Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Samal_agay_tolyk_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.57 Кб
Скачать

3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.

4. Тақырыптарды қорытындылау кезеңіндегі аукцион сабақтың тиімділігін атаңыз (Оралхан Бөкей). Аукцион сабағы – сабақты қорытындылау сабағы, яғни тоқсан соңында қолданылатын сабақтық жоспардың тиімді тәсілі. Бұл тәсілдің тиімділігі сол тоқсан бойына өтілген тақырыптардан сұрақтар дайындап, оқушылардың сол тақырыптарды қаншалықты меңгергендігін анықтауға болады. Немесе бір ақын-жазушының өмірі, шығармашылығымен танысқанда солардың бәрін жинақтай келіп сабақты қорытындылауға тиімді. Мысалы, Оралхан Бөкейді алайық. Жазушының мектеп қабырғасында «Тортай мінер Ақбозат» атты шығармасы оқытылады. Онда жазушының өміріне бір сағат, шығармашылығына бір сағат яғни жалпы екі сағат берілсе, қосымша жазушының басқа да шығармаларын оқуға беріп солардың барлығын қорытындылау мақсатында осы аукцион сабаған пайдалануға болады.

5. 9-11 сыныптарда әдебиет сабағында жаттығулар жасаудың тиімділігі.

6. Диспут сабақтарының ерекшеліктерін сипатта. Диспут (лат. dіsputare – пайымдау, пікірталасы) – ғылыми, әдеби, әлеуметтік т.б. тақырыптар бойынша көпшілік алдында жария түрде өтетін пікірталас, белгілі бір мәселенің мән-жайын талқылаудың ұтымды жолы. Оқу-әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді. Диспут жоғары, орта, арнаулы орта оқу орындарында дәрістің бір түрі әрі әдістемелік тәсілі ретінде де қолданылады.

7. Дәстүрлі емес сабақтарға қатысты әдіскер ғалымдардың пікірлері. Келесі сұрақтарда бөлек бөлек тоқталамыз. 11, 12, 29,30 сурактар

8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.

9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?

Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Э-ның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады. Экскурсия негізінен 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]