Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saulet 240-249.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.17 Кб
Скачать

МАЗМҰН

КІРІСПЕ..........................................................................................................

3

1 Ақшалық сомма форматына арналған деңгей..........................................

4

2 gettext – хабарламаны ана тілінде шығару................................................

4

2.1 GNU gettext интерфейсі ..........................................................................

5

2.2 Класстарға негізделген интерфейстер....................................................

8

3 Аударылған хабарламалардың каталогын дайындау..............................

8

4 Математикалық аппарат.............................................................................

9

4.1 math – заттық сандармен жұмыс істейтін математикалық функция...

11

4.2cmath–комплексті сандармен жұмыс істеуге арналған математикалық функция................................................................................

12

4.3 random – әртүрлі орналасқан кездейсоқ сандар....................................

13

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................

14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................

15

КІРІСПЕ

Бағдарламалау тілі — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанд ытілдер тобы. Питон бағдарламалау тілі 1991 жылы пайда болды. Питон тіліндегі математикалық функциялар, модульдер сонымен қатар ұлттық тілде бағдарламалауға мүмкіндік беретін аударма модульдері және олардың мүмкіндіктері, функциялары, қосыымшалары қарастырылады. Математкалық модульдің негізггі функциялары негізгі математикалық операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Егер сізді көп өлшемді массивтер және сызықтық алгебра функциялары қызықтырса, келесі мекен-жай бойынша http://numpy.sourceforge.net/. “Numerical Python” пакеті модульдеріне жүгінуге болады.

Math - модулі заттық сандармен жұмыс істеуге арналған және мүмкіндік береітн математикалық функция

Cmath - комплексті сандармен жұмыс істеуге арналған математикалық функция.

Random - әр түрді анықталған кездейсоқ сандардың тізбегін алу.

Whrandom - кездейсоқ сандар генераторы.

1 Ақшалық сомма форматына арналған деңгей

LC_MONETARY

Ақшалық сомма форматына арналған деңгей. (жоғарыда localeconv() функциясының сипаттамасын қараңыз).

LC_MESSAGES (UNIX)

Бұл деңгей әдетте шығарылатын хабарлама тілін анықтайды. Бірақ нақты қондырғыларға интерпретация жасау кезінде бұл деңгей қолданылмайды (gettext модульі сипаттамасын қараңыз).

LC_NUMERIC

Сандардың форматын анықтайтын деңгей. Осы модульде анықталатын format(), atoi(), atof() и str() функцияларының іс – әрекетіне әсер етеді.

LC_ALL

Барлық деңгейлердің комбинациясы. Бұл константаны қолдану барысында setlocale() ағымдағы функция қондырғыларын барлық деңгей үшін ауыстыруға тырысады. Егер де бір деңгейдің өзгеруі мүмкін болмаса, барлық деңгей үшін қондырғылар бұрынғы қалпында қалады. Егер сіз LC_ALL ағымдағы қондырғыны анықтау үшін қолданған болсаңыз, әр деңгей үшін қондырғы жеке жолда көрсетіледі. Бұл жол болашақта қондырғыларды қалпына кетіру үшін қолданылуы мүмкін.

2 Gettext – хабарламаны ана тілінде шығару

Gettext модуль басқа модульдерге және бағдарламаларға ана тілінде хабарлама шығаруға мүмкіндік береді. Бұл модуль GNU gettext хабарламалар деңгейінің интерфейсін де, Python тіліне сәйкес келетін жоғарғы деңгейлі интерфейс кластарын да қолдайды. Екі жағдайда да модуль немес бағдарлама хабарламаларын бір тілде жазасыз, одан соң аударылған хабарламалар каталогын басқа тілде ұсынасыз.

Ескерту: аударма жасалатын ағымдағы орындалу тілі locale.setlocale(), функциясының көмегімен жасалған ұлттық қондырғыларға байланысты емес, тек қана LANGUAGE, LC_ALL, LC_MESSAGES и LANG(біріншісі бос мән бола алмайды) айнымалыларының мәніне тәуелді олады немес анық орнатылуларды сұрайды. Әрі қарай біз таңдалған тілдің жолдық кодтарын language. деп белгілейміз.

