- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
Сабақтың тақырыбы: "Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері" Сабақтың мақсаты
1) шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру:
2) шешендік сөздегі термин сөздер,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,тура және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту: 3) қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз сөйлеуден аулақтату,тауып сөйлеуге төселдіру,тіл тазалығын сақтауды насихаттау. Түрі: аралас Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру,топтастыру Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет суреттер. Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту сатысы: Ой қозғау Ой толғаныс Ой түрткі Бет бұру Оқушылармен жүздесіп,амандасу,түгендеу. Үй тапсырмасын пысықтау. 1) Шешенге қандай талаптар қойылады? 2) Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады? 3) Шешендік сөздің сапаларына не жатады? Тілдің тазалығы Ой жүйелілігі Сөздің мазмұндылығы Сөз қысқалығы Сөз түсініктілігі Сөз әуезділігі Сөз байлығы Сөз анықтылығы Сөз дұрыстығы Сөз дәлдігі Ал қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр сол топ жеңеді. 1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар. 2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар. 3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар. Қандай сөз шықты, кім айтады? Жауабы: «Шешендік» Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады. "Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз. Би-дау-жанжалға билік айтушы. Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам. Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек. Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық. Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше. Шешендік өнердің қайнар көзі Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ. Ой толғаныс Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға! Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер! Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік. Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер. -Тәттіде не тәтті? -Қаттыда не қатты? -Жұмсақта не жұмсақ? 1-жігіт:Тәттіде бал тәтті. Қаттыда тас қатты. Жұмсақта мамық жаұмсақ Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші. 2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті. Қаттыда атаның жүрегі қатты. Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ. Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол. Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен. Ой түрткі Ауыл ақсақалы Ру басы Отағасы Биағасы Ел билеу ісінің тұтқасы -Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз: Бет бұру кезеңі Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы 1.Зат есім: Шешен 2.Сын есім: шешендік сөз 3.Етістік: Айтысады.Тартысады.Шешіледі. 4.Сезіну: Шешендік сөз – ұлттық өнер 5.Синоним: Шешендік сөз--өнер падишасы Үйге тапсырма: «Шешендік сөз--өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазып келу.
41. М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын дәс.емес сабақ арқылы өткізу жолдары.
42. Экологиялық проблемаға негізделген шағын әңгіме құр: Асқар, табиғат, ауа райы, ауыл, жыл бойы, білім, астық.
43. Оқушы білімін бағалауда дәс.емес саб.дың тиімділігі бар деп есептейсіз бе?
44. "Кейіпкерлерді өз сөздері арқылы таны" ойынының шығармадағы образдарды оқытудағы тиімділігі. Мысал келтіріз.
45. Шығарма кейіпкерлерінің қанатты сөздері арқылы оның образын ашу жолдары. Мысал келтіріңіз.
