Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык и литература емтихан 21,05 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.85 Кб
Скачать

34.М.Шаханов поэзиясының ерекшелігін көрсетіңіз.

Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "09001000101001070023181Махаббат заңы", "010501000011000182181Сенім патшалығы", "01001001118051005000112011Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "0920701001180040021800231180182307001181Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "01001001118051005000112011Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "0818232181100001823005004050102921008181181Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры. Ақынның: "Тарихын тұр санаңа өткел тастап, өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: "Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей". тақты... М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды (1988 ж.). 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.

35. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі 290007002911000Қазақстан"ҚHYPERLINK "%BD%22Қазақстан"азақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды.