- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
( ана мешкейді жарнамалап едік қой сол сияқтыго жалпы)
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама,институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]
Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.[2]
48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
Ерғабыл, дос, оқу, жауапкершілік, мекеме, ауыл, тұрғындар, ауыр.
( Әңгімені өздерің құрастырыңдар) Психологиялық бейнелеу құралдары көптеген көркемдік тәсілдермен байытылып, ішкі өмірдің заңдылықтарын тереңнен танып, меңгерді. Сөйтіп, өзінің көркемділік құндылығын, маңызын арттырады. Жазушылар кейіпкер психологиясын бейнелеуде көркемдік тәсілдерді байыта қолданып, ішкі өмірдің заңдылықтарын тереңнен танып білуге, рухани құндылығын, көңіл-күйін, оның себеп-салдарын жан-жақты талдап зерттеуге талпыныс жасайды. Себебі, көркем шығарма арқылы кез келген адам сан мыңдаған кейіпкердің шаттығы мен қуанышын, сан қилы өмір белестеріне көз жеткізіп, кейіпкерді психологиялық тұрғыдан бейнелеудің негізінде анық талдау жасай алады. Сондықтан жазушы кейіпкердің ой әлемін, көңіл-күйін, мінез-құлқын барлық жағынан жеке тұлға ретінде даралай отырып, кейіпкер мінезінің ерекшелік сыр-сипатын көркемдік тұрғыдан ашуға ұмтылады. Яғни шығарма бойында кейіпкердің көңіл-күйі, жан дүниесіне үңілу арқылы терең бойлап шығармаға арқау етіп алады.
Кейіпкер жан дүниесін суреттеудегі психологизмнің маңызы.
Оқырман деңгейін арттыру, талғамын жақсарту жолында жазушы позициясы айтулы орынды иеленеді. Себебі, бұл жолда олар негізгі шешуші рөл атқарады десек те қателеспейміз. Бүгінде психологизм тақырыбы кеңінен қозғалып келеді. Қаламгер туындыларына кеңінен психологиялық талдау жасауға ынталы зерттеушілер қатары да көп. Шығарманың кереметтігінен көбіне оқырман қауым психологияға көп көңіл аудара бермейді. Сондықтан да болар, бұл тақырыптың маңыздылығы неде? Қажеттілігі неде? – дейтіндер де табылып жатады. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік психологияға тоқталудың маңыздылығын айқындап алу қажеттігі туындайды. Ол үшін жазушы қаламынан шыққан туындыдағы басты кейіпкер болсын, қай кейіпкердің болсын, ішкі толғанысын суреттеу негізгі мақсат па деген сұрақ төңірегінде ой тарқатып көрген абзал. Әрине, оқып отырған шығарма ішінен кейіпкердің ішкі толғанысы, сезімі, ойы, эмоциясы, психологиясы жайлы ешетеңе берілмесе, ол ешбір оқырманның көңілінен шықпайды. Кейіпкер мен оқырман арасында ешқандай байланыс болмайды. Жазушы да бірте-бірте өз оқырманынан қол үзуі мүмкін. Сондықтан да адам мінез-құлқын, ішкі сезімін көркем тілде жеткізе білу жазушының негізгі мақсаты һәм міндеті болуы тиіс.
Алайда осы айтылғандарға қарап, әдебиет психологиялық процестерге көп көңіл бөледі деген ой қалыптаспауы керек. Шын мәнінде психологиялық процестермен психология ғылымы айналысады. Ал әдебиет үшін психологияның заңдылықтары маңызды емес, ол бар болғаны адамның қоғамдық өмірдегі орнын, әлеуметтік түп тамырын, солардан туындайтын психикалық құбылыстарды зерттейді. Бақсақ, бұл жерде үлкен айырмашылық бар. Әдебиет үшін, көркем әдебиет үшін адам бойындағы ерекше сезімдер маңызды екен. Сондықтан да әдебиет үшін адамның ішкі дүниесін сипаттау ғана мақсат емес, әдебиет үшін адамның характерін ашып, образын айқындау, әлеуметтік мәнін сипаттау маңызды. Қазақ әдебиетінде адам психологиясына баса назар аударған психологи жазушылардың бірі – М.Әуезов. Оның алғашқы кезде жазған әңгімелерінен бастап және қазіргі қазақ прозасы психологизмді жеке мәселе етіп қарауға, зерттеуге көп мүмкіндік береді. Повесте ауызекі сөйлеу тілі көп психологиялық жүк көтеріп тұрады. Қазақ әдебиетінде қалыптаса бастаған образдар мен творчестволық әдіс түрлері М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-повестеріндегі образдар әлемімен өрбиді. Мәселе жазушы кейіпкер психикасын ашу үшін тау көрінісін жалаң идеяға айналдырмай, қаһарманның табиғатпен, бетпе-бет кездескен шақтары шынайы табиғи суреттелетін. У.Фолкнер: «Мені жазушыдан гөрі оның суреттейтін образдары көбірек қызықтырады», -деген сөзі осы айтылғандарды нақтылаған секілді. [3, 55б].
