14 Билет
1)Ферменттердің жіктелуі және оның сипаттамасы.
Ферменттер-ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады.
Ферменттер-барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жылдамдатады. Ең алғаш таза ферментті 1926 жылы жас биохимик Дж.Самнер кристалл түрінде алды.
Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:оксидоредуктазалар, трасферазалар, гидралаза, лиазалар, изомеразалар, лигазалар. Ферментология- ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен биология, генетика, химиямен тығыз байланысты.
Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді.Фермент өзінің әсер етуші заты- субстратпен ферменттік реакция жүргенде фермент субстраттық кешен түзеді.Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады.Содан кейін ол фермент және реакция өніміне жекеленіп бөлінеді.
2)моносахаридтер, олардың қасиеттері.
Моносахаридтер-қышқылдармен әрекеттесе отырып, күрделі эфир түзеді. Кейбіреулерінің зат алмасуда маңызды рөл атқарады.
Оған жатады:глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза, олигосахаридтер, сахароза, мальтоза, лактоза.
Глюкоза-ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал. Аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді. Фруктоза-тамақ өнеркәсібінде, медицинада пайдаланылады.Диабет ауруына глюкозаға қарағанда пайдалы жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Ксилоза- аналитикалық химияда тамақ өнеркәсібінде лимон қышқылын алмастырады. Мал азығын дайындау үшін керек. Арабиноза- кейбір бактериялар үшін көміртек көзі болып табылады.
Олигосахаридтер-негізгі резервті көмірсулар рөлін атқарады.
Сахароза- практикалық маңызы зор. Этил спиртін алуда маңызы зор.
Мальтоза-микробиологияда құнарлы орта компоненті болып табылады. Тамақ өнеркәсібінде әсіресе жас балалардың тамақтарында пайдаланылады.
Лактоза-пайдалы лактобактериялардың дамуы үшін субстракт болып табылады.
15 Билет
1)Көмірсулар алмасуы
Көмірсулар-көміртек-сутек-оттегінен тұратын органикалық қоспаларды айтамыз. Көмірсулар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры. Крахмал түрінде жиналады.
Көмірсулар 3 классқа бөлінеді: моносахаридтер(глюкоза, фруктоза,ксилоза, арабиноза), олигосахаридтер(сахароза,мальтоза,лактоза), полисахаридтер(крахмал,клечатка,гликоген)
Көмірсулар өсімдіктердің негізін құрайды.Жануар сілекейінде көмірсуларды глюкозаға ыдырауын туғызатын ферменттер болады. Птиалин ферментінің әрекетімен крахмал әуелі декстриндерге, кейін дисахарид мальтозаға бірден айналады. Сілекейдің кінші ферменті болып саналатын мальтаза мальтозаны глюкозаның екі молекуласына ыдыратады.
Ішекте дисахаридтер моносахаридтерге дейін ыдырап, лимфа және қанға тарайды. Көмірсулардың қорытылуы аш ішекте аяқталады.
2)Балауыз, фосфолипидтер, стероидтар.
Балауыз-әдеттегі температурада қатты, май тәрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Ол өсімдіктердің жапырағын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады және қорғаныштық қызмет атқарады. Құстардың қауырсынына, жануарлардың терісіне су жұқпайтын қасиет бар.
Стеридтер табиғатта көп тараған. Олар жоғары май қышқылдарымен полициклдік спирттердің күрделі эфирлері.
Стеридтер табиғатта кең таралып, органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізгі циклді көмірсумен- пергидрофенантрек және стерик болып табылады.
Фосфолипидтер-күрделі липидтер ішінде көп тараған липид. Құрамында фосфор қышқылы қалдығы бар. Жасуша мембранасының негізін құрайды . Майларға жатады. Майдың бір шетінде орналасқан май қышқылының орнына фосфор қышқылының қалдығы арқылы фосфолипидті радикал ретінде холин, серин, инозитол, немесе этаноламин болуы мүмкін.
Билет 16.
1) Тотығу – элементтің немесе заттың оттекпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі. Тотығудың үш түрі белгілі. Биологиялық тотығу – оксидредуктаза ферменттерімен катализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тіріорганизм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасу, дем алу, жасуша құрылымын құ-растыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді – субстраттарды, коферменттерді, гормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады. Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттекті қосылыстардың түзілуі. Органикалық қосылыстардың тотығуы – органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсе-рі тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.[1]
Тотығу — су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5—3 мг/дм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.[2]
Тыныс алу Газдардың алмасуы өкпенің көпіршіктеріндегі ауа мен кылтамырларындағы канның арасында өтеді. Көпіршіктің ішкі бетін сурфактант деген қабық астарлайды.Сурфактант ауа көтпіршіктерін тұрақтандырады және тіректік қасиет береді. Тыныс шығарғанда, ауа көпіршіктерінін жабысып қалуынан сақтайды. Сонымен бірге оттекті тасымалдауға әсерін тигізеді.
