Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д.Ж.Эконом географиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.73 Кб
Скачать

15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

  • кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)

  • негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

  • жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)

  • химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

Химия өнерәісібі өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел еенгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

  • 1)алуан түрлі, құрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдалануы;

  • 2)құрылымы жағынан өте күрделі болуы;

  • 3)энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуц;

  • 4)кейбір салларының суды көп мөлшерде пайдалануы;

  • 5)ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;

  • 6)қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;

  • 7)шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.

Химия өнеркәсібінің орналасуы дүние жүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи,экономикалық,тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Соныдқатн оның құрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде 3 топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке-техникалық бұымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.

Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтың басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуды. Шикізат ретінде мұнай химиясының жартылай дайын өнімдері пайдалынады.Ғылымды көп қажет ететін бұл өндіріс жоғары дамыған елдерде және Азияның жаңа индустриялық елдерінде шоғырланған. Дүние жүзі бойынша өндірілетін пластмассаның 75%-ын бар болғаны он ел, ал жартысынан астамын 3 жетекші ел (АҚШ,Жапония,ГФР) береді. Негізгі химия шығаратын полимер арасында жасанды каучук бар. Қазіргі кезде ҒТР жетістіктерін кеңінен пайдалану нәтижесінде жасанды каучук өзінің сапасы (температураның ауытқулары мен отқа төзімділігі) жөнінен табиғи түрінен асып түседі. Жасанды каучук өндірісі автомобиль жасайтын жетекші елдерде күшті дамыған. Полимер өндірісінде химиялық талшықтар жасау да айрықша орынға ие. Қазргі кезде жасанды талшықтар өндіру тіпті табиғи талшықтар өндірісін басып озды. Химиялық талшықтар жеңіл өнеркәсіпте ғана емес, шаруашылықтың көптеген саласында техникалық мақсатта кеңінен пайдалынады. Химиялық талшық өндірісі де аумақтық шоғырлануымен көзге түседі; бұл сала өнімнің 2/5 бөлігі Қытай, АҚШ және Тайваньға тиесілі.

Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғарланған. Дүние жүзінде өндірілетін дәрі-дірмектің ¾ бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады. Энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе мқнай мен газ ресурстары мол елдерде әлдеқайда тез өсе бастады. Парсы шығанағы, Солтүстік Африка елдерінде, Мексика мен Венесуэлада ірі мұнай-химия кешендері қатарға қосылды.