- •1. Механикалық қозғалыс материя - қозғалысының қарапайым формасы.
- •3.Материлдық нүкте түсінігі
- •4.Айналмалы қозғалыс кинематикасының элементтері.
- •5. Материалдық нүкте мен қатты дене динамикасы
- •9. Материалдық нүктелер жүйесі
- •10. Ішкі және сыртқы күштер
- •11. Энергия- қозғалыстар мен әрекеттердің әр түрлі формасының әмбебап өлшемі ретінде
- •12. Күш жұмысы және оның қисықсызықты интеграл арқылы түрлендіру
- •14. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның ішкі сыртқы күш жұмыстарымен байланысы.
- •16.Консервативті және консервативті емес күштер.
- •18. Импульстің сақталу заңы
- •19. Импульс моментінің сақталу заңы
- •20. Энергияның сақталу заңы
- •23. Еріксіз тербелістер.
- •26. Дифракциялық тор.
- •27. Резонанстық қисық. Фазалар ығысуы.
- •28. Юнг тәжірибесі
- •30. Малюс заңы.
- •31. Брюстер заңы.
- •33. Стефан – Больцман заңы:
- •34. Резонанс.
- •35. Электромагниттік толқындар
1. Механикалық қозғалыс материя - қозғалысының қарапайым формасы.
Механика – физиканың бөлімі, ол механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және сол қозғалысты жасайтын немесе өзгертетін себептерді зерттейді.
Механикалық қозғалыс – денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуының уақыт өткен сайын өзгеруі. Әдетте механика деп классикалық механиканы түсінеді; онда макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады, олардың жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан көп есе аз. Жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығына жақын денелердің қозғалыс заңдарын релятивтік механика зерттейді.
Кванттық механика – атомдар мен элементар бөлшектер қозғалыс заңдарын зерттейді.
Механика бөлімдері:
Кинематика – денелердің қозғалысын қарастырады, бірақ ол қозғалыстың себептерін қарастырмайды.
Динамика– денелердің қозғалысын және ол қозғалыстың себептерін қарастырады.
Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады.
Механика, нақты мәселенің шартына байланысты, денелердің қозғалыстарын сипаттау үшін әр түрлі қарапайымдалған физикалық моделдерді пайдаланады:
· материалдық нүкте – берілген мәселенің шартында формасы мен өлшемдерін ескермеуге болатын дене.
· Абсалют қатты дене – берілген мәселенің шартында деформациясын елемеуге болатын дене және ол дененің кез келген екі нүктесінің арақашықтығы тұрақты болып қалады.
· Абсолют серпімді дене – деформациясы Гук заңына бағынатын дене, ол сыртқы күштік әсерлер тоқталғаннан кейін мұндай дене өзінің бастапқы формасын толық қалпына келтіреді.
· Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштер әсері тоқталғаннан кейін деформацияланған күйін толық сақтайтын дене.
Қатты дененің кез келген қозғалысын ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың комбинациясы ретінде қарастыруға болады.
Ілгерілемелі қозғалыс – денемен қатаң байланысқан кез келген түзу өзінің бастапқы орнына параллель болып қалатын қозғалыс.
Айналмалы қозғалыс – дененің барлық нүктелері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында центрі жататын шеңберлер бойымен қозғалатын қозғалыс.
2.Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі
Кеңістік және уақыт ұғымдары физикалық теорияның негізін құрайды. Кеңістік және уақыт материядан ажырамайды, олар - бір-бірімен байланысқан материяның өмір сүру формалары. Кеңістік - материалдық нысандардың бар екендігін көрсетсе, уақыт - құбылыстардың ауысу ретін анықтайды.
Біз дененің механикалық қозғалысын қарастырғанда дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін айттық, демек оқиғаның барлығы әйтеуір бір жерде және қандай да бір уақыт мезетінде , басқаша айтақ кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Барлық қозғалыс салыстырмалы. Механикалық қозғалысты сипаттау үшін денелер жиынтығы, координата мен сағат жүйелерінен тұратын санақ жүйесі қажет болады.
Кеңістіктің бір кесіндісін яғни ара қашықтығын өлшеу үшін сызғыштан бастап, әртүрлі ұзындық өлшеуіш құралдар пайдаланылады.
Уақыт –оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі. Уақыттың нег қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі,тәуелсіздігің бір қалыптылығы, бір бағыттылығы.Уақыт арнаулы құрал- сағаттың көмегімен өлшенеді.
Санақ денесі – оған салыстырғанда басқа денелердің орны анықталатын қалауымызша алынған дене.
Санақ жүйесі деп– санақ денесімен байланысқан координаттар жүйесінен және уақыт есептейтін құралдан – сағаттан тұратын жүйені айтады.