Газдардың алмасуы. Ауа көпіршігі мен қанның арасында газдардың алмасуы үздіксіз жүреді.. Қалыпты жағдайда кан атмосфера ауасымен тікелей карым-катынаска түспейді. Ауа көпіршігінің ауасын "тыныстың орталығы" дейді. Ол "сақтау орнында тұрған газ" тыныстык құбылыстардың барлык кезеңінде тұрақты газдар алмасуын қамтамасыз етеді.Газ алмасу өкпе кылтамырлары үстімен жанасқан ауа көпіршіктері бетінде өтеді. Қылтамыр және ауа көпіршігі, яғни екі мембраналық бет біртұтас қызмет аткаратын құрылымды түзеді. Оны ауа көпіршігі қылтамыр мембранасы деп атай-ды. 300 миллиард кылтамьгрларда 60-90 мл қан болады, олардың жалпы беті — 65-75 м2 . қылтамырларда айдалған қан жұқа, қалындығы 0,01 мм жылжымалы перде тәрізді леді. Сондықтан газдардын қысымының айырмашылығы аз болған жағдайда да мембрананын екі жағында газдардың теле-теңдігі камтамасыз етіледі. Ауа құрамында — 21% оттек, 0,03% көміркышкыл газы, 79% азот және аз мөлшерде су буы мен инертті газдар болады. Тыныс шығарғандағы ауа атмосфера ауасынан өзгеше. Мұнда — 16% оттек, 4% көміркышкыл газы бар. Су буының мөлшері жоғары. Өкпедегі газ алмасу оттек пен көміркышкыл газдарының қанық-пасының айырмашылығына негізделеді.
Оттектін қаныкпасы өкпедегі көпіршіктердін көктамыр қылтамырларындағы көмірқышкыл газына қарағанда едәуір жоғары. Сондықтан өкпе көпіршіктерінен оттек қылтамырлар қабырғасы арқылы қанның құрамына өтеді. Одан соң эритроцит құрамындағы гемоглобинмен қосылып, оның тұрақсыз оксидін, яғни оксигемоглобин түзеді. Ұлпада қызылтамыр қаны кызылтамырлар арқылы газ алмасуын жүргізеді, Ұлпада О2 қызылтамыр қанына қарағанда едәуір төмен. Сондықтан оттек қызылтамыр қанынан ұлпаға етеді. СО2 қанықпасы, қызылтамыр қанына қараганда ұлпада жоғары↑, Кіші канайналым шенберімен өкпеге келген көктамыр қанында СО2 каныкпасы өкпе көпіршіктеріндегі ауаның құрамына қарағанда жоғары. Бұл СО2 көктамыр қанынан ауа көпіршігіне өтуіне себепіні болады.
Газ алмасу дегеніміз — оттектің немесе көміркышкыл газының қысымы жоғары орталықтан қысымы темен орталыкка өтуі.
Ағзада тыныс алу үздіксіз жүріп отырады. Адам 1 минутта 15-18 рет тыныс алып, дем шығарады.
Тыныс алу түрлері. Тыныс алу оттектің қатысуына байланысты екі түрлі топқа бөлінеді: аэробты тыныс алу және анаэробты тыныс алу. Аэробты тыныс алу- оттек қатысында жүретін тыныс алу түрі.(Оттегі+ глюкоза →энергия+ көмірқышқыл газы+су) Анаэробты тыныс алу- оттек қатысынсыз жүретін тыныс алу түрі.( глюкоза →Сүт қышқылы+ энергия)
2) Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.
Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді:
R' - О - R"
R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады.
Сахароза С12Н22О11. Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында, сәбізде, қауында, қайың мен үйеңкінің шырындарында болады.
Сахароза — ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184-185° С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі. Сахарозаның ерітіндісі мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді. Сахарозаны күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен қыздырғанда, "күміс айна" түзілмейді. Бұл сахароза құрамында альдегид тобы жоқ екенін дәлелдейді.
Сахарозаны қышқыл қатысында қыздырғанда гидролизденіп, екі моносахарид — глюкоза мен фруктоза түзіледі: C12H22O12 + H2O → C6H12O6 + C6H12O6
Мальтоза — екі глюкоза қалдығынан құралған табиғи дисахарид; С12Н22О11. Ол крахмалдың құрылымдық фрагменті. Бос күйінде көптеген өсімдіктерде, әсіресе өнген арпа құрамында кездеседі. Мальтоза жартылай ацетальгидроксилінің кеңістікте орналасуына байланысты. Суда жақсы, пиридинде шектеулі түрде ериді, ал спиртте, эфирде ерімейді. Дәмі тәтті. Мальтозаны синтетикалық жолмен D-глюкозадан және крахмалға амилазамен әсер ету арқылы алады. Мальтоза микробиологияда құнарлы орта компоненті болып табылады.
Билет 17
1) Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Ақуыздардың құрамы және құрылысы Ақыздардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Ақуыз молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әртүрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр ақуызда а-аминқышқылдары тек осы ақуызға ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа ақуызының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет ақуызының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген ақуыздардікі > 300000 шамасында. Олар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір ақуыздардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Ақуыздар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән ақуыздары бар. Барлық ақуыздар 20-дан астам әртүрлі а-аминқышқылынан құралады. А-аминқышқылдарының жалпы формуласы: R—CHNH2—COOH
Ақуыз түзілетін a-аминқышқылдарының радикалды құрамында
ашық тізбек те, тұйық тізбекті әртүрлі сақиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.[1]
Ақуыздардың организмдегі өзгерісі Ақуыздар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқынщылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән ақуызын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі ақуыз емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады.[1] Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.
Билет №18
1. Микроорганизмдердің амин қышқылдарын, витаминдерді, антиобиотиктерді, ферменттерді, гибберелинді, гармондарды жә»е басқа да әр түрлі бағалы биологиялық активті заттарды түзетіні біраздан бері белгілі болды.
Соңғы жылдары белок синтезіне қажетті амия қышқылдарын өндіруге баса назар аударылуда. Бұрын оларды қүрамында белогы мол бағалы шикі заттардан гидролиздеу жолымен өндіретін еді және ол еңбекті көп қажет етеді. Соңғы он жыл ішінде амин қышкылдарын микробиологиялық жолмен өндіру зерттеліп, табылды.
Амин қышқылдарының ішінде ен, алғаш өндірілген — глютамин. Жапония ғалымы Киносита табиғаттан ерекше микрококкус глютамикус деп аталатын микробты тауып, одан осы қышқылды ендірді. Бұл микроб қоректік ортаға қосылған глюкозаның 50%-не жуығын глютамин қышқылын түзуге жүмсай алады екен. Қазір Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарында арнаулы заводтарда бүл қышқылды жылына жүздеген мың тоннадай өндіреді. Глюта-мин қышқылы тамақ өнеркәсібінде азық-түлікке қосылады, оның сапасын жақсартады. Глютамин кышқылын медицинада иервтік ауруларды емдеуге де қолданады.
Белок молекуласындағы маңызды амин қышкылдарының бірі — лизин. 2,1 кг жасанды лизинді бір тонна азыіққа қосып шошқаны сырағанда, оның қосқан салмағы орта есеппен 13,6%, ал протеин шығынын 20—25%-ке дейін кемітеді. Бұл амин қышқылы рацион-нын ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып есептеледі.
Ал лизинді қосқанда нанның кұнарлылығы артады. Лизинді көп мөлшерде — бактериум аэрогенес, бактериум протеус, спора түзу-шілерден — бациллус субтилис, ашытқы саңырауқұлақтарынан — торула утилистен өндіреді.
Егер де ультракүлгін сәулемен әсер етсе микрококкус глютами-кус едәуір мөлшерде лизин түзе алады. Қазір бүдан өнеркәсіптік жолмен лизин өндіру қолға алынды.
Лизинді қазіргі кезде Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарын-да және басқа да елдерде жылына ондаған мың тоннадай мөлшерде өндіреді.
Бүкіл одақтыіқ өнеркәсіптік микроорганизмдер генетикасы мен селөкциясы ғылыми-зерттеу институтында лизинді мол беретін микроорганизмдер табылды. Осының негізінде Арменияда жылына 1000 т кристалл лизин өндіретін завод іске косылды.
Соңғы жылдардағы зерттеулер басқа амин қышіқылдарын —ва-линді, метионинді, триптофанды және аланинді түзетін микроорга-низмдер барлығын анықтады. Алдағы мақсат — олардың өндіріске жарамды топтарын таңдап алу және амин қышқылдарын өндіруді жолға қою.
Белок тіршіліктің тірегі екені жүртка мәлім. Бірақтагосы белок-тың жер бетіндегі тіршілікке жетіспейтіндігі анықталып отыр. Сондықтан белокты молайтуда микроорганизмдердің зор практика-лық маңызы барлығы дәлелденді.
Биологиялық активті заттарды микроорганизмдердің басқа топтары да түзе алады. Микробтар түзетін заттардың ішіндегі маңыздыларының біріне гетероауксин жатады. Ол алғаш рет ризофус деген саңырауқұлақтан алынды. Сонымен бірге, ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің де клеткаларында кездесетіні анықталды.
2.Көмірсулар Құрылысы,қасиеті.Тамақтанудағы рөлі.
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар — химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік К. немесе моносахаридтер және полимерлік Көмірсулар— молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (Көмірсуларды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады.
Тамақтанудағы рөліғ:Көмірсулар тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (клетчатка, пектин заттары) полисахаридтер.
Көмірсулар негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 %-ға дейін қамтамасыз етеді (кесте 2,3). Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 кКал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене жұмысы кезінде бірінші кезекте көмірсулар шығын болады, олдардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар белоктарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен белоктардан айырмашылығы олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.
Көмірсулардың құрылымы:Көмірсулар құрамына көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі органикалық қосылыстар 1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар.
Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан дисахарид түзіледі. Оның мысалы ретінде қызылша қанты – сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге болады.
Билет №19
1.Белоктардың биологиялық бағалығы.
Белоктардың биологиялық бағалығы олардың аминықышқылдарының құрамына байланысты екені бізге белгілі, бұдан жоғары, жоғары емес биологиялық бағалы және толық емес белоктар (А.Э.Шарпенак) ажыратылған. Бірінші топқа (жоғары биологиялық бағалы белоктарға) организмде тиімді барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдар бар белоктар жатады, яғни аминқышқылдардың құрамы бойынша олардың денелерінің белоктарына ұқсас. Екінші топқа (жоғары емес биологиялық бағалы белоктарға) барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдар бар белоктар, бірақ организмге тиімді емес. Үшінші топқа (толық емес) ауыстырылмайтын бір аминқышқыл болсын жетіспейтін белоктар жатады. Ең алдымен белокты жиі толық, ал екіншіден және үшіншіден толық емес деп аталады.Аса жоғары биологиялық белсенділікке жануар текті белоктар (ет, сүт, балық) ие және бірінші тауық жұмыртқасының белогы. Айтылған тамақтар белок көздеріне бай. Бұл тағамдардың жоғары белоктық құрамы (6 дан 25% дейін және жоғары) аминқышқылдарының толықтылығымен сипатталады, ол «идеал» амминограмма шкаласына жақын жануар текті тағамдар аса жоғары емес биологиялық бағалығы бар (белок, желатин, дәнекер ұлпалары – эластин, коллаген т.б.) белоктармен құралған. Мысалы, эластин мен коллаген құрамында маңызды ауыстырылмайтын аминқышқылдары – триптофан болмайды. Сонымен қатар, коллаген мен желатин құрамында цистин болмайды, бірақ олар биологиялық маңызды. Өсімдік текті тағамдық азық-түліктердің ішінде белоктарға бай дақылдар атбас бұршақты (бобовые) және дәнді дақылдар, олардың өңделген түрлері – ұн, жарма, макарон, нан ж.т.б. бұйымдар. Бірақ айтылған тағамдар биологиялық бағалығы аса жоғары емес белоктарға жатады, оларда лизин төмен. Бұршақ пен жүгеріде белоктар, триптофандар төмен. Өсімдік текті тағамдардың ішінде жоғары биологиялық бағалы белоктары бар тағамдар да кездеседі, мысалы, сояда, капустада, картопта. Расында, капуста мен картоп құрамында белоктар өте аз (1-2%), жеке алынғанда олар тамақтануда белоктардың көзі ретінде онша мәні жоқ. Кейбір кездерде өсімдікті белоктарға қатынас өзгерген жоқ. Осылай өсімдікті белоктардың маңызды ролі анықталған, олар жануарлардың белоктарының қатысымен бірге аминқышқылдарын толықтырып және өте белсенді биологиялық аминқышқылдар кешенін тудырады. Пайда болған аминқышқылдардың кешені физиолгиялық толықтылық пен аминқышқылдарының клетка ішілік синтезінің процестері үшін жоғары қолдануын қамтамасыз етеді. сонымен қатар өсімдікті белоктар азотты тепе-теңдікті қамтамасыз ететін азотпен организмді қамтамасыздандыратын негізгі рольді атқарады. Адамдар таза белоктармен емес, белоктардың қоспалары бар әр түрлі тамақтық азық-түліктердің кешенімен тамақтанады. Тәжірбиелік көзқарастар бойынша, жеке алынған белоктар (аминқышқылдар) емес, олардың әр түрлі тамақтық азық-түліктердегі қоспалары маңызды. Осыған байланысты жеке тағамдардың белоктарын айтқанша жоғары және жоғары емес биологиялық бағалы белоктардың қоспаларын (М.Г.Каримов) қарастырған дұрыс.
2.Ас қорыту процесіндегі майлардың алмасуы.
Майлар — глицерин мен май қышқылдары, немесе май эмульсиясы түрінде сіңіріледі. Глицерин суда жақсы еритін болғаңцықтан оңай сіңіріледі. Май қышқылдары суда ерімейді, сондықтан олардың сіңуі үшін өт қышқылдары қажет. Орташа ұзындықты тізбектен құралған май қышқылдары (С12) өт қышқылдарының қатысуымен тікелей қанға сіңеді. Ұзынтізбекті май қышқылдары, моно-, диглецеридтер, холестерин өт қышқылымен қосылыс түзген соң тасымалдаушылар әрекетінің арқасында эпителиоциттерге өтеді. Бейтарап майлар да мембрана арқылы эпителиоциттерге сіңеді. Бұл Жасушаларда үш глицеридтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеиті қабыкпен қапталады да, хиломикрон түзіледі. Хиломикрон құрамында 87 % үшглицеридтер, 7 % фосфаттар, 1 % белок, 5 % холестерин болады. Хило-микрондар лимфаға сіңеді.
Майдың алмасуы, ағзада май дене салмағына байланысты 10-20% тен. Майдың алмасуы бұзылып, адамды май басқанда оның мөлшері 50%-ке жетеді. Май негізінен ішектен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға да араласып, сінеді. Араласып сіңген май тікелей май ұлпасына барады. Май алмасуда бауырдың қызметі күшті. Ағзаға май жетіспеген жағдайда ол көмір сутегін түзілу арқылы майға айналдырады. Майлар судан жеңіл, тығыздығы 0,9—0,95 г/см³. Суда ерімейді, көптеген органикалық еріткіштерде (бензол, бензин, дихлорэтан) ериді. Майдың балқу температурасы оның құрамындағы карбон қышқылы қалдығына байланысты. Құрамына қанықпаған қышқыл қалдықтары кірсе, май төменгі температурада балқиды. Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді. Өсімдік майы, әдетте, сұйық, ал жануар майы қатты болады. Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы, ал өсімдік майларының қаттысы да кездесіп қалады. Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамына кіретін карбон қышқылының табиғатына байланысты. Құрамына қанықпаған карбон қышқылының қалдығы кірсе, май сұйық, ал қаныққан қышқыл қалдығы кірсе, май қатты болады
Билет №20
1. Майлардың орташа тәуліктік қажеттілігі белоктардың қажеттілік нормаларына жақын. Ер ададар үшін ол 70-154 г/тәулік ( 1,0-2,2 г/кг) аралығында, әйел адамдар үшін 60-102 г/тәулік (1,0-1,8 г/кг). Май рационының биологиялық құндылығы жетіспейтін өмірлік маңызды құрам бөліктерімен бірін-бірі толықтыратын, жануар текті майлар мен өсімдік майларын араластырып қабылдағанда жоғарылайды. Үлкен адамдардың рационына 70 % жануар текті 30 % өсімдік майларын кіргізгенде оптималды болып саналады. Өйткені қанықпаған май қышқылдарының негізгі бөлігі өсімдік майларында.Үлкен адамдарға КҚМҚ (ПНЖК) қажеттілігі 3-6 г/тәулік (рационның клориясының 3 %), фосфотидтердің қажеттілігі 10 г/тәулік Үлкендерге қарағанда майлардың қажеттілігі балаларға 2-3 есе жоғары. Бір жасқа дейін олардың қажеттілігі белоктардың қажеттілігінен едәуір жоғары-6,5-5,5 г/кг дене массасына (3-ші кесте) және 7 айлық жасына дейін жануар текті майлармен берілген. Бір жастан асқан балалар үшін майлардың қажеттілігі белоктардың қажеттілігімен бірдей. Бұл жағдайда жасына байланысты өсімдік майларының үлесі біртіндеп өсе береді: 7 айдан-3 жасқа дейін 10 %, 4-6 жаста –15 %, 7-10 жастағыларда және одан да үлкендерде –20 %
КҚМҚ (ПНЖК) қажеттілігі үлкен адамдарға қарағанда балалар үшін жоғары.
2. Аминқышқылдар - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар: H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин)Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.Құрамында әр түрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың кұрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Белок биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі.[1]
1. Алмасатын (эссенциальды).
Адам ағзасында синтезделінбейді (оларға амин қышқылының 8- түрі жатады). Міндетті түрде адам ағзасына тағаммен енеді: (метионин, трионин, лизин, лейцин, изолейцин, валин, триптофан, фенилаланин,), ал жарым-жартылай алмасатындарға амин қышқылының 2 түрі жатады: - аргинин, гистидин.
