- •3. Кернеудің мПа және кгс/мм2 өлшем бірліктері өзара қандай байланыста болатынын көрсетіңіз.
- •8. Созу кезіндегі деформация өлшемдері қандай сипаттамалармен бағаланатынын анықтаңыз.
- •9.Нақты және шартты деформация арасында қандай байланыстар бар екенін көрсетіңіз.
- •14. Деформацияның қандай түрлерін білесіз және мысал келтіріңіз.
- •15. Материалдардың механикалық қасиеттері
- •16. Қандай серпімділік модульдері болатынын атап өтіңіз.
- •17. Пуассон коэффициентіне анықтама беріңіз.
- •18. Серпімді модульдерінің өзара қалай байланысқанын көрсетіңіз.
- •19. Баушингер әсерінің негізгі мазмұны неден тұратынын сипаттаңыз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •20. Материалдардың серпімділік модулін анықтауға болатын жолдарын көрсетіңіз.
- •21. Металдық материалдарда қандай себептер ішкі үйкелістерді сипаттайтынын көрсетіңіз.
- •22. Қандай металдарда өте жиі пластикалық деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз.
- •23. Полиморфизм ұғымына анықтама беріңіз
- •24. Пластикалық деформация кезінде қандай процестер дамитынын сипаттаңыз.
- •25. Қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торында негізгі сырғу кезінде қандай жазықтықтар және бағыттар болатынын көрсетіңіз.
- •26. Дислокацияның қозғалысының әртүрлі кезеңдерінің өту ережесін түсіндіріңіз.
- •27. Қандай обьектілер дислокацияның жылжуы үшін әсерлі кедергілер болып табылады соларды атап өтіңіз.
- •28. Қандай өлшемдер кезінде қок (қыры орталықтандырылған кубтық тор) – торда с/а қатынасы негізінде тек базисті сырғуға ие болатынын көрсетіңіз.
- •29. Дислокацияның сырғуына қандай факторлар әсер ететінін атап өтіңіз.
- •30Қандай жағдайларда түйін аралық деформация өтетінін көрсетіңіз.
- •31. Материалдың қаттылығын анықтайтын қандай әдістерін білесіз және олардың сұлбасы
- •32 Қандай жағдайларда деформация қосарлану арқылы өтетінін көрсетіңіз
- •35.Мор әдісіне анықтама беріңіз және сұлбасын сызыңы
- •36. Кристалдық тор түрлері бірдей металдарда қосарланудың түзілуі немен бақылатынын сипаттаңыз.
- •37.Қандай кернеулер материалдың қирауын тудырмайтынын көрсетіңіз.
21. Металдық материалдарда қандай себептер ішкі үйкелістерді сипаттайтынын көрсетіңіз.
Ішкі үйкеліс— қатты, сұйық және газ тәрізді денелер формасының бұзылуы кезінде өтетін процестер менмеханикалық энергияның пайдасыз шығынына (яғни денелердің ішкі энергиясына түрленуіне) себепші болатын процестер. Сұйықтар мен газдардағы ішкі үйкеліс тұтқырлық деп аталады.
Серпімді емес эффектілер металл ішіндегі қайтып келмейтін энергия шығынын сипаттайтын ішкі үйкелістің себепкері болып табылады. Кернеу – деформация диаграммаларындағы қисық сызықтар жүк түсіру және жүкті алып тастау кезінде металдардың шала серпімділігі салдарынан сәйкес келмейді (3.4 - сурет), гистерезис қисығын түзеді. Оның көлемі жүк түсірудің бір цикліне таралған энергияны сипаттайды.
Ішкі үйкеліс шамасын білу белгілі жағдайларда жұмыс істейтін материалды дұрыс таңдау қажет. Мысалы, амортизаторларға арналған демпфирленетін материалдардың ішкі үйкелісі жоғары болуы керек. Керісінше, өлшеу аспаптарының көптеген бөлшектері төменгі инерциондық пен өлшеудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыз ету үшін, серпімді энергияны таратпауы керек.
Ішкі үйкеліс шамасын экспериментті бағалау үшін жүктеу және жүкті алып тастау кезіндегі кернеу мен деформация арасындағы байланысты білу керек (3.4 - сурет). Практика жүзінде жүктеуді периодты түрде өзгерту арқылы динамикалық әдісті қолданады. Мысалы, синусоидтық заң бойынша. Жүктеуді осылайша өзгертуге деформацияның периодтық өзгеруі де сәйкес келеді,бірақ, деформацияның серпімсіздік құбылысы үшін фаза бойынша кернеуден φ бұрышына шегіндеп қалу керек. Tgφ шамасы – тербеліс энергиясының таралу сипатының, яғни, ішкі үйкеліс сипаттамасының бірі болып табылады. Басқа сипаттаманы петля ауданын бағалау арқылы алуға болады. Бұл аудан бір циклдегі энергия тербелісінің ΔW шығын шамасына тең. Ішкі үйкеліс өлшемі ретінде ΔW/2πW, мұндағы W –деформацияның толық энергиясы.
Тағы да бір сипаттама – γ тербеліс амплитудасының затуханиясының логарифмдік декременті. Ол тербелістегі үлгінің алдыңғы максимал ауытқуының натурал логарифмінің келесі қатынасына тең.
tgφ≈γ/π≈ΔW/2πW=Q-1,
Q-1 – Ішкі үйкелістің кеңінен қолданылатын белгіленуі.
3.4 - сурет – Серпімді емес құбылыс нәтижесінде гистерезис қисық сызығының түзілуі
Ішкі үйкелісті зерттеудің эксперименталдық әдістерінің ішінен кеңінен тарағаны – айналу маятнигі әдісі. Түзу айналу маятнигінде үлгі серіппелі ілінген сым немесе лента тәріздес болады, оның төменгі шетіне айналу тербелісін 1 Гц- дейін төмендететін инерциялық масса бекітіледі. Ол айна маятнигінде бекітілген жарық бейнесінің орын ауыстыруын байқай отырып, тербелістерді көзбен көру арқылы тіркеуге мүмкіндік береді. Түзу маятнигінде инерциондық масса үлгіде әжептәуір созу кернеуін тудыруы мүмкін,бұдан тәжірибелер нәтижелері бұрмаланады. Мұндай жағдайда басқа конструкциялы – теріс айналу маятнигін қолданады. Мұнда үлгінің төменгі шеті қатаң бекітіледі, ал инерциондық масса жоғарғы шетіне бекітіледі де тоқтатылуы (затухание) аз материалмен ұстатылады.
Айналу маятнигінің ішкі үйкелісін схема бойынша өлшеуге арналған эксперименталдық қондырғылар – күрделі қондырғылар.
Бұл қондырғылардың схема-блогына мына негізгі элементтер кіреді:
1) айналу маятнигі;
2) механикалық коррекция жүйесі;
3) демпфирлеуші құрылғы;
4) қоздыру және тіркеу жүйесі;
5) инерция сәтін өзгерту жүйесі;
6) температураны реттеу және өлшеу жүйесі;
7) вакуумдық жүйе.
