Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Samal_agay_tolyk_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.57 Кб
Скачать

10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. 

Қазіргі білім беруде интерактивті тақтаны пайдалана отырып, дамыта оқытуға бағытталған дәстүрлі емес сабақтар , мысалы, қазақ тілі бойынша «Қазақ тілі зертханасы», «Сынақ сабақ» т.б деп аталып Н. Оразыханованың «Сатылай кешенді талдау» , СТО технологияларының элементтерін пайдалану –проблеманың шешімін табу құзіреттілігіне бағытталады. Математика пәні бойынша «Бизнес сабақ», «Математика көшбасшысы», «Ойшыл математик» түрінде құрылған сабақтар ақпараттық құзіреттілікке бағдарланған. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша «Сот сабақ», «Дебат сабақ», «Ертегі сабақтағы» әдістер коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруға арналған . 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, «заманымыздың сыншысы да, тарихшысы да жастар екендігін, олар ел болашағы мен тірегі» екендігін жиі айтып жүр. Сол себепті де, бүгінгі жастар білікті маман болумен бірге, өз ойын ашық айта алатын, мемлекет саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосуға қабілетті, қоғамдық өмір құбылыстарын жіті бақылап, оған сын көзбен қарап, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас орнату арқылы үлкен белсенділік танытуға бейімдеп тәрбиелеу – ұстаздардың қасиетті борышы.

Бұл бағытта заңнамалық талаптарды білудің де маңызы ерекше. Осы мақсатпен Ресейдің бірқатар мектептерінде тәжірибе түрінде мектепішілік соттар сабағы өткізіліп, жұмыс істей бастады. Мұндай соттардың отырысын сот ісін жүргізуде тәжірибесі бар судья төрағалық етеді. Ал, прокурор, адвокат және алқабилер міндетін оқушылар арасынан іріктеліп алынады.

Қазіргі кезде оқушылардың жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, жақсыны үйренуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында мектепте «Нашақорлықпен күрес» атты сот сабағын өткіздім. Оқушыларды сабаққа қатысты рөлдерде ойнату арқылы олардың қабілетін ұштап, заңдылықты білуге үйретумен қатар, теориялық білімін іс жүзінде көрсетуге, өз ойын жан-жақты дамытуға, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу арқылы заңнамалық талаптардың кімнің қалай түсінетіндігін білуге әрі оны тереңірек насихаттауға бағытталды. 

Шығарманың тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін түсіндіру үшін дәстүрлі емес сабақтардың қай түрін пайдаланар едіңіз.(Т.Әбдіков шығармалары бойынша)

Тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар» Сабақтың мақсаты: 1) Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу,тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін түсіндіру.

2) Тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; 3) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету. Сабақтың түрі: білімді жинақтау, бекіту. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірсайыс, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: жазушы портреті, сызба кестелер, нақыл сөз, мақал - мәтелдер, маркер. Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі, тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді. І. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар, топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық. Төлен Әбдіков Жазушы, драматург, аудармашы, хатшы, Редактор, сектор меңгерушісі, еуропалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері Келесі кезекте Төлен Әбдіковтің өмір жолын, қызметін, шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсетейік. II.Жаңа сабақ тақтаға жазылады, әр топқа тапсырма беріледі. І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. Тақырыбы: адамгершілік мәселесі Идеясы: баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы. ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымы. 1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі. 2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы. 3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары 4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні. 5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт 6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария 7. Қорытынды - Құлазыған көңіл ІІІ топ. Кейіпкерлерге мінездеме. Кейіпкерлері: Ерғабыл қарт Кемпірі Сапабек (ұлы) Тома(келіні) Жеңіс (немересі) Ауыл адамдары Аспандияр (әнші жігіт) Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт. Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек. Жеңіс. Аяқ - қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала. ВЕНН диаграммасы Айырмашылығы: Ерғабыл – ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым жан Айырмашылығы Сапабек – қала тұрғыны, жас, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш Ұқсастығы: Әкелі – балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей ІV. Топ. Жазушы тілі Сөздік жұмысы Алагеуім - таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ - сапақ Жолай - жолдан соғу, бару Шақша - насыбай салатын ыдыс Ноқта – Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел Сағағы - мойын, алқым Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу Қитар - жөнге бірбеткей қыңыр, қисық Теңеу Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті. Тұрақты тіркес Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді. Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау) Басым сынып – ауырып Шаш етектен - пайдасы мол Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу) Көз ілінді - ұйықтап кету Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар Балалар, сабағымыздың келесі кезеңі - пікірсайыс. Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз. Келесі кезекте әр топ қарсыласына дайындап әкелген сұрақтарын қояды.