Көркем сөз – әдеби шығарманың образды мазмұнын бейнелейтін тілдік түр, шығармадағы деректердің, ойлар мен сезімдердің сыртқы көрінісі. Көркем шығарма тіліне көркем образ жасау құралы ретіндегі мәніне, кейіпкер тілінің түрлі сипаттарына, тілдің лексикалық ерекше қорларына, тілдегі поэтикалық айшықтауларға, қаламгердің поэтикалық синтаксисі сияқты мәселелер тұрғанын ескерген орынды. Сонымен өмірге адамның жан дүниесіндегі өзгерістер, белгілі бір сәттегі көңіл ауаны, білім деңгейі, көзқарасы, қысқасы бүкіл болмысы оның сөзі, әрекеті арқылы танылады. Кейіпкер тілінің лингвистикалық ерекшеліктері олардың көркем шығармадағы мәтін түзушілік және стильдік мәнін ашып талдау кейіпкер портретінің орны мен қызметін көрсетіп белгілеуге қол жеткізеді. Экспрессивті-бағалауыштық кейіпкер атаулары көркем мәтінде жиі қолданылады, алдымен, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру қызметін атқарады. Сондай-ақ кейіпкердің сөйлеу тіліндегі даралықты неғұрлым айқындай түсу мақсатында қаламгер өз кейіпкерінің бойындағы ең негізгі қасиетін ашатын тілдік ерекшеліктерге баса назар аударады немесе ғалым Б.Шалабай сөзімен айтқанда, «кейіпкер бейнесі автордың сөз түзу салтының жиындығы, кейіпкер тілі жазушының даралық шеберлігін, оның тұтас қаламгерлің ерекшелігін танытудың бір жолы болып табылады». Расында, кейіпкерлердің сөйлетудің түрлі жолдары бар. Төл сөздер мен ортақ төл сөз, қос үнді сөз, фразеологизм, дисфемизм, диалект сөз, монологтармен сөйлету жазушының көркемдік мақсатымен, шығарманың көркемдік идеясымен астасып жатады. Осылайша кейіпкердің сөзі айрықша көркемдік қызметте келіп, ерекше стилистикалық жүк арқалайды. Сондай-ақ, Ж.Исаеваның еңбегінде «стилистикада төл сөз, автор сөзі, фразеологизмдер, монолог, диалог, эвфемизм, дисфемизм т.б. кейіпкерді бейнелеуші, шығарманың тақырыптық-мазмұндық компонентін құрайтын көркемдік мәнге ие, композициялық-құрылымдық бөлшек ретінде қарастырылады» деп көрсетілген. Қ.Ысқақовтың шығармаларындағы варваризм мен жаргон, эвфемизмдер, дөрекі сөздер, қарапайым сөздер өзінің шынайылылығымен ерекшеленеді. Шығармада кейіпкерлердің эмоцияға толы сөйлеу үлгілері, монологтары орын алады. Төл сөз – кейіпкерлерді сөйлету арқылы «өзін-өзі» танытуға мүмкіндік беретін, осыған байланысты тілдік дараланған, эмоцияны және көп жағдайда әдеби нормадан ауытқып келетін көркемдік тәсіл. Төлеу сөзде кейіпкердің сөзі дәлме-дәл емес, негізгі ойы алынып, мәнеріне ыңғайланып, өзгеріске ұшырап беріледі. Қ.Ысқақов шығармаларында кейіпкерлердің сан түрлі образы жасалған және жазушы олардың бір-біріне ұқсамайтын қайталанбас тұлғасын, мінез- құлқын, таным түсінігін төл сөздерде аңғартады. Мысалы, «Беу, ақсақ дүние» туындысында Белқарағайдың белсенді Құмархан Жайкөбековтің бастықсымақ бейнесі, түсінігі тар, сауаты төмен адам екені оның диалогтарынан бірден көзге түседі. Оның тіліне қарабайырлық, дөрекілік сөздер тән. Оның қолданған сөздері ауызекі тіліне жақын келіп, кейіпкер тілінің ерекшелігін көрсетеді. – Сорлының өлімі де соқыр тұманға тап келгенің қарашы? Әй, ит-ай, ашық күнді тосса ақыретсіз көмілетіндей асығып?.. – Немене, құлағыңды піл таптап кетіп пе еді? - Айтпасаң да білем, бүгінде жолдас-молдас деген модыдан қалған, менің іздеп отырғаным господин Жанкөбеков?.. – Ойпырмай, дәрежемді дардай қылдың-ау?.. Рахмет! Тек менің фамилиям Жанкөбеков емес, ,
Кейіпкердің ой-толғанысын, олардың мінез-құлқын суреттеуде автор қанатты сөздерді, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді де молынан қолданады. «Мақал-мәтелдер – күрделі мәселелерді терең, өте дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол көр қырлы түйіндерге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы қанатты сөз айшығы» демекші, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер арқылы белгілі бір кейіпкердің шешендігін, тапқырлығын айшықтап, даралайды: – Әлгі Абдолдың Қойсарысы бесіктен белі шықпай жатып жаманына қатын әперіп... «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген осы болды да. Арам қатқырдың арыстай азаматты жұтып тыңғанын қарашы... Бөтеннің аты бөтен-ау. «Өз үйім – өлең төсегім» деген осы.... – Қызылкөз қышынып жүріп-ақ үйреніп кетті. Қазірдің өзінде де қайшы тисе ырысы қашатындай иегіне ұстаса жолатпай келеді, «жанның рахатын сезгің келсе