- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
Пресс-конференция сабағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Білім алушыларды белгілі бір мақсатты шешуге үйретеді. Конференция барысында білім алушылар шығармашылық талқылауға қатысып, мәселенің шешу жолдарын табуға дағдыланады. Тақырыптық конференция белгілі бір өзекті мәселе бойынша жүргізіледі. Осындай сабақтарда пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Тақырыпты білім алушылардың өздері белгілеп алғандары дұрыс болады. Ол үшін сауалнама жүргізу немесе ауызша сұрақтартар қою әдісін пайдалануға болады.
Прец-конференция сабағы оқушылардың жеке тұлға ретінде өз пікірлерін ортаға салып, өз позициясын қорғап үйренуге, басқа да сыныптас достарының пікірлерімен санасып, өзгелерді тыңдай білуге тәрбиелеуге көптеген жолдар ашады. Прец-конференция сабақтарын қоғамдағы өзекті әлеуметтік, экологиялық, рухани мәселелер төңірегінде ұйымдастыруға болғандықтан балалардың өзі өмір сүріп отырған орта турасында жан-жақты білімін арттыруға, сонымен қатар, осы мәселелер турасында өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға жол ашады.
38. А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалын оқушыларға түсіндірудің қандай тиімді жолдарын ұсынар едіңіз? Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын байланыстыра түсіндіру; Ахмет еңбектеріне шолу жасау; Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің жоғары екендігін ұғындыру; Ақын мысалдарының негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру. 2. Ұстаз ұлағатын тану , оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Балаларды білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баули отыра, көрсеқызарлықтан, көреалмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: композициялық сабақ. Сабақтың әдісі: баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, жинақтау. Сабақтың көрнекілігі: портрет, сызба, ақынның шығармашылығынан көрме, интерактивті тақта, дәйек сөздер Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, биология, қазақ тілі, ән.
Мысалдың соңы былай аяқталады.
Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорланғанмен артылмапты
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек»деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Үйге тапсырма: Көрсеңқызарлық, мақтаншақ, әлі келмейтін іске ұрыну сияқты жағымсыз мінездерге мақал-мәтел жазып, жаттау.
39. Сіздің ойыңызша, дәстүрлі емс сабақтардың оқушының тұлғалық қабілетін дамытуға қандай ықпалы бар? Дәстүрлі емес сабақ түрлері білім алушылардың белсенділігін артттыру, саналы түрде білім алу, өз бетімен білім алуды қамтамасыз етеді. Осындай сабақ түрлері білім алушылардың жалпы оқу және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері : іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар, КТК- сабақ, театр-сабақ, жарыс-сабақ, концерт-сабақ, практикум-сабақ, пресс-конференция, консультация –сабақ, диспут-сабақ, жобаны қорғау сабағы, семинар-сабақ және т.б. Іскерлік ойын оқу процесін белсендіреді, пәнге деген білім алушылардың қызығушылығын тудырады, олардың материалды игеру деңгейін арттырады, командада жұмыс істеу дағдыларын ойлау қабілеттерін, ынталары мен жадын дамытады, өз пікірлерін дәлелдеп, қорғай білуге үйретеді. Ойын әрбір білім алушыға өзіндік шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен, іскерлік ойындар қысқа мерзімде оқыту мақсаттарына жетуге зор әсер етеді.
КТК- сабақ түрін тақырыпты қайталау, қорытындылау барысында пайдалануға болады. Оның барысында материалды еске түсіру, міндеттерді шешу, шығармашылық тапсырмалар түрлері ұсынылады.
Театр-сабақ түрі белгілі сценарий, театр атрибуттарының (актерлер, көрермендер, сахна, декорация) болуын талап етеді. Осындай сабақ түрі білім алушыларды халық шығармашылығына тартып, жеке тұлғаның эмоциялық қасиеттерін дамытады, тамаша сезімін тәрбиелейді.
Жарыс-сабақ түрі ұжымдық әрекетке негізделеді, осында білім алушыларды ұжымдық тәрбиелеу, команда алдындағы жауапкершілік сезімін ояту мақсаттары жүзеге аысырылады. Жарыс –сабақтар мазмұны, құрылымы, ұймдастырылу формасы жағынан әр түрлі болады. оның барысында күрделілігі алуан түрлі тапсырмалар ұсынылады.
Ізденіс - сабақ түрі білім алушылардың әр түрлі көздерден өз бетімен білім ала білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осындай сабақтарда олар әр түрлі анықтамалық құралдарды, энциклопедияларды, оқулықтарды, көркем әдебиетті пайдаланып, сұрақтарға жауап ала алады. Сабаққа дайындалу барысында және сабақ үстінде білім алушылар «сарапшыларды» немесе Интернетті пайдалана алады. Бұл сабақ түрі білім алушылардың өзін-өзі бақылауға үйретеді