11. Педагог ғалым Қ.Бітібаеваның әдебиет пәнін оқытудағы әдістемелік еңбектерінің маңызы.Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі»,»Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»Қ.Бітібаеваның Әдебиеттіоқытуәдістемесіеңбектерінің маңызы: әдебиеттіадамзаттыңғасырларбойыжасалғанмұрасысөзөнеріәріғылымретіндегіерекшелігінесүйенеотырып, оны халқымыздың «Көркемтарихы» , «Өміроқулығы» дәрежесіндеоқып – үйрету: 2.Әдебиетті өмірменбайланыстыра, өзіндіктабиғатынашаотырып, адамзаттарихыментығызсабақтастығынайқындау; әдебиеттіоқытуәдістемесініңтеориялық, методологиялықнегіздері. 3.Тарих, тілбілімі, музыка, бейнелеуөнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылымсалаларыменбайланыстылығықарастырылады."Құрмет" орденініңиегері, ҚР-ныңеңбексіңіргенмұғалімі, әйгіліұстазҚ.О.Бітібаеваныңқосқанүлесіұлан-ғайыр. Бүгіндеұстаздыңзерттеулеріқазақәдебиетіәдістемесініңтеориялықпроспектісіболыпотыр. Автордың 2003 жылышыққан "Әдебиеттітереңдетіпоқыту" кітабы да үлкен белес, эволюциялыққұбылысдепбатылайтааламыз. Бұлеңбекавтордыңұзақжылдаржүргізгенэксперименттерінің, Республика көлеміндеоқылыпжүргендәрістерініңқорытындысы, "Евклид теоремасытәріздімінсіз" дүние. Кітаптуындыгердіңбасқазерттеулерініңзаңдыжалғасы, әрісолардыңбасынбіріктіріп, түйіндептұрғандығыменөзгешеленеді. Өйткені, автор "Абай туындыларынмектептеоқыту", "М.Әуезовшығармаларынмектептеоқыту" т.б. еңбектеріндебірқаламгердітереңдетіпоқытужолдарынсөзетсе, бұлеңбектетөлсөзөнерініңтұтастарихынтереңдетіпоқытудықарастырады.Кітапта 9-11 сыныптарғаәдебиеттітереңдетіпоқытудыңбағдарлама - әдістемелікнұсқауыберілген. Онда автор көнеәдебиетжәдігерлері, кешегіжәнебүгінгіқаламгерлер мен әдебиетзерттеушілерінің, төрткүлдүниедегітанымалсөззергерлерініңөмірі мен шығармашылығыжайлысөзетеді. Түсінебілгенадамғаосыныңөзі де көпжайдыаңғартыптұр. Жүзденасыпжығылатынқаламгер (немесеәдебижәдігер) жайлысөзқозғау, олардыңсөзмұрасыноқытудыңтиімдіжолдарынкөрсетіп беру аз еңбекпе? Әртуындыныңнегізіндежатқан ой, оныңкөркемдік - эстетикалыққұндылығы, қаламгершығармашылығындағыорны, қазақәдебиетіқалабердіәлемәдебиетінеәкелгенжаңалығынедесоны, көріп, көрсетеалуүшіннағыззерттеушілікзердеқажет. БұлтұрғыданҚанипаОмарғалиқызыбірөзібіринституттыңісінатқардыдейаламыз. Ұлттықсөзөнері - шетсіз-шексізбірәлем. Осы ғажайыпәлемді "теңіздітамшысынантанығандай" етіп, бар түйіні мен дәнінекшепалу, барлықәшекейі мен ажарынқапысызтаныту, әдебикезеңніңбасымтенденцияларындөп басу, тарыныңқауызындайбағдарламағатаудайалапатмазмұндысыйғызабілу - нағызшеберліктіқажетететіні де рас. ҚанипаОмарғалиқызыныңбұлеңбегіндеәдебиеттен (гуманитарлықбағыттағымектеп, гимназияларүшін) берілетінбіліммазмұны мен көлеміосындайзерделілікпенбелгіленген. Кітаптыңкөзгеалабөтентүсіптұрғанозғынсипаты - мұғалімдерге, студенттерге, шәкірттергеортаққұндылығында, практикалықмәнділігінде. Еңбек - мұғалімүшінбағдаршамдайбағдарлама, әріәдістемелікнұсқау, дайынталдаулар мен сабақ, инсценировкалар, көрнекіқұралдарүлгілері, бірегейдидактикалықматериалдардыңжүйесі. Әдебиталдаулар мен әдебиетіміздіңіріөкілдері (1960-2000 ж.