Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 Гиперт криз ослож каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.35 Кб
Скачать

«Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері

Жауап эталоны

1

Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма?

Ауыру сезімінің сипатын, локализациясын, ұзақтығын, немен шақырылатынын, немен басылатынын анықтау

Анемнез morbi et vitea

2

Науқас жағдайының ауырлығын бағалау

Жалпы жағдайы, жүректегі ауыру сезімінің ұзақтығы, ауыру сезімі нитроглицеринмен басылмайды

3

Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру

Тері жабындыларының түсі, цианоз, суық тер, мәжбүрлі дене қалпы, ентігу, аяқтарында ісінулер бар ма

4

Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру

Перкуссия және аускультация

5

Зерттеу жоспарын тағайындау

Шұғыл түрде ЭКГ түсіру

6

Салыстырмалы диагностика

Симптоматикалық гипертензиямен, қабаттанған аневризмамен салыстыру

7

ЭКГ түсірді

Шалқасынан жатқызып

8

ЭКГ талдады

Барлық кеуде әкетулерде ST сегментінің депрессиссы (V1–V6).

9

Болжама диагноз

Артериалды гипертензия ІІІ, ҚҚТ 4. Жедел коронарлы синдроммен асқынған гипертониялық криз, СЖЖ ІІА. ФК 3.

10

Кризді және ауыруы сезімін басу тактикасы

- науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызды, таза ауа келуін қамтамасыз етті

- ацетилсалицил қышқылы 0,5 таблеткасы тіл астына

- пропранолол 25 мг т/і

- промедол 10 мг т/і

- эналаприлат 1,25 мг т/і ағызып, 5 минут (АҚҚ, ЖЖЖ бақылау)

- нитроглицерин 10 мг 100 мл физ. ерітіндіде т/і, минутына 20-30 тамшы, ЖЖЖ бақылай отырып

11

АҚҚ бақылау

Жағдайының жақсаруы – АҚҚ 20 мм сын. бағ. Төмендеді (бастапқы мәнінің 20% артық емес)

12

Одан әрі емдеу тактикасын анықтау

Шұғыл түрде госпитализациялау

13

Кеңестері

Шұғыл түрде коронарография жасауды ұсыну (немесе план бойынша тұрғылықты орнын ескере отырып)

14

Науқаспен және оның туыстарымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі

15

Шұғыл көмек көрсету кезінде өзін ұстауы – өзіне толық сенімді, өзін дұрыс ұстайды