- •Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтанудың негізгі міндеттерінің иерархиясы
- •Микроәлеуметтанудың нысандары
- •Бақылауға арналған сұрақтар: Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік үдерістер
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтік институттардың типтері:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік құрылым және стратификация
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұлғаның әлеуметтендірілуі
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тұлғаның әлеуметтік типтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Білім әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Саясат әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тіртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экономика әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •«Халықтың тұтынушылық мінез-құлқы» деп аталатын кестені толтырыңыз
- •Бақылау сұрақтары:
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Некенің типологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2. Қысқаша формальды емес нұсқаулық (1 бетке жуық) жазыңыз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақ әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық зерттеулер: ұғымы, түрлері, процедуралары
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері және оны талдау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары бір-бірінен несімен ерекшеленді?
2. Тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі проблемаларын атап көрсетіңіз.
3. Тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар ықпалын тигізеді?
4. Тұлғаның рольдік тұжырымдамасының мәні неде?
5. Сіз тұлғаның қандай тұжырымдамаларын білесіз?
6. Тұлғаның қандай типологиялары бар?
7. Э.Фромм жасаған тұлғаның типологиясын сипаттаңыз.
№ 7-тәжірибелік сабақ
Девиация және әлеуметтік бақылау
Жұмыстың мақсаты: девиантты мінез-құлықтың түрлерінің мазмұнын ашып көрсету.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Балалар үйінде өскен балалар оларды қаншалықты қанағаттанарлық деңгейде асырап, тәрбиелеп, оқытқанына қарамастан отбасында тәрбие алған балалардан ерекшеленетіндігі белгілі. Қазіргі уақытта отбасылық балалар үйі ашылып жатыр, онда бөтен ересек адамдар әке мен ананның ролін атқарып, сол арқылы отбасының құрылымын жасауда. Әлеуметтендірудің табысты болуы үшін, коммуна немесе балалар үйі емес, неге нақ осы отбасы қажет? Негіздеңіз.
2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, төменде көрсетілген себептердің қайсысы Қазақстанда қылмыстың артуына ықпал етіп отыр?
- аномия;
- әлеуметтік шиеленістердің өткірлігінің артуы;
- әлеуметтік бақылау институттарының әлсіздігі;
- экономиканың либералдануы;
- қоғамның маргиналдануы;
- қоғамның дәстүрлері;
- әлеуметтендіру жүйесінің дағдарысы;
Келтірілген тізімді толықтыр.
3. Берілген ұғымдар мен анықтамалардың қайсысы бір-біріне сәйкес келетінін көрсетіңіз:
а) бақылаудың орын толтыратын түрі е) аномия;
ә) девиация; ж) бақылаудың терапевтік формасы
б) тумысынан қылмыстық тип з) ауытқу;
в) «жарлықтарды іліп қою» теориясы; и) норма;
г) оң девиация; к) жазалау дағдарысы;
ғ) нормалардың шыдамдылығының қ) әлеуметтік жақындық;
шегі;
д) девиантты мінез-құлық; л) жағымсыз девиация;
әлеуметтануы м) әлеуметтік бақылау.
4. Неандерталдық адам қазіргі заманғы қоғамға тап болып, ұрлық жасады деп елестетіңіз. Ч.Ламброзоның көзқарасы тұрғысынан төменде көрсетілген тұжырымдамалардың қайсысы оның мінез-құлқын түсіндіре алады:
а) девиацияның себептерінің биологиялық тұжырымдамасы;
ә) К.Маркстың девиацияның себебін түсіндіретін тұжырымдамасы;
б) Э.Дюркгеймнің девиацияның себебін түсіндіретін тұжырымдамасы в) «жарлықтарды іліп қою» теориясы.
5. Миссис Смит, өзінің сөмкесін жұлып әкеткен бұзақыны сипаттай келе, оған мынандай сипаттама береді: «кішкентай бойлы, тақырбас, кәдімгі есерсоқ, кедей кварталдан екендігі айқын көрініп тұр, әрі өзі жабайы». Төменде көрсетілген бағыттардың қайсысы оның жауабына сәйкес келеді:
а) психологиялық бағытқа;
ә) биологиялық бағытқа;
б) мәдениеттанулық бағытқа;
в) әлеуметтанулық;
г) барлығына.
6. Р.Мертон девианттар тобының біріне сипаттама бергенде «мүлдем жолы болмағандық» деген терминді қолданады. Осы термин төмендегі топтардың қайсысына қатысты қолданылады:
а) жолы болмаған қылмыскерлер;
ә) өзін-өзі өлтірушілер;
б) нашақорлар;
в) сайлауда жеңіліске ұшыраған саяси көшбасшылар.
8. Профессор Иванов студенттерге өте либералды оқытушы ретінде танымал. Ол студенттерге сынақты көбіне «автомат қояды». Ол төменде көрсетілген бақылаудың формасының қайсысын қолданады:
а) білімдік;
ә) жазалаушы;
б) бітімгерлік;
в) орын толтырушылық;
г) терапевтік.
9. Нормалардың салыстырмалылығына өзіндік мысалдар келтіріңіз:
а) норманың әркет орнына байланысты;
ә) норманың әрекет ету уақытына байланысты;
б) жалпы мәдениетте субмәдениеттің болуы;
в) нормалардың түйісуі;
г) бір норманың бұзылуы бойынша әлеуметтік төзімділіктің әр түрлі дәрежелерінің болуы.
10. Р.Мертон өзін-өзі өлтірушілер мен қылмыскерлер өздерінің сипаты бойынша бір-біріне қарама-қарсы екі тип болып табылады деп есептейді. Өзін-өзі өлтірушілер мен қылмыскерлердің бір-біріне қарама-қарсы әлеуметтік-экономикалық белгілерін анықтап көрсетіңіз.
11. Әр түрлі идеологияның, топтың, мәдениеттің өкілдерінің «қалыпты» және девиантты болып табылатын, сондай-ақ жағымды және жағымсыз болып табылатын бір құбылысты бағалауына өзіндік мысалдар келтіріңіз.
12. XX ғасырдың 30-40 жылдарында неге біздің елімізде қылмыскерлер «әлеуметтік тұрғыдан жақын адамдар» ретінде қарастырылды?
13. Ұғымдарға сәйкес келетін анықтамаларды көрсетіңіз:
а) девиантты мінез-құлық; д) инклюзив;
ә) саяси нормалар; е) мінездің акцентуациясы
б) жарлықтар; ж) әлеуметтік бақылау;
в) позитивті девиантты мінез-құлық; з) пенитенциарлық әлеуметтану;
г) норма; и) формальды емес бақылау.
ғ) құқықтық нормалар;
14. Соңғы уақыттарға дейін өзіне-өзі қол жұмсауға деген құқық – адамның ажырамас құқығы деген пікір айтылып келді, сондықтан оны іске асыруға кедерге жасайтын адамдар тұлға құқығына қол сұқты деп айыпталды. Мұндай көзқарастар өмір сүріп тұрған құқықтық, діни, моральдық нормалармен қалай арақатынаста болады?
