- •Дүниежүзінің шаруашылық географиясының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.
- •2. Ресурспен қамтылу туралы ұғым. Дүниежүзі елдері шаруашылығын орналастырудағы табиғи-ресурстық әлеуеттің рөліне баға беріңіз.
- •3. Дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібіне, даму кезеңдеріне, географиясына және аймақтық ерекшелігіне сипаттама беріңіз.
- •4. Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібінің географиясына, жеке елдер мен аймақтар бойынша дамуына сипаттама беріңіз.
- •5. Автомобиль көлігі, оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлін айқындаңыз. Халықаралық тасымалдағы маңызын анықтаңыз.
- •6. Аустралия мен Канадаға экономикалық-географиялық тұрғыда салыстырмалы талдау жасаңыз; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
- •Географиялық орналасуы
- •Канаданың экономикасы
- •7. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясына сипаттама жасаңыз.
- •8. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясына шолу жасаңыз.
- •9. Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттарына шолу жасаңыз.
- •10. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлерін ажыратыңыз.
- •11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
- •12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз.
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
- •15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •16. Дүниежүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттаушы мемлекеттер типін ажыратыңыз.
- •17. Иран Ислам Республикасы: Табиғи ресурстарының қоры, мемлекеттік құрылысының ислам дініне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.
- •19. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, қүрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясына шолу жасаңыз.
- •20. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығының дамуындағы интенсивті мал шаруашылығының орны. Өндіріс өнімін экспорттаушы мемлекеттерді ажыратыңыз.
- •21. Әлемдегі шиеленіс аймақтарына тоқталып, саяси-географиялық тұрғыда талдау жасаңыз.
- •22. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттарына сипаттама жасаңыз.
- •23. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
- •24. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясына түсініктеме беріңіз.
- •25. Жапония: экономикалық-географиялық орны, мемлекеттік құрлысы мен шаруашылығына талдау жасаңыз.
- •26. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі порттарының географиясына қысқаша сипаттама беріңіз.
- •27. Италия Республикасы - ежелгі өркениет бесігі, дүниежүзілік қауымдастықтағы қазіргі орнын сипаттаңыз.
- •28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.
- •29. Америка Құрама Штаттары-мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін, шаруашылығының әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
- •30. Индонезия Республикасы - саяси экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылығына сипаттама беріңіз.
14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі.
Түсті металлургия ауыр өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі. Ол түсті металдарды өндіру, байыту, металдың құймалары мен қоспаларын және қалдықтарын өңдеумен, олардан әр түрлі бұйымдар жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы.
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми - техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Түсті металдарды ортақ қасиеттеріне және пайдалануына қарайбасты 5 топқа бөледі:
Ауыр түсті металдар – Cu, Ni, Zn, Pb, Sn, Hg, V, As,Cd т.б.
Жеңіл металдар – Al, Mg, Ti
Сирек кездесетін металдар – Sr, Ga, Ge, B, In т.б.
Қара металлургияда қолданылатын металдар – W, Va, Mo, Cr
Бағалы металдар – Au, Pt, Ag, Os т.б.
Түсті Металлургия Өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Азияның, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезеңінде-ақ пайда болған. Африкада отарлау саясаты жүргізілу кезінде онда дүние жүзіндегі аса ірі мыс кенінің бірі қалыптасты. Бұл Заир мен Замбияның аумағындағы ежелгі теңіздің жағалау сызығын бойлай 500 шақырымға созылып жатқан Мыс белдеуі. Мұндағы мыс кен орны бұдан 600 млн. жыл бұрын п.б. бұл белдеуде мыс өндіріліп, қара ж/е тазаланған мыс дайындалады.
Д.ж. бокситті өндіретін аса ірі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегінде орналасқан. Мұнда арзан ашық әдіспен өндірілетін боксит глиноземге айналдырылып, өңделеді де басқа елдерге шығарылады. Соңғы 20-30 жылда АҚШ-та, Батыс Еуропа, Жапонияда қара металлургия сияқты, түсті металлургияның дамуы да күрт баяулайды. Дамушы елдерде бұл сала, керісінше, айтарлықтай тез өсе бастады. Бұл жаңадан игерілген бірқатар аудандардың пайда болуына байланысты. Бұл – осы елдерді индустрияландыру белгілерінің бірі.
Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан. Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі) Чили, Перу, Мексика аумағынан өтіп, Солт. Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында түсті және сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің дамуына жол ашты.
Алюминий алу үшін паидаланылатын негізгі шикізат- боксит. Дүние жүзіндегі боксит өндіретін аса ірі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегіпде орналасқан. Мұндағы арзан ашық әдіспен глинозимге айналдырылып, өңделеді де басқа елге шығарылады. Боксит өндіретін негізгі елдер- Австралия, Гвинея, Ямаика, Ресей, Бразилия, ал глинозем өндіру жөнінен- Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка.
Вольфрамның қоры жөнінен алдыңғы қатардағы елдер- Канада, Оңтүстік Карея, АҚШ. Запастағы қоры жөнініен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда.
