Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
840.42 Кб
Скачать

26. Дифракциялық тор.

Айқын да анық дифракциялық суретті алу және бақылау үшін дифракциялық торды пайдаланады. Дифракциялық тoр дегеніміз — жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар және саңылаулардың жиынтығы.

Дифракциялық торды реттелген дифракциялық тop және реттелмеген дифракциялық тop деп бөледі. Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды, ал реттелмеген деп саңылаулары тәртіпсіз орналасқан торларды айтады. Геометриялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістіктік торлар деп те бөледі. Кеңістіктік реттелмеген торларға, мысалы, тұмандағы ауа тамшылары немесе мұз қиыршықтарының жиынтығы, көз кірпіктері жатады.

Оны алмаз кескішпен жасалған параллель және бір-біріне өте жақын орналасқан саңылаулар мен тосқауылдар жиынтығынан дайындайды. Саңылаудың ені а, ал тосқауыл-штрихтің ені b болсын, сонда b + a = d тордың тұрақтысы немесе периоды деп аталады.

27. Резонанстық қисық. Фазалар ығысуы.

Резонанс (лат. resonoфр. resonance — үн қосу, дыбыс қайтару) — периодты түрде сырттан әсер етуші күштің жиілігі тербелмелі жүйенің меншікті жиілігіне жақындағанда сол тербелмелі жүйедегі еріксіз тербелістер амплитудасының күрт арту құбылысы; мәжбүр етуші күштің жиілігі жүйе тербелісінің меншікті жиілігіне жуықтаған кезде жүйедегі мәжбүр тербеліс амплитудасының кенеттен артып кету кұбылысы.

Резонансты алғаш рет механика және акустикалық құбылыс ретінде италиян ғалым Г.Галилей, ал электр-магниттік жүйелерде, мысалы, тербелмелі контур арқылы ағылшын ғалымы Дж.Максвелл (1831 — 1879) қарастырған (1868). 

Резонанс қисығы - мәжбүр тербелісті сипаттайтың кандай да бір параметрдің (амплитуданын, фазаның және т.б.) сырткы әсердің жиілігіне тәуелділік графигі.

Мұндай айнымалы токтың әсерлік мәндері мынаған тең болады:

 ≈ 0,707  ,

 ≈ 0,707  .

Айнымалы ток тізбегінде индуктивтілік не сыйымдылықтың болуына байланысты ток күші ( ) мен кернеу ( ) арасында   фаза ығысуы пайда болады. Фаза ығысуы салдарынан ваттметрмен өлшенетін айнымалы токтың орташа қуаты ( ) әсерлік ток мәні мен әсерлік кернеу мәнінің көбейтіндісінен кем болады:

.

28. Юнг тәжірибесі

Ағылшын физигі Томас Юнг бірінші рет (1802 ж.) тәжірибе жасап, когерент жарық толқындарының интерференциясын бақылады. Юнгтың бұл тәжірибесінің сызбасы 18 - суретте көрсетілген.

Юнг тәжірибесінің сызбасы

Мұнда жарықтың параллель шоғы кішкене S тесігі арқылы А экранға түсірілген, одан өткен бытыраңқы жарық шоғы кішкене екі тесігі бар В экранға түскен, одан соң осы S1 және S2 тесіктерден өткен жарық С экранға түскен, сонда бұл экранның бетінде жарық және қара – қоңыр жолақтар, яғни интерференциялық көрініс байқалған. Бұл саңылаулар жарықтың когерентті көзі және экранда интерференция көрінісін жеткілікті айқын береді.

Интерференциялық жолақ ені экранда анықталады

дәл осы тәжірибе арқылы Юнг алғаш рет, әр түсті жарық сәулелеріне сәйкес келетін, толқындар ұзындығын өте дәл өлшеді.

29. Жарық поляризациясы

Жарық поляризациясы — жарық толқынының электр және магнит өрістері кернеуліктері векторларының (Е және Н) жарық сәулесі жазықтығына перпендикуляр жазықтықта бағдарлануының реттелуі. Электр өрісі кернеулігі (Е) мен жарық сәулесі жататын жазықтық полярлану жазықтығы деп аталады. “Жарықтың полярлануы” ұғымын И.Ньютон енгізген (1704-1706).

Жарықтың поляризациясының 3 түрі бар:

Сызықты поляризация – толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта.

Шеңберлік поляризация – индукция векторының айналу бағытына тəуелді

Эллипсоидты поляризация – шеңберлік жəне сызықты поляризацияланудың ортасындағы жағдай.

Жарықтың поляризациясы деп- жарықтың белгілі бір бағыттарда тербеліс жасауын айтамыз.Электр векторы тербеліс жасайтын жазықтықты- тербеліс жазықтығы, ал тербеліс жазықтығына перпендикуляр жазықтықты, яғнимагнит векторы тербеліс жасайтын жазықтықты- поляризация жазықтығы д.а.

Жарық поляризациялануы поляризация дәрежесімен анықталады:

P-поляризация дәрежесі.

–жарық интенсивтілігі;

Табиғи жарықтың поляризация дәрежесі 0-ге тең .

P=0

Поляризациялық құрылғылар. Поляризатор жəне анализатор ретінде турмалин пластинкасы, Николь призмасы, қара шыны айна, поляроидтар қолданылады. Ең қарапайым анализаторлар бұл турмалин пластинкасы. Турмалин пластинкасы жарықты күшті əлсіретеді жəне өрісті жасыл түске бояйды, сондықтан практикада Николь призмасы қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]