2. Алмаспайтын – амин қышқылының бұл түрі адам ағзасында синтезделінеді. Олардың 10 түрі белгілі:
1.Глутаминқышқылы.2.Глутамин.3.Промин.4.Аспарагинқышқылы.5.Тирозин6.Цистеин.7.Серин.8.Глицин.9.Аланин.10. Аспарагин.
Билет №21
1.Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсудың қызметі
1. Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1 г глюкоза 17,1 кДж (4,2 ккал) энергия бөледі
2. Құрылымдық қызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша жарғақшасы құрамына целлюлоза кіреді.
3. Қор жинау қасиеттеріне ие. Крахмал мен гликоген глюкоза көзі.
4. ДНҚ, РНҚ және АТФ компоненттері.[1][2]
Адамның дене салмағының 1%-ы көмірсулар. Табиғи тағамның құрамында көмірсулар көбіне моно және полисахаридтер күйінде кездеседі. Көмірсулар асқорытумүшелерінде қантқа (глюкозаға) дейін ыдырап, ұлпаларға таралады. Көмірсулардың ыдырауы кезінде соңғы өнімдер ретінде су мен көмір қышқыл газы бөлінеді. Көмірсулар қанның құрамындағы қант мөлшерінің тұрақты болуын реттеуге катысады. Қанның құрамында қанттың мөлшері үнемі 0,12% қалпында тұрақты болады. Ағзаға түскен артық қант гликоген түрінде бұлшықеттерде және бауырда қор ретінде жиналады. Гликоген ағзаның қарқынды іс- әрекеті кезінде қажетті жұмыстарға жұмсалады. Көмірсулар тамақ құрамында аз болса, ол ағзадағы нәруыздардан, майлардан да түзіледі. Егер көмірсулар тағаммен ағзаға көп түссе, майға айналады. Су мен минералды тұздардың алмасуы. Адамның дене салмағының шамамен 60%-ы су. Балалардың ағзасында су ересектерге қарағанда едәуір көп. Адам ағзасындағы жеке мүшелердегі судың мөлшері де түрліше. Мысалы, бауырдың, бұлшыкеттердің, көкбауырдың салмағының 80%-ға жуығы су. Сүйек ұлпасында су - 20%-дай. Су тағамның құрамындағы ағзалық және бейағзалық заттарды ерітеді, дене температурасын реттейді. Ағзада жүретін химиялық реакциялардың барлығы да тікелей судың қатысуымен жүреді. Судың алмасуы минералды тұздардың алмасуымен байланысты.
2. Ас қорыту жолында белоктар мен амин қышқылдарына дейн ферментатифті гидролиз жолымен ыдырайды. Ферментатифті гидролизді протеолиз деп те атайды.
Белоктар протеолизі ағзаның кез келген жасушасында протеолиттік ферменттер тобының әсерінен жүреді. Протеолиттік ферменттерді қазіргі номенклатура бойынша пиптидгидролаза деп, ал ескіден қалыптасқан атаулары б-ша протеза немесе протейназа д. а. Бұл ферменттер белок молекуласының пептидттік байланыстарының гидролиттік ыдырауын катализдейді.
Амин қышқ. ыдырауы. Адам ағзасында амин қышқ нег көзі белок. Ас қорыту жолдарында белоктар ферменттер қатысыуымен жүреін гидролиз нәтижесінде амин қышқ түзеді. Қанға түскен амин қышқ ағзаның басқа мүшелеріне ұлпаларға таратылып негізгі бөлігі белоктардыңбиосинтезі үшін қолданылады.
Билет№22
1.Липидтер деп бейполяр еріткіштермен (эпир, хлороформ, бензол,алкандар т.б.) өсімдіктер немесе жануарлар ұлпаларынан экстракция(шаймалау) арқылы бөлініп алынатын органикалық заттар қоспасының құрамдас бөліктерін айтады.
Липидтердің жіктелуі
Липидтердің сілтілік ортада жоғары карбон қышқылдарының тұздарына, яғни сабынға дейін гидролизденуіне қарай сабынданатын жане сабынданбайтын болып екіге бөлінеді.
Сабынданатын липидтер жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай липидтер гидролизденгенде спирт және жоғарғы карбон қышқылдарын түзеді. Жай липидтерге: балауыз, сұйық және қатты май жатады.
Балауыз- жоғары бір атомды спирттер мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері. Адам мен жануар денесін кеуіп қалудан сақтайтын қорғаныш қасиет көрсетеді.
