- •Дүниежүзінің шаруашылық географиясының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
- •2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
- •3. Дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібіне, даму кезеңдеріне, географиясына және аймақтық ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •4. Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібінің географиясына, жеке елдер мен аймақтар бойынша дамуына сипаттама беріңіз.
- •5. Автомобиль көлігі, оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлін айқындаңыз. Халықаралық тасымалдағы маңызын анықтаңыз.
- •6. Аустралия мен Канадаға экономикалық-географиялық тұрғыда салыстырмалы талдау жасаңыз; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
- •Географиялық орналасуы
- •Канаданың экономикасы
- •7. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •9. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттарына шолу жасаңыз.
- •10. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз.
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
- •15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
- •17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
- •21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
- •22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
- •28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
- •29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
- •30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы —Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско ,Филадельфия, Детройт, Бостон , Хьюстон, Вашингтон, Даллас , Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді.
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
Индонезия Республикасы - Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқанОңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.
Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Аустралия ұүрлыұтарының арасында көпір болуда. Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. шаршы шақырым. Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандуң, Медан, Семаранг . Ресми тілі: индонезиялық (малай тілінің диалектісі), сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Ақшасы: индонезиялық рупия, 1 АҚШ доллары шамамен 9450 рупия турады. Ұлттық мейрам: 17 тамыз (тәуелсіздік жарияланған күн, 1945 ж.
Халқы: 242 млн. астам адам (әлемдегі 4-ші орын). Индонезияда 150 астам ұлттар мен этникалық топтар тұруда, соның ішінде явандықтар (45%), сундылар (14%), мадурлықтар (7,5%), малайлықтар (7,5%); қытайлар (шамамен 5 млн. адам), Йеменнен және Үндістаннан келген адамдар. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас.
Индонезия дүниежүзіндегі ең үлкен мұсылман халқы бар мемлекеті болып есептеледі. Шамамен халықтың 87 пайызы ислам діннің суннит бағытын ұстануда, 9% - христиан діннің әр түрлі бағыттарын ұстануда, 2% - индуизм, қалғандары – буддизм, конфуцианизм және анимизм діндерінің ұстанушылары.
Президенттік және унитарлық мемлекет. Президент мемлекет және үкімет басшысы болып есептеледі. 2004 жылдың 20 қазанынан бастап (2009 жылдың 8 шілдеде екінші мерзімге сайланды) Сусило Бамбанг Юдойоно Индонезия Президенті ретінде болуда және елдің қарулы күштерінің қолбасшысы міндетін атқаруда. Вице-президент Боэдино, «Демократтар Партиясының» өкілі. Елдің ең жоғарғы заңшығарушы өкілді органы ретінде екі палаталық Халықтың Консультациялық Ассамблеясы болып табылады (People’s Consultative Assembly). Аталған Ассамблея - Аймақтар Өкілдері Кеңесінен (Regional Representative Council) және Халықтың Өкілдер Кеңесінен (People’s Representative Council) тұрады. Бүкіл депутаттық құрылым (Аймақтар Өкілдері Кеңесі – 132 адам, Халықтың Өкілдер Кеңесі – 560 адам) тікелей парламенттік сайлау арқылы құрастырылады. Халықтың Консультациялық Ассамблеясының төрағасы - Тауфиг Киемас (2009ж. қазан айынан бастап).
Ауыл-шаруашылығы - Индонезия экономикасының басты саласы болып табылады. Мемлекет аумағының 25% өңдеуге жарамды. Елде жыл сайын 48 мың тонна кофе, 2 миллион тонна пальманың майын, 250 мың тонна шай жинауда. Сонымен қатар татымды, темекі, қантты қамыс, жүгері заттарымен қоса тропикалық жемістерді және көкөністерді үлкен көлемде жинауда. Ұлттық дамудың орташа мерзімді жоспарының басты салаларының бірі ретінде мұнай шығару көлемін үлкейту болып есептеледі. Оның елдегі барланған қорлары шамамен 6 млрд. баррель құрайды. Аталған қорлардың көбісі теңіз жағалауында орналасқан. Елдегі ең ірі мұнай кен орындары Дури мен Минас Орталық Суматра аралында ашылған. Басқа ірі кен орындарын жетілдіру мен мұнай шығару жұмыстары Ява аралының солтүстік-батыс жағалауында да жүргізілуде. Ява аралындағы тоқтатып қойылған Чепу мұнай кен орнын зерттеу барысында, онда шамамен 500 млн. баррель бар екендігі көрсетілді. Қазіргі таңда Индонезия территориясында жалпы қуаты 1 млн. баррель мұнайды өңдей алатын 8 мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Ұлттық мұнай компаниясы «Пертамина» 2012 жылға дейін әр жыл сайын мұнай шығару көлемін орташа шамамен 13-17 пайызға үлкейтуді жоспарлауда. Индонезия заттарын сатып алатын (импорттайтын) мемлекеттер - Қытай – 15,1 %, Еуропа Одағы (Германия, Франция, Ұлыбритания) – 14,4 %, Жапония – 12,2 %, АҚШ – 9,0 %, Сингапур – 7,4 %, Австралия – 5,3 %, Малайзия – 4,1 %, Оңтүстік Корея – 4,0 %, Тайвань – 2,8 % . Шетел инвестицияларының басты салалары химиялық және фармацевтикалық өндірістері, қағаз, тамақ және кен қазу өндірістері, сауда және құрылыс болып есептеледі. Шетел инвестицияларының қаражат бөлудегі басты аудандары әкімшілік округі Джакарта қаласы, Батыс және Шығыс Ява, Риау және Бантен провинциялары болып табылады. Шетел инвестицияны бөлетін басты мемлекеттер - Ұлыбритания, Тайвань, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея
Индонезия Республикасы 31 провинцияға және 2 ерекше әкімшілік округқа – Джакарта және Джокьякарта қалаларына бөлінеді.
