Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lyapbaeva_N_Metodich_ukaz_kazakh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.44 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік институттар дегеніміз не? Олар қоғамда не үшін пайда болады?

2. Институттандыру үдерісі дегеніміз не? Оның негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.

3. Қоғам өміріндегі институттандырудың маңызы неде?

4. Әлеуметтік институтқа тән белгілерді тізіп көрсетіңіз.

5. Отандық әлеуметтану мен Батыс әлеуметтануында әлеуметтік институттардың мәні мен роліне қатысты қандай көзқарастар ұсынылған?

6. Сіз әлеуметтік институттардың қандай түрлерін білесіз? Оларға сипаттама беріңіз.

7. Әлеуметтік институттардың құрылымына талдау жасаңыз.

8. Әлеуметтік институттар қандай әлеуметтік функцияларды орындайды?

9. Әлеуметтік институттардың айқын және жасырын қызметтерінің ерекшеліктері мен мәнісі неде?

10. Қоғамның әлеуметтік институттарының жүйесі қандай принциптерге сүйеніп қызмет етеді?

11. Әлеуметтік институттардың өзара байланасы мен өзара тәуелділігіне мысалдар келтіріңіз.

5-тәжірибелік сабақ

Әлеуметтік құрылым және стратификация

Жұмыстың мақсаты: әлеуметтік құрылым мен стратификация ұғымдарын, ерекшеліктерін, түрлерін, себептерін айқындау.

Жұмысты орындау тәртібі

1. «Әлеуметтік жіктелудің белгілері» деп аталатын төмендегі кестені толтырыңыз.

Қазіргі Батыс қоғамының әлеуметтік жіктелуінің белгілері

Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік жіктелуінің белгілері

2. Кедейшілік қоғамда позитивті (оң) функцияларды орындауы мүмкін бе? Егер «мүмкін» десеңіз, ол қандай функциялар?

3. Төменде көрсетілген топтардың қайсысы стратификациялық жүйенің жаңа элементтеріне жатады? Өз таңдауыңызды негіздеңіз:

- ғылыми қызметкерлер;

- кәсіпкерлер;

- колхоз шаруалары;

- менеджерлер – фирмалардың бірлесіп иелік етушілері;

- мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары;

- жеке жұмысшылар;

-мемлекеттік кәсіпорындардың инженерлік-техникалық қызметкерлері;

- фермерлер.

4. Қазіргі батыстық (постиндустриалдық) қоғамдар әлеуметтік-экономикалық теңсіздік проблемасының өткірлігін бәсеңдетті дегенге сенесіз бе, өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.

5. Төменде келтірілген мысалдар әлеуметтік мобильдіктің қандай түріне жатады («+» деген белгімен белгілеңіз):

Мысалдар

Көлденең мобильдік

Өршең мобильдік

Құлдыраумобильдігі

Басқа елдің азаматтығын қабылдау

Қызметкерлер штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босау

Бір діннен басқа дінге өту

Автомеханик зауыттың директоры болады

Студенттің бір топтан екіншісіне өтуі (мысалы

ОПДЭТ-12-01-ден ОПДЭТ-12-02-ге)

Қызметте төмендеу

Бір облыстан екіншісіне көшу

  1. а) Төмендегі негізгі ұғымдарға анықтама беріңіз:

Әлеуметтік-стратификациялық құрылым.

Әлеуметтік стратификация.

Әлеуметтік топ.

Әлеуметтік мобильдік.

Әлеуметтік қауымдастық.

Стратификацияның өлшемдері.

Стратификацияның типтері.

б) Осы тақырыптың мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін маңызды терминдерді ұғынуға және есте сақтауға тырысыңыз.

Шағын топ.

Әлеуметтік орын ауыстыру.

Үлкен топ.

Өршеңмобильдік.

Шынайы топ.

Құлдырау мобильдігі.

Шартты топ.

Стратификациялық өлшемдер құрылымының бұзылуы

Референттік топ.

Әлеуметтік дифференциация.

7. Төмендегі сұлбада әлеуметтік қауымдастықтың үш түрі көрсетілмеген. Сұлбаға қауымдастықтың көрсетілмеген үш түрін жазыңыз.

О тбасылық

Э

Қауымдастық түрлері

тностық-ұлттық

С тратификациялық

Мәдени

Діни

Аумақтық

8. Әлеуметтік стратификацияның негізгі өлшемдерін (критерий) көрсететін, мына Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған сұлбада екі өлшем көрсетілмеген. Осы өлшемдерді атаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]