Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Samal_agay_tolyk_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.57 Кб
Скачать

28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.

29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары

  Ә.Қоңыратбаев – қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті ғалымы, фольклортанушы, этнограф, түркітанушы әрі алғашқы кәсіби шығыстанушылардың бірі. Қазақ ғалымы Ә.Қоңыратбаев өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында өзінің прозалық және поэзиялық туындыларымен көрініп, әдеби сын, фольклортану, шығыстану, түркітану, әдебиет тарихы, әдебиетті оқыту әдістемесі, көркем аударма салаларында жемісті еңбек еткен қаламгер.

        Ә.Қоңыратбаев – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеушілердің бірі. Өткен жылдар өткеліне көз жіберер болсақ, Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми шығармашылығы өзінің тиісті бағасын ерте алғанын көреміз. Ғалымның ғылыми ізденістерін ұлы жазушыларымыз М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, аса көрнекті ғалымдар Ғ.Мұсабаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Дүйсенов, Ә.Құрышжанов, Ә.Әбілақов, Ә.Байтанаев ерекше атап өткен. Ә.Қоңыратбаевтың еңбектерін алғаш жоғары бағалаған ғалым-академик М.О.Әуезов Ғалымның «Қазақтың лиро-эпосы» атты еңбегіне орай жазылған пікірінде былай келтірген: «Бүгінде біз Ә.Қоңыратбаевты кеңестік Қазақстанның талантты ғалымы ретінде тануымыз керек», - деп ғалымның ғылыми шығармашылығына қырқыншы жылдарда – ақ берген бағасы болатын (1).

        Ә.Қоңыратбаевтың басты зерттеулерінің жарыққа шығуына ізбасар ұлы Т.Қоңыратбаевтың қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Т.Қоңыратбай – ата кәсібін жалғастырушы мұрагер. Ә.Қоңыратбаевтың 100 - жылдығы қарсаңында ғұламаның 10 томдық шығармалар жинағын құрастырып, редакциялап, жарыққа шығарып отыр. Әр кітабы 30-35 баспа табақ құрайтын 10 томдықты дайындаудың өте күрделі жұмыс екені белгілі. Бұл еңбегімен Т.Қоңыратбай әке алдындағы парызын өтеумен бірге өзініңде еңбекқорлығын анық танытып отыр. (2)

        Ә.Қоңыратбаев - әдебиеттану ғылымының барлық саласына бірдей қалам тартқан білікті ғалым, зерделі зерттеуші. Оның ғылыми еңбектерінің ең үлкен саласын фольклористика құрайды. Ғалым тек жинақтау жұмыстарымен шектелмей, халық мұрасының озық үлгілерін баспасөз бетінде жариялап, насихаттап отырған.

         Ғалымның жеке архивінде қалған халық мұрасын зерттеп, зерделеген Т.Қоңыратбаев біраз дүниелер жарыққа шығарды. Оның ішінде Сыр елінің даңғар ақыны Нұртуған Кенжеғұлдың «Тағаймұрат», «Ақкете Шернияз», «Шұбырынды ақтабан» секілді көлемді дастандары, көптеген өлеңдері де бар. Әкеден қалған ұлы мұраларды жинақтап, көпшілік назарына ұсыну да ғалым еңбегінен негізгі арқауына айналып отыр. Т.Қоңыратбаев өзінің бір сөзінде: «Бүкіл саналы ғұмырын халық мұрасын жинауға бағыштаған ғұлама ғалымның фольклорлық-этнографиялық қызметін бір еңбекпен толық қамтып көрсету мүмкін емес. Халық мұрасы каншалықты мол, ауқымды болса, оны жинаушы Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми мұрасы да соншалықты бай әрі мазмұнды. Олай болса ғалымның жинаушылық, зерттеушілік қызметінің қазақ фольклористикасының назарына ілігуі әбден орынды. Сол негізде біз қазақ фольклористерінің қатарына тағы бір есімді қосамыз. Ол – халық мұрасының қамқоры әрі үлкен жанашыры, профессор Ә.Қоңыратбаев».

         Ғалымның ғылыми бағытта әдебиетті оқыту әдістемесі көшбасшыларының бірі десек қателеспейміз. Бұған дәлел әдебиетті оқыту әдістемесі жеке-дара ғылым саласы ретінде елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың бас кезінде қалыптаса бастаған. Сол кезеңдерде көптеген ғылыми мақалалар мен күрделі еңбектер жарық көріп, оларда әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми және тәжірибелік мәселелері қарастырылады. Осы жаңа ғылыми бағыттың басында профессор Ә.Қоңыратбаев тұрған еді.

         Ғалымның ғылыми-шығармашылық ізденіс негізінде «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» (1962) көлемді еңбегі жарық көрді. Республикадағы ғылыми-тәжірибелік негізде жазылған тұңғыш әдістемелік оқу құралы болатын 1966 жылы «Әдебиетті оқыту методикасы»  деген еңбегі жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектері тиісті бағасын алып отырған. Ә.Қоңыратбаев – республикамыздағы әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін салған ғалымдардың бірі. Ғалым соналы ғұмырының соңғы жылдарына дейін оқытудың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне арнап мақалалар жариялап, мұғалімдерге ғылыми-әдіскерлік жәрдем бере отырып, оқыту сапасын арттырған.

Қуғын-сүргінді көп көрген Әуекең мектепте қарапайым мұғалім болып қызмет атқарған жылдарында әдебиетті орта мектепте оқытудың сан-алуан қыр-сырларына терең үңіле отырып,өзінің көл-көсір білімінің әдебиетті оқытудың оңтайлы, тиімді әдіс тәсілдерін ойлап табуға да жұмсады. Қоңыратбаевтың әдебиетті оқытудың әдістемесі төңірегіндегі ой-пікірлері, қалыптасқанғ негізделген көзқарас чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменкийдің ілімдерінен бастау алып жататын. Я.А.Коменский өз кезіндегі Еуропада қалыптасқан риторикалық оқуды сынап, оның кемшілігі баланың сезіну қабілетін атап өтіп, оның ақылын дамытуды ғана көздегені деп атап айтқан. Я.А.Коменский оқушының оқу, білу арқылы қабылдауында сезуді, сезімді бірінші орынға қояды. Оқушы қай затты болса да бес сезім арқылы (көру, сезу, қол, тіл, сипау) танып біледі. Я.А.Коменский: Оқушыға керегі сөз, ереже емес, көркем сөздің өзін төтелеп оқып, содан білім, әсер, қоғамдық таным алу дейді. Оқушының сезінуі мен сезімнің негізінде әйтеуір бір зат, обьект жататын болғандықтан зат оқуын негіздеу Я.А.Коменский ілімінің басты бағыты болып табылады.

Қоңыратбаев Я.А.Коменскийдің осы ілімінің өзінің мектеп мұғалімі тұрғысынан жинақтаған мол тәжірибесіне сүйене отырып әрі қарай дамыта түсті. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиетті оқыту әдістемесінің қарапайым формуласы жинақтау, талдау, жинақтауға ғана құрылған. Бұл жерде әңгіменің көркем текст төңірегінде, әдебиеттік оқу жайында болып отырғанын ұмытпайық. Әуекең әркез көркем тексті бірінші атайды. Әуекең формуласы бойынша әдеби оқудағы алғашқы саты оқушыларға тексті оқытып, оның мазмұнын игерту, осыдан кейін барып көркем шығарманың тақырыбын тапқызсақ, бұнымыз алғашқы жинақтау болып табылады. Оқушы бұдан кейін шығарманың формасын таниды, бұл танымның ғылыми сатысы, ақыл категориясына құрылған жұмыс. Бқны шығарма идеясын тапқызу арқылы жинақтаймыз. Талдау осы екі жинақтаудың өн бойында өздігінен жүріп жатады. Осы үш саты, Ә.Қоңыратбаевтың негіздеуінше, оқушының жүйелі түрде жаттығуы арқылы білім алуы барысындағы дағдысына айналады. Оқушылар үшін әдеби оқулар тұсында білім алу дағдысы қалыптасса, бұл үлкен жетістік.

Әдебиет сабағының мазмұнына келгенде Ә.Қоңыратбаев Я.А.Коменский ілімінен тудырып үш оқу қағиданы ұстанады. Бұл қағида бойынша білімнің негізінде әуелі зат, көркем текст, содан соң талдау, соңында қорыту тұрады.