Сұйық және қатты май (бейтарап майлар, глицеролипидтер, үшацилглицериндер)- жоғары май қышқылдарының глицеринмен эфирі. Табиғатта көп тараған майлар- аралас үшацилглицериндер.
Майлардың құрамындағы жоғары карбон қышқылдары қаныққан болса- қатты май түзеді, карбон қышқылыныңқалдығы қанықпаған болса-сұйық май түзеді.
Күрделі липидтер үш үлкен топқа бөлінеді- фосфолипидтер,сфинголипидтер және гликолипидтер.
Фосфолипидтер- гидролизденгенде спирт, карбон және фосфор қышқылдарын түзеді. Карбон қышқылдар көбінесе қанықпаған болып келеді. Фосфолипидтер клетка мембранасының негізгі липидтік компоненттері. Табиғатта кең тараған үш фосфолипидтердің тобы бар: фосфатидилсерин, фосфатидилэтаноламин және фосфатидилхолин.
Сфинголипидтер- глицерофосфолипидтердің құрамындағы глицерин қанықпаған екі атомды спирт- сфингозинмен ауысқан. Мысал ретінде, нерв ткандерінде табылған, сфингозиннің N-айил туындысынан – церамид пен сфингомиелинді алуға болады.
Гликолипидтер-құрамында көмірсу қалдықтары бар фосфолипитердің туындысы. Гликолипидтердің негізгі өкілі- галактоцереброзид.
2. Белок заттары жасуша цитоплазмасының негізін құрайды. Ол топыраққа өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің өлекселерімен келіп түседі. Сөйтіп белокты заттар ыдырағанда одан аммиак бөлініп шығады. Сөйтіп, шіру барысында әр түрлі газ тектес заттар, бірінші кезекте көмір қышқылы, күкіртті сутек, аммиак және меркаптандар көптеп бөлініп шығады.
Үйқы безінің протеолитикалық ферменттерінің жетіспеушілігі қорытылмаған белоктардың нэжіспен шығарылуын тудырады. Қорытылмаған белоктар тоқ ішектің микроорганизмдерінің эсерінен ыдырауға ұшырайды. Бүл процесс - ішекте белоктардың шіруі деп аталады. Белоктардың шіруі кезіндегі аминқышқылдарын ішектің бактериялары энергетикалық материал ретінде пайдаланады, соньщ эсерінен улы заттар- спирттер, альде-гидтер, аминдер (путресцин, кадаверин, фенилэтиламин), күкіртсутегі, фенол, индол, скатол жэне крезол түзіледі, олар канға сіңіріледі, егер де уақытында залалсыздандырылмаса, ағзаға зиянды токсикалық эсер етеді. Ток ішектің бактерияларында улы заттардыц түзілуі аминқышқылдарының дезаминдену жэне декарбоксильдену реакциялары нәтижесінде жүреді. Декарбоксильдену кезінде өте токсикалық аминдер түзіледі, ал дезаминдену кезінде токсикалық болатын кетоқышқылдар, спирттер жэне альдегидтертүзіледі. Бүл аминдердің екеуі де (путресцин жэне кадаверин) өліктің улы заттары болып табылады:
Билет23
1. Сабынданбайтын липидтер
Сабынданбайтын липидтер қышқылдық және сілтілік ортада гидролизденбейді. Сабынданбайтын липидтерге терпендер мен стероидтар жатады.
Терпендер- ашық тізбекті(ациклді) құрылымдағы табиғи заттар. Табиғатта көптеген өсімдіктер терпендердің эфирлі майына бай. Терпендердің оттекті туындыларын терпеноидтар деп атайды.Терпендердің негізгі формуласы (С5Н8)n. Мұндағы адетте n=2-ден 8-ге дейін өзгеуі мүмкін. Формуласы С10Н16-заттар(n=2) терпендер, С15Н24-сесквитерпендер(n=3),С20Н32-дитерпендер (n=4) , С30Н48-тритерпендер(n=6), С40Н64- тетратерпендер(n=8).n>8 заттар политерпендердепаталады.
Терпендердің құрылысы
Ациклді монотерпенге лаврда және құлмақтың эфир майында болатын мирцен, раушан гүлінің эфир майында кездесетін гераноил және цитраль а альдегидін жатқызуға болады.
Моно- және бициклді терпендердің ішінде көп тараған ментан, каран, пинан және борнан.
Медицинада жүректің қызметін жақсартуға қолданылатын камфора мен бромкамфора терпендерге жатады.
Стероидтар-тірі табиғатта кең тараған органикалық заттар. Олардың құрылысының негізгісі циклді көмірсутек – циклопентанпергидрофенантрен болып табылады. Стероидтарға холестерин, стериндер, өт қышқылдары т.б. заттар жатады.Қазіргі кезде стероидтардың 20000-дай түрі белгілі, ал олардың жүз шақтысы медицинада қолданылады.