ж.) жайлымағлұматтар, әдебиеттану, психология, педагогика салаларыбойыншағылыми - әдістемелікеңбектердіңберілуі де осыныңбұлтартпасдәлелі.Кітаптаәркезеңбойыншанені, қалайтереңдетіпоқытамыз, қайғалымныңеңбегінбасшылыққааламыздегентолғақтысауалдарғатыңғылықтыжауапберіледі. Бүгіндежаңғырған сана биігіненқарасақ, төләдебиетіміздіңшешуінтаппағантүйіндімәселелеріәліқыруарекендігінде дау жоқ. Әсіресе, Кеңестікәдебиетжайындағылымдаәрқилыпікірлерайтылып та, жазылып та жүргендігішындық. Сондықтанәдебиетшімұғалімдерге осы дәуіріңкөрнектіөкілдері, заманталқысынатүскенталанттартуралытарихишындықтыжасұрпаққабүкпесізжеткізу, әріәділ, дұрыстүсінікқалыптастыружүктеліпотыр. Партиялықсаясатталабыменжазылғантуындылардангөрішынжүйріктіңтайбурылшабысынтанытарлықэстетикалық - көркемдіксапасыжоғарытуындылардысұрыптапоқытуміндеттітұр. БұлжөніндеҚанипаОмарғалиқызы: "Ұлытұлғалар, әсіресекеңестіккезеңдегіәдебиетайналасындааракідікболса да әртүрліпікірлерайтылуда. Сәкен, Сәбитжайындағы, тіптіӘуезовтің "Абай жолы" сындыәлемдіктуындысытуралы да ірілі-ұсақтыпікірлерайтылыпкеледі. Егерөткенгебүгінгікөзқараспенқарасақ, ондатарихымыздан, өнеріміз бен әдебиетімізденешнәрсеқалмаседі. Осы бірмаңыздымәселеніоқушысанасынажеткізу - әсіресе, тарихшы, әдебиетшімұғалімніңқасиеттіборышы" [1, 235б], -дейді. Ғалым - ұстаздың осы пікіріноқиотырыпдарындысыншыЕкіншіден, ұлттықсөзөнерітарихынажаңашакөзқарас, азат сана тұрғысынанкелгендігі; Ұстаз "... әдебиеттібүгінгікүнтұрғысы, жариялылықнегізіндеоқытуды, жаңашаойлау, жаңакөзқарастыбасышылыққа ала оқытудыойластырдық" дейотырып, бұрынғыбағдарламаларда бой көрсетпегенОрынбайКертағыұлы, МұратМөңкеұлы, ШәңгерейБөкеев, ИсаБайзақовсындыжыржүйріктерінетиістіорынберіп, бұрыннан бар қаламгерлермұрасынқайтақарап, эстетикалықбағасыжоғарытуындыларынсұрыптапенгізген);Үшіншіден, пәндердіинтеграциялапоқыту (мәселен, тарих пен әдебиеттің, музыка мен әдебиеттің, орысәдебиеті мен қазақәдебиетінің, бейнелеуөнері мен әдебиеттіңбірліктеқаралуы) идеясыныңнегізделуі; Төртіншіден, жекетұлғаныдамытуға (әдебиеттенжалаңбілім беру емес, бастысыбаланыңикем - дағдысынқалыптастыру, ойланабілугежетелеу, шығармашылыққабілеттерінашу, Мен - концепциясынқалыптастыруға) бағытталуы; Бесіншіден, білім беру ісіндегі (проблемалықоқыту, даралап, саралапоқытут.б.) тыңтехнологияларғанегізделуіеңбектіңжаңашылдығыныңбұлтартпасайғағы.