Бірінші оқу, демек, бұл қағида бойынша мазмұндық оқу болып табылады. Мазмұндық оқуды Әуекең сезімдік оқу деп негіздейді. Мазмұндық оқу бойынша оқушылар көркем текстің өзін оқып, содан тікелей білім, эстетикалық-қоғамдық таным, әсер алады. Ә.Қоңыратбаев білім алу үшін маңызды мазмұндық оқуды үш түрге бөліп түсіндіреді. Олар: ауызна мазмұндау, кейіпкер тарихына құрылған мазмұндау, көркем мазмұндау. Оқушылар осы мазмұндаулар тұсында жаттығады, көркем шығармалар бойынша мазмұндамалар жазады. Олардың бөлімдеріне өз ұғым, түсініктерінің негізіндетақырып қояды. Бұлайша мазмұндаулар оқушының өзіндік ойын,тілін дамытуда, сондай-ақ олардың білім алу дағдысын қалыптастыруда айрықша маңызға ие. Ә.Қоңыратбаев өзінің әдебиетті оқыту ілімінде білім мен тәрбиенің негізі осы мазмұндаулардажатыр деп санайды.

Ә.Қоңыратбаев әдістемесінде мазмұндық оқудың екі сатысына үлкен мін берілген. Оның бірінші сатысы – көркем шығарманың өзіндік мазмұны яғни заттың өзі. Екінші саты шығарманың көркемдік идеясы. Бірінші саты оқудан кейін, екінші саты талдаудан соғ үйретіледі, меңгеріледі. Бұл жердегі көзделген мақсат қалай болғанда да шығарма мазмұнын оқушыға игерту, көркем текст мазмұнын оқушыға игерту, көркем текст мазмұнын оқушы санасында бекіту, Ә.Қоңыратбаев әдістемесінің негізі мазмұндап оқыту, сезімдік оқу, тікелей затпен, көркем шығармамен жұмыс істеу дейтініміз сондықтан. Көркем шығарманың мазмұнын игерудегі логикалық тұтастықтың сақталуы, қайталау жаттығулары арқылы көркем тексті оқушыларға игертудің тиімді жолдарын қарастыру Ә.Қоңыратбаев әдістемесінің түпкі мақсаты осындай.

Ә.Қоңыратбаев әдістемесі бойынша екінші оқу көркем шығарманы талдауға негізделеді. Талдау барысында оқушылар заттық, сезімдік, нақты текстік оқудан алған білімі мен әсерін, дағдыларын ақыл-қабілеті бойынша топшылайды. Бүл кезең де білім игеру үшін, әсіресе білімді әдеби-эстетикалық тұрғыдан қабылдау үшін өте мағызды. Себебі бөл жерде еркін әрекет, ерікті қабылдау, өздігінен жұмыс істеу жүріп жатыр. Көркем шығарманы талдап оқу – оқушылардың білім игерудегі ғылыми саты.

Ә.Қоңыратбаев өз кезіндегі көріп куә болып жүрген әдебиетті оқытудағы олқылықтарды сынағанда, мектеп мұғалімдерінің көпшілік жағдайда мазмұндап оқуды осы талдаудан бастап, сабақты бір ғана баяндау әдісіне ғана сүйеніп жүргізетінін олардың басты кемшілігі деп атап өтеді. Ә.Қоңыратбаев өте дұрыс атап өткендей, оқу мен талдау, баяндау әдісіне негізделіп жаттығуға құрылуы тиіс. Ә.Қоңыратбаев дәлелдеуәнше талдаудың өзі, айталық, шығарманың формасын, тілін, образын, сюжеті мен суреттеу тәсілдерін меңгертуде жаттығудың жаңа бір сатысы ретінде жүргізілуі тиіс. Талдау жұмыстарының оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін жазба жұмыстарына сүйеленіпотыруы - Ә.Қоңыратбаев әдістемесінің басты ерекщеліктерінің бірі. Ә.Қоңыратбаев Дара, салыстырмалы, топтасқан мінездемелерді сан рет ауызша айтып, айтқанын жазбаша түсіріп жаттықпай, оқушылар мінездемеге түсіне алмайды дейді. Ә.Қоңыратбаев айтуынша, оқушының мінездеме жасап үйренуі, мінездемеге құрылған жазба жұмыстарына жатқызуы- оқушының өзіндік ойы мен тілін дамытудың негізгі көзі Әрбір мінездеменің бастамасын, дәлелдемесін және түйінін ойлауға, жжазуға үйретпесек, оқушылардың логикасы, өз бетінше ойлану қабілеті жетілмес еді. Сондай-ақ, көркем шығарманы талдап оқыту тұсында ауызша мазмұндауға, шығарманың мүшелерін жекелеп анықтап үйренуге көп көңіл бөлінеді. Талдап оқыту тұсында жазба жұмстарына, әсіресе, шығарма жаздыруға Ә.Қоңыратбаев әдістемесінен мол орын беріліп отыруы әдеби оқуды игерудегі оқушылар үшін маңызды компонент болатынын атап айтуымыз керек.