2.1 Gnu gettext интерфейсі

GNU gettext қолдана отырып, сіз барлық қосымшаларды қозғайсыз. Әдетте бұл интерфейс бір тілді бағдарламада қолданылады. Егер де сіздің бағдарламаңыздың тілдік баптаауларын тез уақытта өзгерту керек болса, сізге кластарға негізделген интерфейс қолдану керек болады.

bindtextdomain(domain [, localedir])

domain аты бар доменді localedir каталогына байлайды. Әрі қарай gettext модулі os.path.join(localedir, language, ’LC_MESSAGES’, domain +’.mo’) жолымен аударылған хабарламаны екілік файлдардан іздейді. Егер localedir аргументі бос болса немесе None мәніне тең болса, ағымдағы уақытта domain домені тіркелген каталог атын шығарады. (жалпы каталог ретінде os.path.join(sys.prefix, ’share’, ’locale’)’ қолданылады. )

textdomain([domain])

domain аргументі берілмесе немесе None мәніне тең болса, ағымдағы доменді қайтарады, басқа жағдайда жахандық (барлық бағдарлама үшін) мәнге тең domain доменін орнатады және осы мәнді қайтарады.

gettext(message)

message аударма хабарламасын ағымдағы ұлттық қондырғыларға байланысты қайтарады. Аударманы іздеу ағымдағы домендегі деректер қорында ізделінеді. Әдетте бұл функция жахандық аймақта _() атымен қолданылады (төмендегі мысалдан қараңыздар).

dgettext(domain, message)

gettext функциясына аналогты жұмыс істейді, бірақ аударманы домендегі деректер қорынан іздемейді.

GNU gettext интерфейсі сонымен қатар dcgettext() функциясын анықтайды, бірақ ол керексіз болып есептеледі. Сондықтан қазіргі уақытта қарастырылмайды.

Сипатталған интерфейстің қалыпты қолданысына мысал келтірейік:

import gettext

gettext.textdomain(’myapplication’) _ = gettext.gettext

...

#аударма керек долды шығару:

print _(’This is a translatable string.’)

...

2.2 Класстарға негізделген интерфейстер.

Бұл интерфейс GNU gettext-ке қарағанда тиімді әрі оңтайлы интерфейс болып табылады. Сондықтан біз оны Питон тілінде жазылған модульдерде және бағдарламаларда қолдануға кеңес береміз. Gettext модулі «аудармашы-класын»анықтайды. Ол өз кезегінде ‘.mo файлдарының оқылуын қамтамасыз етеді және қарапайым немесе Unicode кодымен жазылған жолдарды аудармасымен шығаратын әдістерді қамтамасыз етеді. Бұл класстың көшірмелері _() функциясын аттар тізбегінде орната алады.

find(domain [, localedir [, languages]])

Бұл функция domain доменіндегі localedir катологындағы , languages жолындакөрсетілген тілдер үшін (жалпы мән ретінде LANGUAGE, LC_ALL, LC_MESSAGES немес LANG айнымалыларының бірінің мәні қолданылады )‘.mo’ –файлды іздеудің қалыпты алгоритмін орындайды. Languages жолы (немесе көрсетілген айнымалылардың бірі )деңгейлердің төмендеу реттілігімен қоснүкте арқылы бөлінген тізімнен тұру керек. Функция find() аударма хаттамалары алынатын ‘.mo’-файлына жолды қайтарады. Егер бір де бір файл табылмаса, None мәні қайтарылады.

translation(domain [, localedir [, languages [, class_]]])

Catalog(domain [, localedir [, languages [, class_]]])

Хабарлама аудармасын орындайтын обьектіні қайтарады. domain, localedir және languages аргументтері қажет ‘.mo’- файлды іздеу үшін find() функциясына беріледі. Қайтарылатын обьект class_ класының ( GNUTranslations жалпы мән бойынша) көшірмесі болып табылады. Класс конструкторы бір аргментпен шақырылады - ‘.mo’-файлына рұқсат беретін файлдық обьектпен. Егер ‘.mo’-файл табылмаса, IOError ескертуі қосылады. translation() функциясы құрылған обьектілерді кэштейді және оларды сол обьектіге сұраныс болған кезде қолданады.

Catalog() аты GNOME функциясын қолданатын gettext модулі нұсқасымен байланысты анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]