- •Әлеуметтану ғылым ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтанудың негізгі міндеттерінің иерархиясы
- •Микроәлеуметтанудың нысандары
- •Бақылауға арналған сұрақтар: Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік үдерістер
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Әлеуметтік институттардың типтері:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтік құрылым және стратификация
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұлғаның әлеуметтендірілуі
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Тұлғаның әлеуметтік типтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Білім әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Саясат әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тіртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экономика әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •«Халықтың тұтынушылық мінез-құлқы» деп аталатын кестені толтырыңыз
- •Бақылау сұрақтары:
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Некенің типологиясы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2. Қысқаша формальды емес нұсқаулық (1 бетке жуық) жазыңыз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақ әлеуметтануы
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық зерттеулер: ұғымы, түрлері, процедуралары
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әлеуметтанулық ақпарат жинау әдістері және оны талдау
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Мазмұны
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қоғамда әлеуметтік теңсіздіктің қандай түрлері бар?
2. «Әлеуметтік құрылым» және «әлеуметтік стратификация» ұғымдары бір-бірімен қалай байланысады?
3. Әлеуметтануда қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің қандай тәілдері бар?
4. Әлеуметтік диффренциация деген не?
5. Әлеуметтік стратификацияның функцияларының мәнісі неде?
6. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің стратификациялық тәсілінің қандай ерекшеліктері бар?
7. Дамыған батыстық қоғамдардың әлеуметтік стратификациясының нәтижесін атап көрсетіңіз.
8. Елдегі саяси және экономикалық реформалардың іске асырылуы әлеуметтік стратификацияға қалай ықпал етуде?
№ 6-тәжірибелік сабақ
Тұлғаның әлеуметтендірілуі
Жұмыстың мақсаты: тұлғаның әлеуметтенуінің мәнін ашып көрсету.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Оқу әдебиеттерінен мына негізгі ұғымдардың анықтамасын тауып, оларды есте сақтаңыз:
Тұлға.
Тұлғаның психологиялық құрылымы.
Тұлғаның әлеуметтік сапалары.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
Тұлға жүйесінің ерекшеліктері.
Тұлғаның әлеуметтік типтері.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық типтері.
2. Аталмыш тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру үшін Cіз мынандай маңызды терминдердің мағынасын түсініп, оларды есте сақтауыңыз қажет.
Адам. Мүдделер.
Индивид. Бағыт.
Тұлғаның әлеуметтік мазмұны. Сенімділік.
Сана-сезім. Мақсат.
Өзін-өзі бағалау. Құндылықтық бағыт-бағдар.
Белсенділік. Ұқсастыру, теңестіру.
3. Төмендегі сұлбада тұлғаның әлеуметтік типтері көрсетілген. Бірақ, олардың екеуі сұлбада жазып көрсетілмеген. Сіздің міндетіңіз: аталмыш сұлбаны тұлғаның жетпей тұрған типтерімен толықтыру.
Тұлғаның әлеуметтік типтері
4. «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының арасында өзара қандай байланыс бар?
5. Сіз қалай ойлайсыз, тұлғаның қалыптасуында биологиялық тұғымқуалаушылық қандай роль атақарады, ал әлеуметтік жағдайлар мен тәрбие ше? Өзіңіздің пікіріңізді негіздеңіз.
6. Үндістанда мынандай аңыз бар. ХV ғасырда Акбар патшаның ауласында ойшылдар арасында пікір-талас орын алады. Біреулері айтады, қытайдың баласы ешкім үйретпесе де өзі-ақ қытайша сөйлейді, арабтың баласы арабша сөйлейді және т.б. Тағы да біреулері айтты, балаларға қандай тілге үйретсе, сол тілде сөйлейтін болады, бұл жерде қандай ұлтқа жататындығының ешқандай мәнісі жоқ десті. Патша бұл жанжалды былайша шешті. Ол жаңадан туылған әр түрлі ұлттың балаларын оқшауланған бір бөлмеге қамап қоюға бұйрық берді. Балаларды тілдері кесілген адамдар бақты. Жеті жыл өткеннен кейін бөлмені ашты, сонда ойшылдар адамның даусының орнына түсініксіз дыбыстарды естіді. Балалар ешқандай тілде сөйлемеді және ақыл-естері де кем болды.
Неге бұлай болды? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
7. Д.Дефоның кейіпкері Робинзон Крузо, белгілі болғанындай, елсіз аралға тап болады, онда өзінің адамдық бейнесінен айрылып қана қоймай, сондай-ақ көп нәрсеге де үйренеді. Стивенсонның «Қазына аралы» романының кейіпкері Бен Ганн да елсіз аралға тап болады, бірақ ол ақыл-есі кем жаратылысқа айналды. Сіз қалай ойлайсыз, бұлардың қайсысы шындыққа жанасады? Робинзон мен Бен Ганның арасында қандай айырмашылық бар? Робинзонның артықшылығы, оның адам болып қалуының себебі неде?
