- •Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтанудың негізгі міндеттерінің иерархиясы
- •Микроәлеуметтанудың нысандары
- •Бақылауға арналған сұрақтар: Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік үдерістер
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтік институттардың типтері:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік құрылым және стратификация
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұлғаның әлеуметтендірілуі
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тұлғаның әлеуметтік типтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Білім әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Саясат әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тіртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экономика әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •«Халықтың тұтынушылық мінез-құлқы» деп аталатын кестені толтырыңыз
- •Бақылау сұрақтары:
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Некенің типологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2. Қысқаша формальды емес нұсқаулық (1 бетке жуық) жазыңыз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақ әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық зерттеулер: ұғымы, түрлері, процедуралары
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері және оны талдау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. Білім дегеніміз не?
2. Білімдегі формальды және формальды емес бақылаудың арақатынасы қандай?
3. Білім индивидтің мінез-құлқын қалай және ненің көмегімен реттейді?
4. Білімнің құрылымы.
5. Білімнің қазіргі заманғы әлеуметтік трендтері: елдер бойынша талдау жасаңыз (студенттің қалауы бойынша).
6. Қоғамдағы қазіргі заманғы білімнің контенті мен формалары қалай ауысуда?
7. Әр түрлі елдердегі білім жүйесінің міндеттеріндегі айырмашылық қандай? Егер айырмашылық бар болса, онда ол немен байланысты?
8. Шынайы өмірде елдегі білім жүйесіндегі жекелеген білім мекемелерінің ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттерін кім және қалай айқындайды?
№ 9-тәжірибелік сабақ
Саясат әлеуметтануы
Жұмыстың мақсаты: саясат әлеуметтануын оқып-үйрену.
Жұмысты орындау тіртібі
1. Төменде көрсетілген ұғымдардың қайсысы қандай анықтамаға сәйкес келеді:
а) истеблишмент; ғ) саяси конформизм;
ә) саяси жүйе; д) саяси дағдарыс;
б) саяси әлеуметтендіру; е) легитимділік;
в) аристократия; ж) лоббизм;
г) саяси билік; з) менталитет.
2. Еуропарламенттегі негізгі партиялық фракцияларды көрсететін ашық, толтырылмаған жерлерді толтырыңыз:
а) ортодоксальды коммунистер; ғ) тәуелсіз;
ә) еврокоммунисттер: д) христиандық демократтар:
б)________________; е)______________________
в) регионалистер мен и экологистер: ж) демократиялық қозғалыстар.
г)_____________
3. Ағымдағы саясат проблемалары бойынша БАҚ-та бұқаралық сауалнамалардың нәтижелерін тұрақты түрде жариялау халықты ақпараттандырудың тәсілі және қоғамдық пікірді манипуляциялаудың тәсілі бола ала ма?
БАҚ-тағы бұқаралық сауалнамалардың нәтижелерін пайдаланудың бірінші және екінші түрлері бойынша нақты мысалдар келтіріңіз.
4. Қандай да бір бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси карикатура материалдарын салыстырыңыз және осының негізінде аталмыштың БАҚ-тың идеологиялық бағытын көрсетіңіз.
5. Сайлау науқандарында өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін әр түрлі саяси партиялар пайдаланатын ерекше сайлау алды құралдарға (танымал музыка топтарының әндерінің мәтіндері, өлең шығармашылығы, дұға мәтіндері және т.б.) талдау жасаңыз.
6. Төменде Платон тұжырымдаған билік формаларының қайсысы көрсетілмеген: тирания, аристократия, олигархия, тимократия, демократия, …, …
7. Сол жақ бағанада көрсетілген ғалымдардың қайсысына оң жақ бағанадағы пайымдаулар сәйкес келетіндігін анықтаңыз.
Т. Парсонс |
Билік арнайы коммуникациялардың көмегімен жекелеген адамдардың әрекеттерін үйлестіру (келістіру) үшін қажет. |
Ч. Мерриам |
Билік – бұл қоғамның тұтастығын қолдаудың тәсілі. |
Н. Луман |
Билік – бұл басқа адамдарға пікірді таңудың тәсілі. |
П. Блау |
Билік – бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырудың механизмі. |
М. Вебер |
Билік ресурстарға деген қажеттіліктермен тығыз байланысты. |
М. Крозье и Д. Истон |
Билік – бұл өзінің еркін басқаларға таңуға көмектесетін, тиісті ресурстарға иелік ету. |
8. Төменде көрсетілген құбылыстарды үш топқа бөліңіз: 1) биліктің субъектілері, 2) биліктің нысандары, 3) билік ресурстары.
Мұнда кейбір құбылыстар бірден бірнеше топқа тиесілі болуы мүмкін, соған назар аударыңыз (бұл билік субъектісінің оның объектісіне деген қатынасына байланысты): өзекті жағдайды білу; не болып жатқандығы туралы білу; саяси партия; қатардағы әскери; бұқаралық ақпарат құралдары; «жасылдар» қозғалысы; қару-жарақ.
9. Қай пайымдаулар дұрыс емес екендігін көрсетіңіз. Оларды түзетіңіз. А) Монархия – бұл басқарудың формасы
Ә) Конституциялық республика – бұл мемлекеттік режим
Б) Тоталитарлы мемлекет – бұл басқарудың формасы
В) Федерация – бұл мемлекеттік құрылым
Г) Монархия – бұл саяси режим
Ғ) Демократия – бұл саяси режим
Д) Конфедерация – бұл басқарудың формасы
Ж) Унитарлы мемлекет – бұл мемлекеттік құрылым формасы
