Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lyapbaeva_N_Metodich_ukaz_kazakh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.44 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты – қызықты да пайдалы ғылымдардың бірі – әлеуметтану ғылымы бойынша студенттердің бойында зерттеушілік дағдыны қалыптастыру, олардың әлеуметтанулық білімді терең әрі толық меңгеруіне көмектесу.

Ұсынылып отырған әлеуметтанулық практикум өзінің мазмұны жағынан алғанда төмендегідей схема бойынша логикалық тұрғыдан жасалынған: алдымен тиісті тақырыптың мәтіні қысқаша баяндалады, сосын оның басты ұғымдары мен маңызды терминдері көрсетіледі. Бұл оқытылып жатқан тақырып бойынша студенттердің назарын басты мәселеге аударуға мүмкіндік жасайды. Одан соң мазмұны жағынан, графикалық орындалуы мен жан-жақты тұжырымдалуы бойынша толық қамтылған құрылымдық-логикалық сұлбалар блогы берілген. Бұл оқу материалын барынша нақты, әрі көзбен көріп түйсінуге, жақсы меңгеруге және есте сақтауға мүмкіндік береді. Осы жерде Ш.Бернның «сұлбалар бізге алынған ақпараттың шеңберінен шығуға мүмкіншілік жасайды» деген нақты әрі орынды айтқан сөзі еске түседі. Тәжірибелік тапсырмалар білім алушылардың өздерінің алып жатқан білімдерінің баяндылығына сенімді болуына мүмкіндік жасайды. Тапсырмалардың көпшілігі тесттермен қатар жүреді, бұл олардың білім алуға деген құштарлығын арттырып, әлеуметтанулық білімді өз беттерінше меңгеруіне бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар, бұл тапсырмалар білім алушылардың кейбір проблемалардың шешімін табудың тәсілдерін «өздерінде сынап көруіне» мүмкіндік беретін тәрізді. Әлеуметтанулық практикум мәтіндерінің социумның барынша маңызды жақтарының динамикасын ашып көрсететін мұқият іріктелген статистикалық материалдармен және классикалық әлеуметтанулық мәтіндерден алынған негізгі тұжырымдармен қамтылуы баяндалып отырған тұжырымдамалардың және олардың (аргументациясының) дәлел-дәйектерінің көкжиегін кеңейтіп, байыта түседі.

Әр тақырыппен бірге берілген өзін-өзі бақылау үшін іріктеп алынған маңызды сұрақтар мен әдебиеттер тізімі оқытылатын тұжырымдамалардың, әлеуметтанулық зерттеулердің әдіс-тәсілдерінің ауқымын кеңейтуде студенттердің қызығушылықтарын арттырады, бақылау жұмыстарын сапалы орындауға мүмкіндік береді.

1-тәжірибелік сабақ

Әлеуметтану ғылым ретінде

Жұмыстың мақсаты: ғылым ретіндегі әлеуметтанудың ерекшеліктерін анықтау.

Жұмысты орындау тәртібі

  1. а) Аталмыш жұмыстағы «Жалпы әлеуметтанудың» мазмұнының қысқаша тұжырымдарымен танысыңыз. Осының негізінде төмендегі негізгі ұғымдарға анықтама беріңіз:

Әлеуметтану – бұл ....................................................................... ғылым.

Әлеуметтанудың зерттеу нысаны – бұл .......................................... .

Әлеуметтанудың пәні – бұл ......................................... .

Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз – бұл .................................... .

Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері мыналар: ............................. .

Егер Сіз жоғарыда көрсетілген ұғымдардың мәні мен мазмұнын түсініп, меңгерген болсаңыз, онда Сіз материалды біледідеп есептеуге болады, Сіз әлеуметтанудың нені зерттейтіндігі, оның зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен атқаратын қызметтері туралы айтып бере аласыз.

б) Төменде берілген анықтамалармен танысып, оларға талдау жасаңыз, бұлардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтаңыз. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, осы анықтамалардың қайсысы әлеуметтанудың қандай ғылым екендігін, қоғамды түсіндіру мен оның өзгерістерін зерттеудегі оның мүмкіндіктері қандай екендігін нақты түсіндіріп береді?

«Әлеуметтану» ұғымының анықтамалары

Автор

Ұғымның мазмұны

М. Вебер

Әлеуметтану... әлеуметтік әрекетті түсіндіругежәне оның процесі мен ықпалын пайымдауға ұмтылатын ғылым

тем самым каузально объяснить его процесс и воздействие

Э. Гидденс

Әлеуметтану – бұл адамның қоғамдық өмірін зерттеу, топтар мен қоғамдарды зерттеу. Бұл - пәні адамдардың мінез-құлқы әлеуметтік мән ретінде қарастырылатын тамаша әрі тартымды бастамасы бар іс.Әлеуметтанудың қызметінің өрісі өте кең, бұл көшедегі кездейсоқ орын алған қақтығысты талдаудан бастап жаһандық әлеуметтік үдерістерді зерттеуге дейінгі аралықты қамтиды.