ешкіқотыр бол» демекші, содан қасынып отырып ләззат алатынын және бар.... Жарылқапты! Пышақ ұшынан дәм татқан шығарсың?.. Немене, жылқы егініне түсіп пе? - Қылғынып өлер қылтамақ шөп жоқ дейді. - Әрине, бұл да еңбек. Әлдеқашан сүйегіне қына шығып кеткен бабасының атағын малданғанша жарық дүниеде бас көбейткен де ерлік қой. «Тегін адам таз болмайды» деген осы да. «Бір күн қой баққаннан мың күн ақыл сұрама» деуші еді. Осы мен мал бағуға міндеттімін бе?. Мұнда мақал-мәтелдерде адамға тән сан алуан мінез-құлықтар берілген. Бесіктен белі шықпаған – есеймеген, буыны қатпаған мағынасында қолданылған. Жұтудың бірнеше мағынасы бар: а)тамақты жұтып жіберу, қылғу, обу; ә)сіңіру, бойына тарту; б)ауыспалы мағынасында жою, жоқ қылу, жалмау. Бұл сөйлемде айшықтау мақсатында ауыспалы мағынада қолданылған. Қылтанақ – дақылды өсімдіктердің масағы мен селеу басына сорайып біткен жіңішке қылтық немесе балықтың қылқаны, ет арасындағы тікенек сүйегі, ауыспалы мағынада тікірейген қатты, сондай-ақ титтей, құттай, зәредей деген мағына береді. Автор ауыспалы мағынасын пайдаланған. Мақал-мәтелдермен кейіпкерлерді сөйлету арқылы ауызекі сөйлеу тілінің сан алуандығын және кейіпкерлердің сөз тапқыш, эмоционалды сөйлеу мәнерін көрсетуге қол жеткізген. Кейіпкер бейнесін сомдауға жазушы диалект сөздерді де пайдаланған. Дегенмен, шығармалардағы жергілікті тіл ерекшеліктері кейіпкер тілінде ұшырасады: ...Жезде шіркін қитығып, тай тулақ пен түйе көрпені там төбесіне лақтырып тастады да: «қырғанда апаңды қайтіп аларсың» деді. Жазушы кейіпкерлердің даралау мақсатында Алтай өңірінің диалектілерін қолданған. Мәселен, там – қолдан құйған кірпіштен салынған үй (Ауғаныстан, Иран, Семей, Жамбыл т.б.). Ал Ақтау, Ырғыз, Орал, Қостанай өңірлерінде мола, зират, бейіт мағынасында қолданылады. Қаламгер ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым сөздерді қолданады: дөкей (бастық), қарны шұрылдау (қарны ашу), жын ұру (ақыл-есінен айырылу), пошым (түр), түнеме (бөлме), даңғаза (мақтаншақ), бас терісі бырысу (ашулану) т.б. Осындай сөздерді кейіпкер сөзі мен образының әсерлігін арттыру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар бадыраю, қалжырау, сумаң ету, үдірейісе қалу, осқырына қарау, ыржалаңдау мысқыл мәнді, атау-кереңді іш, бәтшағар, оттапсың, сандалма тұрпайы, дөрекі мәндегі, алғыс-тілек мәніндегі тілеуің бергірлер, бәле жаласынан аулақ, қарағым т.б. бейвербалды сөздер кейіпкер тіліндегі ауызекі сөйлеу тілінің үлгісін көрсетеді. Шығарма тілінің негізін қолданыстағы, күнделікті тұрмыста айтылатын сөздер құраған. Кейіпкерлер тіліндігі қарапайым сөздер оларды әр жағынан даралап, ерекшелеп көрсете білген. Қ.Ысқақов туындысын талдау барысында синтаксистік құрылымындарға өзгеше стильдік жүк артқанын, яғни, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің алған орны, атқарған қызметтері ерекшеленгенін аңғардық. Кейіпкер бейнесін даралаудағы қызмет ерекшелігі, олардың қарым- қатынасын көрсетуін сан алуан сөздіктерді пайдалана отырып, шебер жұмсалғанына көз жеткіздік. Қорыта айтқанда, Қ.Ысқақовтың кейіпкер сомдаудағы жазушылық сөз өрнегі оның лексика-грамматикалық бірліктерді, дыбыстарды, көріктеу құралдарын ұйымдастыру шеберлігін, сол арқылы кейіпкер сөзіне психологиялық ерекшелік дарыта алуынан көрінеді. Жазушы кейіпкердің аузына жаргон, былапыт, тұрпайы, қарапайым, диалект, варваризм сияқты әдеби нормадан ауытқыған сөздер арқылы олардың өскен ортасын, тәлім- тәрбиесін, білімін, образын аша түсуді көздейді. Қаламгердің «Беу, ақсақ дүние» повесінің құрылымдық тәртібін сипаттай, зерттей, зерделей отырып, М.Серғалиев сөзімен айтсақ, «Қазақ тілінің лексикасы – сөзге өте бай, грамматикалық амалдары мен тәсілдері тіпті мол, сөздерді бір-бірімен тіркестіруге де, құрастыруға да, сонымен қатар сөйлем жүйелерін орайластыруға да қабілетті, икемді, ішкі мүмкіншіліктері мейлінше қат-қабат тіл» екеніне толық көз жеткіздік.
