Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lyapbaeva_N_Metodich_ukaz_kazakh.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.44 Кб
Скачать

Микроәлеуметтанудың нысандары

Бақылауға арналған сұрақтар: Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтанудың нысаны мен пәнін қалай анықтауға болады?

2. Әлеуметтанудың жалпы және маңызды категориялары мен заңдары қандай?

3. Әлеуметтану ғылымының құрылымы қандай?

4. Әлеуметтанудағы зерттеу әдістері қалайша сипатталады?

5. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

2-тәжірибелік сабақ

Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы

Жұмыстың мақсаты: әлеуметтанулық ойдың даму тарихының ерекшеліктерін анықтау

Жұмысты орындау тәртібі

1. Қандай ғалымдарды әлеуметтанудың классиктері деп атайды және не үшін? (Атап көрсетіңіз).

2. О. Конт тұжырымдаған позитивизм ілімінің принциптері қандай?

3. Г.Спенсер неге революцияны жақтамады?

4. Төменде қандай ғалымдар туралы айтылған:

- Қоғам жөніндегі дербес және біртұтас ғылым ретінде әлеуметтанудың негізін салушы:________________________________

- О.Конттың позитивтік идеяларын жалғастырушы, әлеуметтанудағы органикалық мектептің негізін қалаушы: ________________________________

  • Әлеуметтануды әлеуметтік фактілер, яғни адамдардың ұжымдық санасы жасаған идеялар, нормалар, құндылықтар туралы ғылым ретінде қарастырған ғалым:________________________________

  • «Шиеленіс теориясының» негізін салушы ________________________________

  • Әлеуметтануға «идеалды типтер» ұғымын енгізген ғалым________________________________

5. Төмендегі «Батыс әлеуметтануының даму тарихы» деп аталатын кестені толтырыңыз:

Ғылыми бағыты

Өкілдері

Негізгі идеялары

6. Кестеде берілген ұғымдарды ғылыми айналымға енгізген ғалымды анықтап, әлеуметтанушылар мен ұғымдардың арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:

Әлеуметтанушылар

Ұғымдар

1.

М. Вебер

1.

Аномия

2.

К. Маркс

2.

Орта деңгейдегі теория

3.

Э. Дюркгейм

3.

Қоғамдық-экономикалық формация

4.

Р. Мертон

4.

Әлеуметтану

5.

О. Конт

5.

Әлеуметтік әрекет

7. Төмендегі кестеде әлеуметтанудың негізін салушы ғалымдардың аты-жөні және олардың жазған еңбектерінің орындары ауыстырылып берілген. Қай еңбек қандай авторға тиесілі екендігін нұсқар сызықпен белгілеп көрсетіңіз:

Автор

Еңбектердің аты

О. Конт

«Саяси экономияға сын»

Э. Дюркгейм

«Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы»

М. Вебер

«Әлеуметтанулық әдістің ережелері»

Г. Спенсер

«Позитивтік саясат жүйесі»

К. Маркс

«Әлеуметтану негіздері»

8. Төменде берілген негізгі ұғымдарға анықтама беріңіз:

Әлеуметтік жүйе.

Әлеуметтік статика.

Әлеуметтік динамика.

Өндіріс тәсілі.

Өндіргіш күштер.

Өндірістік қатынастар.

Әлеуметтанудағы эволюциялық-органикалық бағыт.

Әлеуметтік революция.

Қоғамдық-экономикалық формация.

9. Төмендегі кестеде көрсетілген терминдердің анықтамасы мен мазмұнын 3-тақырып мәтінінен табыңыз және олардың мәнін есте сақтаңыз:

Әлеуметтік тәртіп

Әлеуметтік организм

Прогресс

Қосымша құн

Ғылымдар синтезі

Жұмысша табы

Құрылым

Шиеленіс

Функция

10. Төменде қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарының атаулары берілген: архитектура, дін, өнер, ғылым, тіл, білім, отбасы, банктер, кәсіпорын, спорт, тұрмыс, мемлекет.

Бұларды қоғамдық-экономикалық формацияның маркстік түсінігіне сәйкес келетіндей етіп, төмендегі таптарға бөліп көрсетіңіз

1) өндіргіш күштер;

2) қоғамның экономикалық базисі;

3) қондырма.

Сіздің пікіріңіз бойынша, атап көрсетілген әлеуметтік құбылыстардың қайсысын өндіргіш күштерге де, базиске де, қондырмаға да жатқызуға болмайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]