- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
V. Үйге тапсырма
Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу, талдау. «Көкшетау» туралы шығарма жазу.
35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
Мысалға: Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешірген азулы ақын, жаужүрек батыр. Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында дүниеге келіп, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр деген жерде күмбез қойылған Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан. Ақтамбердінің ақындығы ерте ашылған. 17 жасынан соғысқа қатысып, қазақ жерін қалмақтардан қорғаған белді батырлардың бірі. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасып, ерлік көрсеткен. Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан да қайтады. Өз елін, өз жерін, өз Отанын жанындай сүйген ақынның өлеңдері нәзік сезімге, биік парасатқа құрылып, байтақ жұртын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» шақырады, үндейді.
Жоңғарларға қарсы күресте жауынгерлердің рухын өлеңмен көтерген. Сонымен қатар толғауларында жыраудың жетімдіктің мехнаттарын көргені, батырлық өмірдің қиыншылықтары, әлеуметтік теңсіздіктердің көріністері шынайы бейнеленген. Өз отанын қорғау жолында қасық қаны қалғанша күресуге дайын екенін әрбір жырында тереңнен толғап, тебірене жырлайды. Жырларының басты тақырыбы - ер тұлғаның Отанын жаудан қорғауы, өмірдің өткінші екенін білдіртіп, естен шығармай, әр сәтті қадірлей білу.
Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты өлеңі 9-сынып бағдарламасында берілген. Бұл жырды оқып, түсіну есейген оқушыларға қиын бола қоймайды. Сонымен қатар, бұл жырдың тарихпен де байланысы оны тез ұғынуға септігін тигізеді. Жырдың мазмұны сол кезеңдердегі халықтың, әрбір батырдың, ақын-жыраулардың арманы, тілегі іспеттес.
Сүйінбайдың " Жақсы мен жаманның айырмасы" өлеңін пәнаралық сабақтар негізінде өткізу. Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаманның айырмасы» Мақсаты: Өлеңнің тақырыптық идеялық мәнін ашу арқылы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді саралау. Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өлеңді негіззге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, эстетикалық өнегелік ортасын қалыптастыру. өлең арқылы шығармашылық жұмыс жасата отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың тегі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: сенсорлық сабақ (субьектінің жеке басының ерекшелігі мен адамгершілік қасиетіне байланысты бағалауы) Көрнекілік пен қосымша әдебиет: «Қазақтар» ІІ том, ақынның суреті, түрлі слайдтар Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өмірмен байланыс Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі: -оқушылармен амандасу; -кезекші мәлімдемесі; -назарын сабаққа аудару; 2. Үй тапсырмасын сұрау: Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» 3. Өткен тақырыпты бекіту: сұрақ-жауап арқылы. -Дулат қай жерде дүниеге келген? -Ол қандай адам еді? -Дулат кімдерді ұстаз тұтқан? -Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не? Оның сұраулы сөйлемнен айырмашылығы қандай? - Өлең кімге арналған? Ақтан қандай бала? 4. Жаңа сабақ А) Автор туралы түсінік беру Сабақтың эпиграфы: «Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» (М.О.Әуезов) Топтастыру әдісі арқылы Сүйінбай ақынның өміріне шолу жасау Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. 1898 жылы қайтыс болған. Ол 14-15 жасыннан бастап ел аузынан естеген аңыз- ертегілерді , қисса –жырларды жаттап алып, жиын тойларда жырлаудың шебері болған, яғни жыршы атанған. Кейінірек өзінің замандас, қатарлас ақындары ішінен озық ойлы, өткір тілді, қазақ пен қырғыз елдеріне таы тараған әйгілі ақын болған. Сонымен қатар ешкңмге жүлде бермеген айтыскер ақын. Енді бір қасиеті- ол халық мұңын мұңдап, кейбір ел билеушілерінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерерлеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да ұлы академик М.