Стероидтар құрылысы
Холестерин- бір атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы бар. Адам организмінде 1/3бос күйінде болса, 2/3 эфир күйіндекездеседі. Дененің барлық ұлпаларында болады, ол әсіресе жұлын мен бас миында көп.
Холестериннің атқаратын қызметі:
1. Клетка биомембранасының аққыштығын, тұтқырлығын қамтамасыз ететін маңызды бір құрамды бөлігі.
2. Көптеген гармондар, өт қышқылдары, Д витаминін құраушы витамин топтары осы холестериннен синтезделеді.
3. Атеросклероз және осы науқаспен тығыз байланысты инфаркт, инсульт сияқты жүрек аурулары да холестериннің адам организміндегі айналымымен, оның өзгеруімен тығыз байланысты.
Барлығы 150гр жуық холестерин болса, организмде, оның 10%қанда, 90% мембранада болады. Адам қанында холестериннің мөлшері 130-250мг% дейін болады, ол адамның жасына байланысты. Холестерин қалыпты мөлшерден көп болса, адам- атеросклероз ауруына шалдығады.
Аеросклероз- грек тіліндегі екі терминнен тұрады ather– бидай ботқасы; sclerosis- қатты. Осы екі сөздің мазмұны атеросклероз ауруына қысқаша түсінік бере алады, яғни атеросклероз кезінде қан тамырларының қабырғалары зақымданады, алғашқы кезде ботқа сияқты болып тұнбаға түскен холестерин, кейінірек қатаяды. Холестериннің қандағы мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым жүрек ауруларының инфаркт, инсульттің даму мүмкіндігі күшейеді.
Стериндер- холестериннің құрылымымен байланысқан холестан туындылары. Оларды зоостериндерге, фитостериндерге және микостериндерге бөледі. Зоостериндер жануарлар ағзасында кездеседі. Оның құрамында көміртектің 27 атомы бар.
Холестан – стероидтар қаңқасының түбірлі атауы.
Өт қышқылдары- холан көмірсутегінің туындылары. Оларды сонымен қоса, холан қышқылының гидроксилді туындылары ретінде де қарастырады. холий және дезоксихолий қышқылдары өт қышқылдарының өкілдері. Бұл қышқылдар адамның және ірі қара малдың өтінде болады.
2.
Билет24
2.Инсулин (лат.insulinum insula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақ-сы жетілген.Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады.
Қызметі: инсулин - карапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.Гликоген- глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6-6,7 миллимоль/ л. Глюкоза - ағза үшін энергетикалык және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышкылдардың тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптегеген реакциясына катысады. Инсулин гормоны жетіспегенде (азбөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/ л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген қоры азайып, қанда глюкоза мен май кышқылы көбейеді. Жасушада аминкышкылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зәрдің кұрамында глюкоза пайда болады.
Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет.
Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет.
1. Организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, жүйке жүйесі үшін холестерин маңызды рөл атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның сарыуызында, уылдырықта, бауыр, бүйрек те едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырлық қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, өтке тас байлана бастайды,атеросклероз ауруын асқындыра түседі.Холестерин – мал және адамдағы барлық стероидты гормондардың заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі. Олар майлардың қорытылуына және майлардың сіңуіне қатысады. Май жасушасы (жировая клетка, липоцит); (lipocytus, грек, lipos —май, kytos — жасуша) — организмдегі қорланған май ұлпасын түзетін жасушалар. Май жасушасын — адипоцит немесе липоцит деп те атайды. Пішіні дөңгелек келген липоцит цитоплазмасында липидтер түзіледі және қорланады. Липоцит цитоплазмасындағы май тамшысының қүрамына, негізінен үшглицерид (триглицерид) және бүдан басқа, фосфолипид, холестерин, бос май қышқылдары кіреді.
Билет 25
1.Өт– адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол асқабылдау мерзіміне сәйкес келеді.Өт қышқылы тұздарының ас қорытудағы әсері. Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. – 1,010 – 1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті.Өт қапшығы өтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер,холестерин , май қышқылдар,,аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 – 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 – 700 мл өт бөледі.Жануарлардың әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады.
Организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, жүйке жүйесі үшін холестерин маңызды рөл атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның сарыуызында, уылдырықта, бауыр, бүйрек те едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырлық қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, өтке тас байлана бастайды,атеросклероз ауруын асқындыра түседі.Холестерин – мал және адамдағы барлық стероидты гормондардың заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі. Олар майлардың қорытылуына және майлардың сіңуіне қатысады.
