- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
56. Ә. Нүрпейісовтың Қан мен тер романын оқытуда қандай әдістерді қолданар едіңіз? Сабақтың тақырыбы: «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді). Сабақтың мақсаты: Ә. Нұрпейісовтың "Балықшылар" әңгімесін меңгерте отырып білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Сабақтың міндеті: а) білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы, «Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы толық мәлімет беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру. б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қалыпты сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау, Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Кезекші мәлімдемесі. 3. Журнал бойынша түгендеу. 4. Жаңа сабаққа дайындық. ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын. 2. Шығарманың мазмұнын сұрап, табиғат апатымен арпалыстың зардабы. 3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын. 4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Сыныпты екі топқа бөлемін. Сабақтың эпиграфы. 1. Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті... Иә, қанын, терін төкті... Қан мен тер.. қан мен тер.. (Ә. Нүрпейісов). 2. Тақтадағы нақыл сөздерді оқыту арқылы жазушы шеберлігін таныту. І. Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр бассаң сықыр - сықыр етеді. (Ә. Нүрпейісов). 2. Ақшағыл ақ құм далада Айнала ұшқан шағала. Қоштасқан айдын теңізбен Қайғылы, мұңды жағада. З. Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі - білім, екіншісі — тәжірибе. (Ә. Нүрпейісов). Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы, «Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы түсіндіремін. Әлиза — бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада. Андрей — бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл жан. Жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт. Федоров — бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол - аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді. Еламан — балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап - қара. өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар жігіт. Ой шақыру. Балалар, бұл әңгіменің негізгі идеясы не? Әңгіме туралы ойларыңды жұптап айтыңдар. 1 - жұптық жұмыс. 2 - топтық жұмыс. Топтастыру Арал теңізі Табиғат тартуы Әмудария мен Сырдария құяды Жойылып кетті 30 - дан астам балықтың түрі бар Балықшылар Экологиялық апатты аймақ Мағынаны тану. 1. Арал туралы рефератты оқу. 2. Салыстыру кестесі: Федоров ----- Еламан Орыс ---------- Қазақ Өркөкірек -- Көпшіл Өзімшіл ----- Мейірімді Қатал ------ Бауырмал Жанашыр емес ----- Әділетті 3. Сұрақ - жауап. I топ. 1) Кемедегінің жаны бір. 2) Әлиза әйелдің қайғысы. 3) Қадақ, гірдегі асымдық балықтар. 4) "Біздің сары бала". 5) Еламан өтініші. II топ. 1) Жалмұраттың көмегі. 2) Дауыл кезіндегі қарбалас. 3) Ұйқысыз өткен түн. 4) Федоровқа тиген сүймен. 5) Өмір мен өлім. 6) Райдың қорқынышы. 4. Дәптермен жұмыс. а) Федоровты Еламан өлтіргенде қандай ойда қалдыңдар? ә) Бұл әңгімені қалай атар едіңдер? 5. Дебат. Еламанның Федоровты өлтіргені дұрыс па, әлде бұрыс па? Екі топтың арасындағы пікірталас. 6. Сөздікпен жмыс. Репеті — түрі, ыңғайы. Қаратаз - болыстың есімі. 7. Қорыту. "Бес жолды өлең" 1. Балықшылар. 2. Еңбекқор, момын. 3. Аулайды. өткізеді, еңбектенеді. 4. Балықшылар өмірінің ауыр кезі. 5. Қазақтар. Сабақтың қорытындысы: 1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. 2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын. 3. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын әңгімелеп келу.
