- •Дүниежүзінің шаруашылық географиясының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
- •2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
- •3. Дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібіне, даму кезеңдеріне, географиясына және аймақтық ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •4. Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібінің географиясына, жеке елдер мен аймақтар бойынша дамуына сипаттама беріңіз.
- •5. Автомобиль көлігі, оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлін айқындаңыз. Халықаралық тасымалдағы маңызын анықтаңыз.
- •6. Аустралия мен Канадаға экономикалық-географиялық тұрғыда салыстырмалы талдау жасаңыз; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
- •Географиялық орналасуы
- •Канаданың экономикасы
- •7. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •9. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттарына шолу жасаңыз.
- •10. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз.
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
- •15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
- •17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
- •21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
- •22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
- •28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
- •29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
- •30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар.
Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер -шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды.
Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады (2-қосар беттегі картаны қараңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі (косымшадағы 14-кестені караңдар). Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен.Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды құрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ішінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары бірқатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшілігі дамыған елдерде шоғырланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы алуға мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ.Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы XX ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соньщ салдарыная әлемдік жүзілік экономика дамуышы қаркықлы өзін-өзі жоғалтты. Энергетикалық қорларының есімінен асып түсті, төмендей бастады. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы өлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді. "Ресурстық жомарттық" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды. Минералдық ресурстар. Минералдық ресурстарға металдар, металл емес, пайдалы қазбалар, техникалык, кұрылыс материалдары жатады (10-сызба- нұсқаны жөне косымшаны қарандар).Пайдалы казбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер кыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта ендеуге байланысты. Сонымен қатар болатты езге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай.
