Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lyapbaeva_N_Metodich_ukaz_kazakh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.44 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Девиантты мінез-құлық деген не?

2. Девиантты мінез-құлықты түсіндіретін негізгі тәсілдерді атаңыз.

3. Сіз девиацияның қандай түрлерін білесіз?

4. Девиантты мінез-құлықтың мәні мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.

5. Девиантты мінез-құлықтың түрлерінің (формаларының) мазмұнын ашып көрсетіңіз.

6. Девиация қандай функциялар мен дисфункцияларды орындайды?

7. Девианттық субмәдениеттерді атаңыз.

8. Девиантты мінез-құлықтың формаларының алдын-алу мен оларды жұмсартуда қоғамның әлеуметтік институттарының алатын орны мен атқаратын роліне талдау жасаңыз.

9. Девианттылықтың әлеуметтік әркелкілікпен қандай байланысы бар?

10. Девиантты мінез-құлықтың формаларының алдын-алу мен оларды жұмсартуда қандай шараларды қолданған жөн?

11. Әлеуметтік бақылаудың функциялары.

12. Әлеуметтік нормалар деген не?

13. Формальды және формальды емес бақылаудың арақатынасы қандай?

14. Индивид өзін-өзі бақылаудың көмегімен өзінің мінез-құлқын қалай реттейді?

15. Жалпы және толық бақылау қай жерде қолданылады

16. Әлеуметтік санкциялар қандай жағдайда қолданылады?

17. Қоғамда әлеуметтік жарлықтар қалай қолданылады?

8-тәжірибелік сабақ

Білім әлеуметтануы

Жұмыстың мақсаты: білім әлеуметтануының салалық ерекшеліктерін терең түсінуге қол жеткізу, білім әлеуметтануының классикалық және қазіргі заманғы тұжырымдамаларының ерекшеліктерін анықтау, білім әлеуметтануының жүйелік тәсілдерінің негізгі принциптерін қолдану, әлеуметтік жүйе ретіндегі білімнің негізгі элементтерін бөліп көрсету.

Жұмысты орындау тәртібі

1. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, білім әлеуметтануының теориялық дәстүрлері қоғамның топтарының әлеуметтік және саяси мүдделерімен байланысты ма? Өзіңіздің пікіріңізді дәлелдеңіз.

2. Әлеуметтанудың бастапқыдағы қалыптасу кезеңіне тән, оның пәнінің белгісіздік жағдайы білім әлеуметтануы секілді оның саласының институттандырылуына қалай ықпал етті?

3. Біліми әлеуметтану мен білім әлеуметтануының мақсаттары бір арнаға тоғыса ма?

4. Білім әлеуметтануының әр түрлі ағымдарында жинақталған зерттеушілік тәжірибеге сүйене отырып, Өзіңізге белгілі білім мекемелері мен үдерістеріндегі қазіргі қазақстандық білім жағдайын зерттеуге тұраралық бірнеше нақты проблемалар мен көземелдерді тұжырымдауға тырысыңыз.

5. Білімді әлеуметтанулық зерттеулерде дамып келе жатқан қандай теориялық дәстүрлер, Сіздің пікіріңіз бойынша, төмендегілерді ашып көрсетуде неғұрлым нәтижелі бола алады:

- қоғамдағы білім жүйесінің ролін;

- білім жүйелерінің қызметтері мен құрылымдарын;

- білім жүйесіндегі әлеуметтік-топтық қарама-қайшылықтарды;

- елдегі, әлемдегі білімді дамытудың келешегі мен стратегияларын;

6. Әлеуметтану ғылымының қандай категориялары мен проблемалары білімнің әлеуметтік-теориялық тұжырымдамаларын дамыту үшін сенімді негіз бола алады? Өзіңіздің көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

7. Сіздің пікіріңіз бойынша, әлеуметтанулық ғылым тұрғысынан төмендегі жағдайларды ескере отырып, бірінші кезекте, білімнің қандай теориялық және әлеуметтік-қолданбалы проблемаларына көңіл бөлген жөн:

- Қазақстандағы білім жүйесінің шынайы жай-күйін;

- сіздің өңірдегі білім жүйесінің жағдайын;

- қазақстандық білімнің жаңғыртылу келешегін;

8. Осы жүйе бойынша әлеуметтанулық зерттеулерді тәжірибелік тұрғыдан пайдалы қылуды қамтамасыз етудегі білім жүйесінің теориялық тұжырымдамаларының ролі қандай? Қандай да бір тұжырымдаманың жетіспеушілігін немесе жағымды ролін көрсететін мысалдар келтіріңіз.

9. Білімді әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеудің пәні мен проблемалық өрісі қалай өзгеруде? Бұл ненің ықпалымен орын алуда?

10. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар білімді айқындаудың бірыңғай тәсілдерін жасауға ұмтылуы тиіс пе? Мұндай қажеттілік пен мүмкіндік немен байланысты?

11. Білімде жүйенің белгілері бар ма? Оған жүйелік сипат беретін не?

12. Психологиялық және педагогикалық талдау жасаумен салыстырғанда білім жүйесіне әлеуметтанулық талдау жасаудың ерекшелігі неде?

13. Әртүрлі типтегі және деңгейлердегі білім мекемелерінің қызметінде корпоративтік мінез-құлықтың белгілері бар ма?

14. Жеке алғандағы білім мекемелерінің корпоративтік мүдделері білім жүйесінде көрсетілген қоғамның мүдделерімен қаншалықты сәйкес келеді? 15. Қоғамдық білім беру жүйелерінің функцияларының, мақсаттарының, міндеттерінің арасындағы айырмашылық неде?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]