О.Әуезов ақынға «Сүйінбай – ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген баға берген екен. Ұлы Жамбыл Жабаевтың ақындық жолға түсуіне септігін тигізір, ақындық өнердің қыр-сырын меңгерткен – осы Сүйінбай ақын. Жамбыл әрқашан Сүйінбайды ұстаз тұтып, аруағына сиына сөйлеген. Халық арасында ақынның «Мақсұтқа», «Қасымға», «Жетісу билеріне», «Болыстарға баға» сияқты сатиралық өлеңдері кеңнінен танымал. Негізгі өлеңдерінің басты тақырыбы- адамгершілік асыл қасиеттер. ә) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіру. Б) Таны, есте сақта! Сөдікпен жұмыс: Мағынасы түсінуге қиындық тудыратын сөздерді түсідірме сөздермен бірге дәптерге жазғызу. Әмме жұрт- баршы, барлық, күллі Парқы – 1) бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы , ерекшелік 2) бір нәрсенің қадір-қасиеті, мәні. Көкірегі көр, көзі соқыр- білімсіз, санасыз Жалған - өтірік Жұғымды- сыйлы Сеңсең тон- марқайған қозының қырқылмаған өсскелең жүн терісінен тігілген тон. Миуалы ағаш- жемісі бар ағаш Іріткі салу- алауыздық тудыру, шырқын бұзу Ағаштың шаласы- отынның толық жанып бітпеген қалдығы Тана-екі жасқа жетпеген торпақ тайынша Серке-ел ағасы, беделді азамат Бөлке- пешке пісірілген төртбұрышты нан Балтаның ұңғысы- балтаның сабына киілетін қуыс жағы, қуысы 5. Жаңа білімді бекіту А) Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтел жаз ә) өлеңдегі ақынның адамның жақсы мен жаман қасиеттерге берген бағасын жіктеп жаз Жақсы қасиет: сөзіне сақ, жүзі жылы, сөзі майда, елінің ағасындай, жүзі жылы, жақсы , жыл құсындай , басшы серкесіндей т.б Жаман қасиет: көкірегі көр, өтірікші қсегі көп, кеудесі үлкен, сөзі кесек т.б Б) Талдау- табыс кілті /Өлеңнің бір шумағын сөз құрылысына талдау/ Жақ/сы жі/гіт ел жұр/ты/ның қа/ла/сн/дай, Жақ/сы ә/йел әм/ме жұрт/тың а/на/сын/дай Жақ/сы/ға еш/кім/нің де жат/ты/ғы жоқ Кө/ре/ді бә/рін/ де өз ба/ла/сын/дай Шумағы :9 Тармағы: 38 Бунағы: 3 Буын саны: 11,12 Ұйқасы- қара өлең ұйқасы В) Сергіту сәті Г) ШЫғармашылық жұмыс: «Жақсыдан- шарапат, жаманнан кесапат» /тақырыпқа сай өлең құрастыр не шағын ой толғау жаз/ Ғ) Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен көркемдегіш құралдарды тап) Теңеулер: қаласындай, анасындай, баласындай, ағасындай, ағашындай, шаласындай, танасындай, серкесіндей, еркесіндей, көрпесіндей, бөлкесіндей, жыл құсындай, ұңғысындай, тұрғысындай, жындысындай. Ауыспалы мағынадағы сөздер: көкірегі- көр, көзі- соқыр, миуалы алма, жүзы жылы, сөзі кесек, сөзі майда. 6. Қорытындылау 1. Сүйінбай ақын қай жерде дүниеге келген? а) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында ә) Алматы облысы, Жамбыл ауданында б) Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданында 2. «Сүйінбай -айтыс өнерінің алтын діңгегі» деген кімнің сөзі? а) М.Әуезов ә)Ж.Жабаев б) Қ.Тұрлыбайұлы 3. Сүйінбай ақынның ескерткіші қай қалада орнатылған? а) Алматы ә)Талдықорған б)Тараз 4. Ақын қай ғасырда өмір сүрген? а) ХІХ ғасыр ә)ХХ ғасыр б)ІХ ғасыр 5. Сүйінбайды кім өзіне пір тұтқан? а) Мағжан ә)Жамбыл б)Дулат 6.Сүйінбайдың арғы атасы а) Қабан ә)Күсеп б)Арон 7. Ақынның атасы Күсеп қандай адам болған? а) батыр, ақын, қобызшы ә)домбырашы, диқаншы б)шаруа адамы 8. Миуалы ағаш дегеніміз не? а) қураған ағаш ә)жемісі бар ағаш б) жемісі жоқ ағаш 9. «Бөлке» сөзінің мағынасын тап а) жеміс атауы ә)тағамға қатысы жоқ б)пеште пісірілген төртбұрышты нан 10. Қайсысы Сүйінбай Аронұлының өлеңі емес а) «Мақсұтқа» ә) «Жазғытұрым» б) «Қасымға» 7. Үйге тапсырма : Өздеріне ұнаған шумағын жаттап келу. 8. Бағалау