8. Тұлғаның міндетті сипаттамаларының мәнін ашып көрсетіңіз:
- Сана-сезім
__________________________________
-құндылықтық бағдар
___________________________
- дербестік
__________________________________
- жауапкершілік
__________________________________
- таңдау еркіндігі
__________________________________
9. «Әлеуметтанудағы тұлғаның теориялары» атты кестені толтырыңыз.
Теорияның аты |
Авторы |
Негізгі қағидалары
|
|
|
|
10. Тұлға мен ол орындайтын рольдің арасындағы қатынастың бірнеше нұсқаларының мәнін ашып көрсетіңіз (мысалдар келтіріңіз):
- рольмен ұқсастыру (идентификация)
__________________________________
- рольге бейімделу
__________________________________
- рольден толықтай шеттетілу
__________________________________
11. Кестеде негізгі ұғымдар және олардың анықтамалары берілген. Сол жақтағы ұғымдардың қайсысына оң жақтағы анықтамалардың қайсысы сәйкес келеді, жанына тиісті нөмірді қойыңыз:
№ |
Ұғымдар |
№ |
Мазмұны |
1. |
Әлеуметтік мәртебе |
1.
|
Тұлғаның өзі бақылау жасай алмайтын, оның өзінің қалауы мен күш жұмсауынан тәуелсіз болатын мәртебе. |
2. |
Мәртебелер жиынтығы |
2. |
Құқықтар іске асырылатын шекаралар |
3. |
Негізгі мәртебе |
3.
|
Бұл мәртебені иеленуші адамның басқалармен қарым-қатынаста болуға мүмкіндігі бар. |
4. |
Туғаннан берілген мәртебе |
4. |
Индивидке тиесілі барлық мәртебелердің жиынтығы. |
5. |
Қол жеткізген мәртебе |
5.
|
Индивидтің өзінің мәртебесіне сәйкес өзін-өзі қалай ұстауы керектігі туралы қоғамдық пікір қалыптастырған түсініктердің жиынтығын. |
6. |
Мәртебелік құқық |
6. |
Өзінің мәртебесі тұрғысынан жағдайды бағалау. |
7. |
Мәртебелік диапазон |
7. |
Әр түрлі мәртебені иемденушілерді айқындауға мүмкіндік беретін, айырмашылықтың сыртқы белгілері. |
8. |
Мәртебелік міндеттер |
8. |
Құқықтар мен міндеткерліктер жүйесі арқылы басқа позициялармен байланысқан, қоғамдағы тұлғаның объективті позициясы. |
9. |
Мәртебелік нышандар |
9. |
Бұл мәртебені иемденушінің міндетті түрде басқалармен қарым-қатынасыболуыкеректігін ұйғарады. |
10. |
Әлемге мәртебе тұрғысынан қарау |
10. |
Тұлғаның өмір салтын, таныстарының тобын, мінез-құлық манерасын, материалдық әл-ауқатын айқындайтын мәртебе. |
11. |
Мәртебелік образ |
11. |
Тұлғаның өзінің таңдауының арқасында не болмасы жолы болуының арқасында иемденетін мәртебесі. |
12. Қандай да бір мәртебеге тиістілікті көрсетіңіз («+» белгісімен белгілеңіз):
№ |
Мәртебе |
Туғаннан берілген мәртебе |
Қол жеткізген мәртебе |
Жеке мәртебе |
Эпизодтық мәртебе |
1. |
Қылмыскер |
|
|
|
|
2. |
Оқырман |
|
|
|
|
3. |
Олимпиада чемпионы |
|
|
|
|
4. |
Қазақ |
|
|
|
|
5. |
Телекөрермен |
|
|
|
|
6. |
Екіге оқитын бала |
|
|
|
|
7. |
Әпке |
|
|
|
|
8. |
Әйелі |
|
|
|
|
9. |
Студент |
|
|
|
|
10. |
Тыңдарман |
|
|
|
|
11. |
Маскүнем |
|
|
|
|
12. |
Әке |
|
|
|
|
13. |
Жұмыссыз |
|
|
|
|
14. |
Академик |
|
|
|
|
15. |
Жаяу жүргінші |
|
|
|
|
16. |
Мүгедек |
|
|
|
|
17. |
Дворянин |
|
|
|
|
18. |
Отбасының сүйіктісі |
|
|
|
|
19. |
Ауру |
|
|
|
|
20. |
Балалардың көшбасшысы |
|
|
|
|
21. |
Еуропалық |
|
|
|
|
13. «Әлеуметтендірудің кезеңдері» деп аталатын төмендегі кестені толтырыңыз.
Кезеңдері |
Агенттері |
Ерекшеліктері |
|
|
|
|
|
|
