- •Дүниежүзінің шаруашылық географиясының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
- •2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
- •3. Дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібіне, даму кезеңдеріне, географиясына және аймақтық ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •4. Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібінің географиясына, жеке елдер мен аймақтар бойынша дамуына сипаттама беріңіз.
- •5. Автомобиль көлігі, оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлін айқындаңыз. Халықаралық тасымалдағы маңызын анықтаңыз.
- •6. Аустралия мен Канадаға экономикалық-географиялық тұрғыда салыстырмалы талдау жасаңыз; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
- •Географиялық орналасуы
- •Канаданың экономикасы
- •7. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •9. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттарына шолу жасаңыз.
- •10. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз.
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
- •15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
- •17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
- •21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
- •22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
- •28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
- •29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
- •30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Ең жас көлік түрі. 1948 ж әлемде әуе көлігіміен 20 млн жолаушы ғана тасымалданса, 1995 ж 2 млрд-тан астам, ал 2012 ж 3 млрд-тай жолаушы тасымалданды. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франдия — Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүние жүзіндегі ірі әуежайлар: «О’Хара» (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, «Хитроу» (Лондон), «Ханеда» (Токио) және т.б.
Әлемде 30 мыңнан астам әуежайлар бар. Жоғары дыбысты «Конкорд» түріндегі лайнерлер аса бағалы, дыбыс жылдамдығынан 2,5 есе жоғары. «Боинг» аэробусы темір жолымен тең жолаушылар тасымалдайды.
Ірі әуежайлар АҚШ-та (Чикаго - 65 млн. пассажиров в год, Атланта, Даллас, Лос-Анджелес), Батыс Еуропада (Лондон - 50 млн., Франкфурт-на-Майне, Париж) және Жапонияда (Токио - около 45 млн.). Әуе көлігі жолаушылар тасымалынан дж І орында. Сонымен қатар мына ауқымды елдерде жолаушылар тасымалдарынан да әуе көлігі бірінші орында (Россия, США, Канада, Австралия).
27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
1949 жылы НАТО-ға мүше болып кіріп, елде АҚШ әскери базалары орналастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ, химия, машина жасау, т.б.) тез дамып, Италия индустриялы-аграрлы елге айналды. Ол көптеген халықаралық ұйымдарға: БҰҰ-ға (1955), Еуропа кеңесіне (1949), Еуропалық одаққа (1957), т.б. мүше.
Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.
Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
