- •Дүниежүзінің шаруашылық географиясының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
- •2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
- •3. Дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібіне, даму кезеңдеріне, географиясына және аймақтық ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •4. Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібінің географиясына, жеке елдер мен аймақтар бойынша дамуына сипаттама беріңіз.
- •5. Автомобиль көлігі, оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлін айқындаңыз. Халықаралық тасымалдағы маңызын анықтаңыз.
- •6. Аустралия мен Канадаға экономикалық-географиялық тұрғыда салыстырмалы талдау жасаңыз; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
- •Географиялық орналасуы
- •Канаданың экономикасы
- •7. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •9. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттарына шолу жасаңыз.
- •10. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз.
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
- •15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
- •17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
- •21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
- •22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
- •28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
- •29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
- •30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
Қазіргі уақыттағы әлемдегі шиеленіс аймақтарына:
Израиль мен Палестинадағы 1948 жылы басталып, әлі күнге дейін шешуін таппаған қақтығысты жатқызсақ болады;
Сирия мен Ирактағы ислам дінінің атын жамылған ислам содырлары. Осы 2 елдегі ислам содырларының террорлық іс-әрекеттерінің қарқыны күннен күнге артып барады. Әсіресе бұл аумақтағы бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Сондықтан осы 2 аумақты әлемдегі шиеленіскен аумаққа жатқызсақ болады. Бұл аумақтағы шиеленісті реттеу үшін БҰҰ мен НАТО-ның әскерлері араға түсуде;
Келесі бір шиеленіскен аумаққа Таяу Шығыста орналасқан Ауғанстандағы мажзахиттер мен жергілікті әкімшіліктің арасындағы діни сеператизмдік қақтығыстар жатады. Ауғанстаннан НАТО әскерлері 2016 жылы шығарылады. Ал Ауғанстандағы аталған шиеленіс қазірдің өзінде өрбіп тұр, НАТО әскерлері шығарылғаннан кейін ол қақтығыс одан әрі өрбиді.
Азиядағы Таиланд пен Камбоджадағы қызыл кмерлер арасындағы шекарааралық шиеленіс жатады;
Еуропадағы ұлттық шиеленіске Испанияның Солтүстік-Батысындағы баскілердің террорлық әрекеттері жатады;
Солтүстік Африкадағы Ливиядан заңсыз Италияға қарапайым халықтың баса көшуі немесе АҚШ пен Мексика арасындағы заңсыз мигранттардың алмасуы жатады;
Келесі бір шиеленіскен аумақтың бірі – Үндістан мен Пәкістан арсындағы Джамбу-Кашмир аймағындағы жерге таласушылықтың нәтижесінде пайда болған шиеленіс;
Шри-Ланкадағы тамир жолбарыстары деп аталатын сеператистік ұйымның арқасында туындаған шиеленіс;
Қытай Халық Республикасындағы Ұйғыр Циньзань автономиясында үйғыр сеператисттері мен қытай әскерлкрінің арасындағы қақтығыс. Сонымен қатар Қытайдағы Тибет аумағындағы шиеленіс;
Солтүстік Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 38-параметр шиеленіс аймағы;
Куриль аралдары үшін Жапония мен Ресей арасындағы жер үшін дау. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда Ресей Жапонияның Куриль аралдарындағы біраз аумақты өзіне иемденіп алған болатын. Енді сол жерлерді Жапония Ресейден қайта талап етуде;
Қытай Халық Республикасы мен Жапония арасындағы бейтарап аралдарға таласу арқасында туындаған шиеленіс.
22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
Теңіз көлігі дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып саналады. Қазір жалпы 800 млн т жүк көтере алатын 42 мыңға жуық кеме мұхит айдынында жүзіп жүр. Дүниежүзілік жүк тасымалының 64%-ы осы су көлігіне тиесілі және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.
Дүниежүзілік теңіз-сауда флотындағы кемелердің жалпы құрамының 1/3 бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің туы астында («ыңғайлы тулар») тіркелген, 1/5-і дамушы елдерге, ал қалғандары постсоциолистік елдер үлесінде.