12.Педагог-ғалым А.Қыраубаеваның “Сенім” бағдарламасының оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы рөліне пікіріңіз. Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаева халқымыздың ән өнерін насихаттап, оны зерттеумен де  шұғылданған. Әрбір шәкіртінің зейінін ашып, білім мен ғылымнан сусындатқан ұстаз туралы айтылар сөз, жазылар ой көп-ақ. Ежелгі дәуір әдебиетін тереңінен зерттеген Алма апайдың қаламынан туған «Махаббатнама», «Түркі әдебиеті», «Ғасырлар мұрасы», «Жаным садаға», «Шығыстық қисса-дастандар» сынды шығармалар мен оқу құралдары бүгінде жас ұрпаққа жол сілтейтін басты құндылыққа айналды.  Ол елімізде ең алғаш 1993 жылы ұлттық мектептің негізін қалаған еді. Алайда Алматы облысының, Қаскелең ауданындағы Ораз Жандосов ауылында ашылған гуманитарлық қазақ мәдениетi мектеп-лицейi ұзаққа бармай, үш жылдан кейін қаржы тапшылығынан жабылып қалды. 

Ол мектеп ең алдымен, баланың білімділігімен бірге, білікті болуын да көздейтін. Ерте ашылған мектеп нағыз қазақы білімнің құтты шаңырағы болғанын сол кезеңде аталған мектептен білім нәрімен сусындаған шәкірттер жақсы біледі. Алма апай осы мектепке негіздеп, ұлттық мектептің барлық талаптарын айқындаған, «Сенім» атты жаңа бағдарлама жасаған өнегесін ұстаздың замандастары мен әріптестері мақтанышпен айтады.Бұл бағдарламаның оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы орны да ерекше. Яғни баланы білімді етіп өсіруді ғана ойламай, ең бастысы, жақсы адам болып қалыптасуы назарға алынатын. Аталған бағдарламаның талаптары бойынша ұлттық мектептің оқушыларына ұл балалармен – «мырза», қыздармен – «бикеш» деп сөйлесу міндеттелген екен, сосын жас мұғалiм қыздарды «бике» деп, үлкен әйел мұғалімдерді «бибі» деп атаған. Ұстаздар балаға «сен» деген сөздi қолданбай «сiз» деп айту осы мектепте қалыптасыпты. Бұл баланы жас­тайынан өз-өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында туындаған. Осы мектептің шәкірттері «Әлемтану», «Елтану», «Ислам мәдениеті», «Еуропа мәдениеті», «Қыз әдебі» атты сол кезеңде әлі мемлекеттік оқу бағдарламасына енгізілмеген пәндерді оқыған еді. Мәселен, «Қыз әдебі» пәні қыз балаларды болашақ ана болуға тәрбиелеуге арналса, «Ислам мәдениеті» пәнінде ислам дінінің негіздері оқытылған. Сонымен қоса мектепте үзіліске шақырған қоңырау орнына домбырада күмбiрлеген күй әуені орындалатын болған. Ұлттық мектеп – қазақ тiлiнде оқытатын, ұлттық сананы, рухты қалыптастыратын мектеп» деп білетін ұстаз. Алайда аталған ұлттық мектеп жабылғаннан кейін, Алма Қыраубаеваның «Сенім» бағдарламасы да жалғасын таппай үзіліп қалыпты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]