Г.В. Осипов

Әлеуметтану – бұл белгілі бір тарихи әлеуметтік жүйелередің дамуы мен қызмет етуінің ерекше заңдары мен заңдылықтары туралы, осы заңдардың тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, таптар мен халықтардың қызметінде көрініс беруінің формалары мен әрекет механизмдері жөнінде зерттейтін ғылым. Әлеуметтанулық танымның нысаны біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылатын қоғам болып табылады.

2. Әлеуметтанушылардың қоғам жөніндегі білімдерінің қайнар көздерінің құрылымдық иерархиясын есте сақтауға және айтып беруге тырысыңыз.

3. Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған сұлбада әлеуметтану шешуі тиіс міндеттер иерархиясы берілген. Осы сұлбада екі иерархиялық саты көрсетілмеген. Сұлбадағы осы екі бос орынды қажетті мазмұнмен толықтырыңыз.

Әлеуметтанудың негізгі міндеттерінің иерархиясы

4. Төменде берілген пікір-пайымдауларға баға беріңіз; бұлардың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз.

Пікірдің мазмұны

Дұрыс

Дұрыс емес

Әлеуметтанудың нысаны – қоғамның дамуы және оның шеңбері мен жағдайларындағы адамдардың – индивидтердің және олардың топтарының дамуы.

Әлеуметтанудың пәні оның нысаны – қоғамның елеулі ерекшеліктері мен өзара әрекеттерін зерттеушінің бөліп көрсетуінің нәтижесінде туындайды.

Әлеуметтанудың пәні тап күресін зерттеу болып табылады.

Әлеуметтанудың пәні тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекетін, олардың бір-бірімен өзара әрекет етуі жағдайында және олардың өмір сүруі мен дамуы жағдайларымен байланыстыра зерттеу болып табылады.

Әлеуметтанудың негізгі категориясы әлеуметтік қауымдастық болып табылады.

Ключевой категорией социологии является государство.

Основная задача социологии – наблюдение и описание социальных процессов.

Основная задача социологии – изучение социальных конфликтов и процессов, тенденций их развития

Әлеуметтанудың негізгі категориясы мемлекет болып табылады.

Әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік үдерістерді бақылау мен сипаттау болып табылады.

Әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік шиеленістер мен үдерістерді, олардың даму үрдістерін зерттеу.

5. Әлеуметтанудың пайда болуының әлеуметтік және ғылыми алғышарттарын атаңыз:

әлеуметтік __________________________

ғылыми __________________________

6. Адамзат қоғамын зерттейтін басқа ғылымдардан (фәлсафа, саясаттану және т.б.) әлеуметтанудың басты ерекшелігі неде?

7. Ғылым ретіндегі әлеуметтанудың нысаны мен пәні болып табылатын не?

Нысаны _________________________

Пәні _________________________

8. Анықтамаға сәйкес келетін ұғымды табыңыз:

Ұғым

Анықтама

1. Әлеуметтік – бұл....

1. ......қоғамдағы әлеуметтанудың алатын орны мен атқаратын ролі.

2. Макроәлеуметтану – бұл....

2. .... ғылымның аппаратын зерттеумен , оның әдістері мен ғылыми үлгілерін зерттеумен байланысты әлеуметтанулық танымның саласы.

3. Теориялық әлеуметтану – бұл....

3. .... басқа индивидтермен, топтармен, тұтас алғанда қоғаммен өзара әрекеті тұрғысынан алғанда индивидтің мінез-құлқын сипаттайтын әлеуметтанудың категориясы.

4. Әлеуметтанудың қызметі – бұл …

4. ...... әлеуметтік қауымдастықтарды, әлеуметтік институттарды, тұтас алғанда қоғамды зерттейтін әлеуметтанудың саласы.

5.Әлеуметтік заңдар – бұл.....

..... біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде өмір сүретін қоғам, қоғамның бүкіл әлеуметтік болмысы.

6. Социум – бұл .......

..... анкеталық сауалнама, сұхбатнама, бақылау және т.б. көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен іске асырылатын зерттеудің түрі

7. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер – бұл .....

..... қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды және олардың мінез-құлқын реттейді.

 9. Төменде берілген сұлбада макроәлеуметтану зерттейтін негізгі нысандар мен үдерістер көрсетілген. Сіздің міндетіңіз бос клеткаларды мүмкіндігінше олардың жаңа түрлерімен толықтыру болып табылады.

Макроәлеуметтанудың нысандары

10. Төменде берілген сұлбада микроәлеуметтану зерттейтін өзара әрекеттің негізгі әлеуметтік нысандары көрсетілген. Сіздің міндетіңіз бос орындарды мүмкіндігінше олардың жаңа түрлерімен толықтыру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]