Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lyapbaeva_N_Metodich_ukaz_kazakh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.44 Кб
Скачать

Бақ әлеуметтануы

Жұмыстың мақсаты: БАҚ әлеуметтануын оқып-үйрену.

Жұмысты орындау тәртібі

1. Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі БАҚ-тың алатын орны мен ролі.

2. Адамдар арасындағы әлеуметтік коммуникацияның құралы ретіндегі БАҚ-тың ролі және шетелдік әлеуметтану.

3. БАҚ-тың манипуляциялық функциялары.

4. Интенция мен кері байланыс принципі – көпшілік аудиторияға мақасатты түрде ықпал етудің маңызды факторлары.

5. Бағалау ақпараты және қоғамдық пікірді қалыптастырудағы оның ролі.

6. БАҚ-тың тиімділігінің өлшемі қоғамдық сананы манипуляциялаудың құралы ретінде.

7. Бұқаралық мәдениет және БАҚ.

8. Бұқаралық коммуникацияның қазіргі заманғы теорияларындағы «сыни» және «сыни емесБАҚ».

9. Ұғымдар мен анықтамалардың арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. Мысалы: 1-А.......

1. Бұқаралық коммуникация

A) БАҚ өтініш айтатын және өздеріне жолданған ақпараттарды қабылдайтын адамдар жиынтығы

2. Журналистика

Ә) бүкіл әлем бойынша компьютерлердің алып желісі

3. Интернет

Б) ауызша, бейнелі және музыкалық ақпараттардың үлкен көлемін тез жеткізуді және бұқаралық

В) тираждауды іске асыруға мүмкіндік беретін ұйымдық-техникалық кешен

4. Баспасөз

Г) Бұқаралық мерзімдік баспасөз басылымдары

5. БАҚ

Ғ) көкейтесті әлеуметтік ақпараттарды баспасөз, радио, теледидар арқылы тарату бойынша қоғамдық қызмет

6. Аудитория

Д) жаңалықтарды жинақтаушы және таратушы ұйымдар

7. Ақпараттық агенттік

Е) үлкен аудиторияларда хабармаларды жүйелік тарату

10.Тапсырмаларды орындаңыз:

10.1. Сіз БАҚ азаматтардың сенімі мен құрметіне ие деп ойлайсыз ба? Неге сіз солай деп есептейсіз? Курстастарыңыздың арасында «БАҚ-на деген сенім» тақырыбында шағын зерттеу жүргізіңіз. Нәтижелерді талдаңыз.

10.2. Маркетингте, журналистикада, және PR-да аудитория деген ұғымнан басқа таргет немесе мақсатты аудитория деген термин қолданылады. Бұл жасы, жынысы, білімі, табысы, қызығушылықтары, интеллектуалдық әдет-дағдылары және т.б. бойынша бөлінетін адамдар тобы. Ойланып көріңіз мақсатты аудитория қайсысы:

а) ООPS журналы;

ә) Авторадио;

б) «Егемен Қазақстан» газеті;

в) «Рахат лукум» әншілері

г) Auditorium.ru. Интернет-порталы.

10.3. Интернетке құмарлар желіде жұмыс істеу интеллектуалдық қоғамдастықтың жаңа типін құрады деп пайымдайды. Бұны олар компьютерлік қоғамдастықта мейірімсіз қатынастың болуының мүмкін еместігімен түсіндіреді. Пайдалы ақпарат бере алмайтын адам бұл қоғамдастық үшін тартымсыз, ал бұл адамдарды ойлануға ынталандырады. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Сіздің пікіріңіз бойынша, компьютерлің қарым-қатынастың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

Бақылау сұрақтары:

1. БАҚ-тың атқаратын негізгі функцияларына анықтама беріңіз.

2. Қазіргі ұйымдардағы БАҚ-тың коммуникативтік функциясының ерекшелігі неде?

3. БАҚ-тың ролі мен функцияларына баға беретін, шетелдік әлеуметтанудағы қазіргі заманғы теориялардың негізгі мектептері мен бағыттарын атап көрсетіңіз.

4. Эгалитарлық бұқаралық коммуникация теориясына анықтама беріңіз.

5.Қазіргі электронды БАҚ-та көпшілік аудиторияға тікелей ықпал ететін көбіне қандай факторлар?

8. Электронды коммуникациядағы ақпараттардың берілуін таңдау неден көрінеді? Мысалдар келтіріңіз.

9. Әлеуметтік коммуникацияның маңызды элементтері ретіндегі «интенция» және «кері байланыс принципі» ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңіз.

10. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы бағалаушылық ақпараттың ролі қандай?

14-тәжірибелік сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]