Дүниежүзілік теңіз-сауда флотының жетекші елдері: Либерия, Панама, Жапония, Грекия, АҚШ, Кипр, Қытай. Бұл «ыңғайлы тулар» астындағы елдер жүк тасымалының өзіндік құнын 3 есеге жуық арзан тасиды.
Негізгі теңіз жолдары – Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарында. Тек Атлант мұхитында дүниежүзілік жүк тасымалының 50%-ға жуығы тиесілі. Бірақ кейінгі жылдары жүк тасымалы Тынық мұхитында да қарқынды дамып келеді (Жапония және жаңа индустриялы елдер).
Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды мұнай және мұнай өнімдері алады. Олардың үлесіне 1 млрд т жүк тасымалы тиеді. Ірі жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасады да, ол Батыс Еуропаға, Жапонияға, АҚШ-қа бағытталады.
Сонымен қатар көмір тасу құрғақ жүктер арасында бірінші орынды алады.
Темір кенін теңіз көлігімен тасымалдау жылына 350 млн т-ға жетті. Оны н егізгі экспорттаушы елдер – Бразилия мен Аустралия.
Дүниежүзі бойынша астық тасымалдауда теңіз көлігінің маңызы зор (жылына 250 млн т-ға жуық). Тасымалданған астық көлемінің жартысына жуығы дамушы елдерге жөнелтіледі. Дүнежүзілік ірі порттар (жүк айналымы бойынша): Сингапур, Роттердам (Нидерланды), Шанхай (Қытай), Нагоя, Йокохама, Тиба, Кобе (Жапония), т.б
Батыс Еуропаның ірі порттары халықаралық маңызы бар «теңіз қақпасы» болып саналады. Мысалы, дүниежүзіндегі ең ірі порттардың бірі – Роттердам дүниежүзілік жүк айналымының 2/3-сін құраса, одан әрі ішкі өзендер (негізінен, Рейн өзенімен) каналдар арқылы құрлықтың басқа да елдеріне тасымалданады.
Теңіз тасымалында бұғаздардың маңызы өте зор. Оларү: Ла-Манш, Гибралтар, Малакка, Ормуз, Босфор және теңіз каналдары (Суэц, Панама, Киль). Дүниежүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы – Ла-Манш арқылы тәулігіне 500 кеме өтсе, ең ірі Суэц каналынан жылына 18 мың кеме (тәулігіне 50 кеме) өтеді.
Қазақстанның су көлігінің жалпы ұзындығы – 5,5 мың км. Оның ішінде кеме қатынайтын су жолының ұзындығы – 4,0 мың км. Су көлігінің негізгі түрі – теңіз көлігі. Ол Мақат – Бейнеу – Маңғыстау теміржолының салынуына байланысты 1964 жылы қаланды. Қазәр Ақтау қаласында еліміздегі ең ірі теңіз-сауда порты жұмыс істейді. Онымен Иранға (Наушахр қаласы), Әзірбайжанға (Баккы, Сумгаит қалалары), Ресейге (Астрахан қаласы), Түрікменстанға (Марата, Түрікменбашы қалалары) құрғақ және сұйық жүктер тасымалданады.
Жалпы жүк айналымы жылына 50 млн т-дан асатын теңіз порттары:
АҚШ (Оңтүстік Луизиана, Валдиз, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Филадельфия, Нью-Орлеан, Тампа, Лос-Анджелес, Хьюстон);
Мексика (Тампико);
Бразилия (Тубаран);
Канада (Ванкувер);
ОАР (Ричардс-Бей);
Сингапур (Сингапур);
Еуропа (Лондон, Роттердам, Гамбург, Антверпен, Гавр, Марсель, Генуя);
Египет (Александрия);
Қытай (Шанхай, Сянган, Гаосюн, Нинбо, Тяньцзинь, Гуанчжоу, Циндао, Циньхуандао, Шэньчжен, Далянь);
Жапония (Токио, Тиба, Кавасаки, Йокохама, Нагоя, Кобе, Осака, Куре, Ктакюсю);
Сауд-Арабиясы (Мина-Әл-Ахмади, Харк, Рас-Таннура).
Корея Республикасы (Пусан, Кваньян).