Ә.Қоңыратбаев Коменский іліміне сүйене отырып жасаған өзінің қағидасының үшінші сатысын шығармашылық оқу деп атаған. Шығармашылық оқу бойынша оқушылар алғашқы екі түрлі оқудың нәтижесін жинақтайды. Бұндай жинақтауға негізделген сабақтардың қорыту сабақтары болатыны түсінікті. Соңғы жинақтау яки қорыту сабақтары да Ә.Қоңыратбаев айтып, дәлелдеп кеткеніндей басқаға емес, текстің өзіне, көркем шығармаға негізделіп жүргізілуі тиіс.

Ә.Қоңыратбаев үшінші оқудың жүгінің ауыр, жауапкершілігінің үлкен екенің айта отырып, оның маңызды бірнеше элементтерін атайды, оларға сипаттама береді, бұл элементтердің оқыту әдістемесіндегі, әрбір сабақ жүргізудегі маңызына тоқталады. Олар:

а) сабақтың нәтижесін қорыту

ә) теориялық білім беру

б) теориялық дағдының жаттықтыруға негізделген тәжірибелік түрлері

в) жинақтау сабақтарының орталығында мақалдап, көркем оқу жұмысы.

Бұл элементтерінің көркем шығарма текстін жинақтау мен талдауда, сондай-ақ қорытындылауда аса маңызды болатыны қандай түсінікті болса, Ә.Қоңыратбаев бұлардың әрқайсысына нақты сабақтар мен көркем шығармалар арқылы жіті талдау жасайды теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан көптеген дәйектемелер мен дәлелдер келтіреді. Әсіресе, жас мұғалімдер үшін аса қажет пайымдауларға, ойларға толы бұндай әдістемелік пікірлер Ә.Қоңыратбаевтың ғалымдығының өзгеше сипаты ерекше қыры болатынын қадап айтуға тиіспіз.

Ә.Қоңыратбаев әдістемесінде әдеби оқудың принциптері мен мазмұнына қоса әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдеріне көп көңіл бөлінеді. Ә.Қоңыратбаев әдеби оқуда маңызды деп түсіндірмелі оқуды, практикалық оқытуда баяндау әдісін, әңгіме әдісін, эксперимент әдісін, көрнекілік әдістерді атай отырып, осыларды әдеби оқу бойынша өтілетін сабақтардың қайсысында қалай қолдануға болатыны жөнінде, олардың артықшылығы мен көпшілігі төңірегінде нақты мысалдармен кең көсіледі, терең талдау жүргізіледі. Өз кезіндегі Одақ көлеміндегі әдебиетті оқытуға, жалпы мектептегі оқыту әдістемесінің жай-жапсарына шолу, талдаулар жасап отырады. Жаңалықтар мен ізденістерді қалт жібермей қадағалап отыратыны Ә.Қоңыратбаев сол кездегі озық Липецк тәжірибесіне жасаған сараптама-талдауынан көрінеді.

 Ә.Қоңыратбаев әдебиетті оқыту әдістемесіне қатысты еңбектері жан-жақты ғылымның бір қыры ғана емес, орта мектеп тәжірибесінде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан қалыптасқан жүйелі ілім.

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]