Психологиялық талдау жасауда кейіпкер мінезінің құбылысын, сөйлеу мәнерін, қозғалыс-қимылын айқын бояумен, жарқын детальдармен аша білу – жазушыдан шеберлікті талап етеді. Образ жасаудың диалог, монолог, портрет сияқты ортақ түрі болғанымен, оны қолдану тәсілдері, яғни образды мүсіндеу тәсілдері әр суреткерде әр басқа. Ол жазушының түйсіну, көре білу ерекшелігіне, көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты.
Сонымен психологизм жүйесінде кез келген сыртқы деталь ішкі процестермен байланысып, ара қатынаста болып, психологиялық бейнелеу мақсатына қызмет етеді. Психологиялық стиль үшін абсолютті түрде психологиялық емес детальдың пайда болуы мүмкін емес деп есептеуге болады.
Психологизмнің автордың адам концепциясы, әдеби шығармадағы қақтығыс секілді категориялармен өзара тығыз байланыста. Психология концепциясында адам мәселесі бірінші орынға қойылады. Мысалы, М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі басты кейіпкердің бойында туындаған ішкі психологиялық қақтығысы арқылы 20-шы жылдардың өзінде-ақ жазушы осы бір күрделі өнердің, яғни психологизмнің «тереңдетілген» түрін жақсы меңгергендігін байқауға болады.
М.Әуезов аса ірі пейзажист. Жазушы шығармаларының көпшілігі табиғат суреттерімен басталып, алдағы оқиғаларға жасалған фон іспеттес. Бәрі де қазақ сахарасының көріністері. Бірақ олар қандай шеберлікпен бірін-бірі қайталамастай берілген десеңізші. Жазушы табиғат көркін жалаң тамашалаудан аулақ. Кейде ол жоғарыдағыдай алдағы оқиғаның хабаршысы ретінде сезілсе, кейде қаһармандардың қуаныш-сүйінішін, торығу, күйіну сияқты көңіл-күйлерімен тығыз жымдасып кетеді. Табиғат көркін тамашалау, соған ерекше мән беріп, мағына іздеу – Бақтығұл кейпіне тән сипаттың бірі. Бұл жағдай «Қараш-Қараш» повесінің он бойында үнемі сезіліп отырады. Бақтығұл тау, дала тылсымымен оңаша қалған сәттерінде олармен кәдімгідей сырласып отыратын сияқты. М.Әуезов шығарманың әрбір компонентіне ерекше мән беріп, әрқайсысына өзіне лайық міндеттер жүктейді. Жазушы қолынан шыққан портрет көбінесе, іс-әрекет, сезім мен күй үстінде суреттеу, кейіпкер портреттерін тек суреттеп қана қоймай, образ жасап жандандырып жібереді. Адам бейнесінің сырт келбетін өте сараң суреттеліп, 2-3 штрихтың ғана айналасына топталып тұрады. "Қараш-қараш» асуында Жарасбайдың жолын тосып, сазарып телмірген Бақтығұлдың сыны үрдіс қимылдың, тентек мінездің адамын танытқандай. «Қалың қара мұртты, көбік қарда түлкі болып отырған қаракер қыранның қанаты сияқтанып, салбырап аузын басып кеткен. Көзінде қанталаған қызыл бар. Сызданып, қадалып, елде қандай от ойнағандай жарқ-жұрқ етеді». [1, 65б].
Бұл да есте қаларлықтай сурет. Себебі, мүнда бейнелі тіл, сонымен қабат есте қаларлықтай тұтас бір картинаға салыстыра суреттеу бар.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында психология мәселесін алғаш болып қозғағандардың бірі – А.Байтұрсынов. Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде психологияға қатысты құнды пікірлер бар, әр заманда өзінің маңызын жоғалтпайтын бағалы ойларын жазып қалдырған. Мәселен, адамның психологиялық жағдайы, іс-әрекеті, көңіл-күйі, сөз бен ойлау жүйесі т.б. бәрі де көркем прозадағы психологиялық талдау өнері арқылы жүзеге асырылатын көркемдік құндылықтар. А.Байтұрсыновтың түсіндіруінде сөз өнері, адам санасы үш негізге – ақылға, қиялға, көңілге сүйенеді. Сондай-ақ психологияны өзінің негізгі тақырыбы ете білген Ж.Аймауытов. Оның: «Адамның өзін-өзі тануы үшін, өз сезімдерін сынап, бақылау үшін сананың екіге жарылуы қажет екендігін, әсіресе, өзін-өзі дұрыс, анық бақылап, жазған жазушылардың шығармаларын оқудың пайдасы зор екендігін ескертеді. Әсіресе, жазушының...» Адамның жан құбылыстарын зерттеп, таныс болу үшін, сол шығармалардағы кейіпкерлердің (тип) бастан кешірген халдарын бақылау керек, өзін бақылауға бұл құрал болады», - деген ойларына тоқтала кеткен жөн.
