Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д.Ж.Эконом географиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.73 Кб
Скачать

8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.

Дамушы елдерде өндірілетін отын-энергетика байлықтары, оның ішінде негізгі мұнай өнімдері АҚШ, Батыс Еуропа елдеріне, Жапонияға, Қытайға экспортқа шығарылады.Мұнай өнеркәсібі-дүние жүзілік шаруашылыққа әсер ететін отын-энергетикалық өнеркәсібінің жетекші саласы. Бұл саланың әр жылдағы дамуы және оның әлем елдері бойынша географиялық таралуы бойынша мынадай мәліметтер бар: 1-ші рет мұнайды жер астынан бұрғылау скважинасы арқылы өндіру АҚШ-тың, Пенсильвания штатында 1859 ж іске асқаны ресми түрде тіркелген. Сол кезден бастап ешқандай өндіру тез қарқынмен дамыды.Мұндай өндіру 20 ғ.басында 1900 ж тек 20-ға жуық мемлекеттерде ғана өндірілетін олардың ішінде ең ірі табысқа әкелгендері: АҚШ, Венесуэла, Ресей. 2000 жылдың соңына қарай жылына 100 млн тоннадай астам мұнай өндіретін елдер саны 14-ке жетті.

  1. Сауд Арабиясы 440 млн тонна

  2. АҚШ 355 млн т

  3. Ресей 325 млн т

  4. Иран 185 млн т

  5. Мексика 170

  6. Венесуэла 160

  7. Қытай 160

  8. Норвегия 155

  9. Ирак 130

  10. Ұлыбритания 125

  11. Канада 125

  12. БАӘ 115

  13. Нигерия 105

  14. Кувейт 105

Аталған 14 мемлекеттің 7-еуі әлемдік мұнай экспорттаушы, мемлекет Опек ұйымының мүшесі, 4-еуі өте дамыған мемлекетке жатады.

Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі. Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.

Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа АҚШ Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған. Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.