII ғ. Е. XIV ғ.

8. Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды?

А. Алтын Орда. В. Моғолстан.

С. Әбілқайыр хандығы.

Д. Ноғай Ордасы. Е. Мауараннахр.

9. Ақ Орданың орталығы қай қала?

А) Тараз Ә) Сығанақ

Б) Баласағұн В) Шаш

10. Ақ Орда Алтын Ордадан қай ғасырда бөліне бастайды?

А) XIV ғасырдың соңында

Ә) XIV ғасырдың басында

Б) XIІІ ғасырдың соңында

В) XIV ғасырдың екінші ширегінде

11. ХІІІ ғасырдың XV ғасырдың басына дейін Шығыс Дешт Қыпшақта мемлекет өмір сүрді. Оның аты қалай еді?

А. Алтын Орда.

В. «Көшпелі өзбектер» мемлекеті.

С. Моғолстан. Д. Ақ Орда. Е. Көк Орда.

12. 1327 – 1328 жылдары Ақ Ордада кім ақша шығарды?

А. Мүбәрак хан. В. Орыс хан.

С. Хан Ерзен Д. Өзбек хан. Е. Мамай хан.

Моғолстан

1. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан:

А) Ұрұс хан

В) Уәйіс хан

С) Тоғылық Темір хан

D) Есен - бұға

Е) Ілияс - Қожа

2. Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі:

А) Темір

В) Поладшы

С) Дува

D) Жүніс

Е) Қызыр - Қожа

3. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық – Темір тұсында бір күнде қанша мың адам ислам дінін қабылдаған:

А) 120 мың

В) 130 мың

С) 150 мың

D) 160 мың

Е) 170 мың

4. Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Есен – бұғаның хан тағында отырған уақыты:

А) 1371-1372 жж

В) 1433-1462 жж

С) 1380-1390 жж

D) 1425-1428 жж

Е) 1430-1460 жж

5. Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады:

А) Жүніс

В) Есен-бұға

С) Тоғылық Темір

D) Уәйіс хан

Е) Абд ар-Рашид хан

6. Моғолстан ханына мемлекетті басқаруға кім көмектесті?

А. Елтебер. В. Ұлысбек.

С. Уәзір. Д. Басқақ. Е. Аланқуған.

7. Моғолстан қай ғасырда өмір сүрді?

А) XIV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басында

Ә) XIV ғасырдың ортасы - XVІ ғасырдың басында

Б) XV ғасырдың басы - XVІ ғасырдың аяғында

В) XV ғасырдың аяғы - XVІ ғасырдың аяғында

8. Әмір Темір мен Ілияс Қожа ханның арасында шешуші «Батпақ шайқасы» қай жылы болды?

А) 1365 ж. Ә) 1363 ж.Б) 1468 ж.В) 1570 жылы

9. Моғолстан Әмір Темір қай жылы толық тәуелділікке түсті?

А) 1393 жылы Ә) 1390 жылы

Б) 1495 жылы В) 1598 жылы

10. XIV ғасырда Шағатай ұлысы құлап тарағаннан кейін оның шығыс бөлігінде жаңа мемлекет құрылды. Оның аты қалай еді?

А. Алтын Орда. В. Ноғай Ордасы.

С. Көк Орда. Д. Моғолстан. Е. Ақ Орда.

11. XIV ғасырдың ортасында Моғолстан мемлекетін билеп тұрған Болат әмірдің мақсаты қандай еді?

А. Ақша қатынасын дамыта түсу.

В. Ақ Орданы жаулап алу.

С. Моғолстанның Мауараннахрдан бөлініп шығуын болдырмау.

Д. Тәуелсіз хандық құрып алу.

Е. Ноғай Ордасын басып алу.

12. Моғолстанның этникалық құрамы қандай еді?

А. Қытай тілдес тайпалар.

В. Моңғол тілдес тайпалар.

С. Түркі тілдес тайпалар.

Д. Орыс тілдес тайпалар.

Е. Қыпшақ тілдес тайпалар.

13. XVІ ғасырда Моғолстанның астанасы қай қалада болды?

А. Испиджаб. В. Отырар.

С. Сығанақ. Д. Алмалық. Е. Сайрам.

14. Тоғлұқ Темір Моғолстанда мемлекеттік дін қылып қай дінді жариялады?

А. Пұтқа табынушылық. В. Зороастризм.

С. Будда. Д. Ислам.

15. Қай жылдары Әмір Темір Моғолстанға шабуыл жасап тұрды?

А. 1480 – 1490 жж. В. 1380 – 1390 жж.

С. 1281 – 1292 жж.

Д. 1371 – 1394 жж. Е. 1551 – 1562 жж.

16. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?

А) Жошы ұлысының В) Шағатай ұлысының

С) Үгедей ұлысының Д) Төле ұлысының

17. Батпақ шайқасында кім жеңіске жетті?

А) Әмір Темір В) Қызыр – Қожа оғлан

С) Ілияс – Қожа хан Д) Қамар ад – дин