Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык и литература емтихан 21,05 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.85 Кб
Скачать

30.А.Байтұрсынұлы мысалдарының астарын айқындаңыз.

31.Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Қазір поэзияның жекелеген даму кезеңдерін арқау етіп, талдау жасайтын ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың жетістіктері – ғылыми жұмысқа негіз болған белгілі бір кезең ақындар өлеңдерінің құрылымдық жүйесіндегі жаңалықтар мен даму үрдістерін дөп басып, тани алғандығында. Қазақ өлеңінің құрылымдық жүйесі бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқаны дау туғызбайды. Мәселен, қазіргі өлеңнің бунағындағы буын сандары төрт буынмен шектелмей, енді алты, жеті, тіпті сегіз буынды  бунақтардың пайда болуы, қазіргі өлеңдердің интонациялық ерекшеліктерінен туындайтын тармақаралық жіктен басқа өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік мазмұны талап ететін жіктердің көрінуі, өлеңдегі тыныс белгілер жүйесінің эмоционалдық, интонациялық маңызының артуы, жаңа ұйқас түрлерінің пайда болуы, буындар ассиметриясы сияқты құбылыстардың кең өріс алуы, дәстүрден тыс ырғақтық жүйе түрлерінің көбеюі сияқты мәселелер қазіргі  өлеңдердің даму деңгейін көрсетеді. Қазақ поэзиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэзияның ішкі тақырыптық-көркемдік жүйесінің, экспрессивтік-эмоционалдық сипатының жаңғыруынан іздеу қажет. Қазақ өлең құрылысы да осыған сай эволюциялық тұрғыда жаңарады. Қазақ өлеңінің даму кезеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесімен қоса өлең құрылысын да жаңартты.Сонымен, қазіргі қазақ поэзиясының жетістіктері, негізінен, тақырыптық-идеялық жаңалықтарында, мазмұн байлығында жатса да, сол мазмұнды ашуға жұмылдырылған форманың, яғни өлеңдердің өрнектік ерекшеліктерінің маңызын кемітуге болмайды. Қайта олардың пішіндік, түрлік ерекшеліктері мазмұнды шынайы жеткізер форма, оған қосымша көрік дарытып, сұлуландыра түсер көркемдік құрал ретінде баса айтылуға тиіс.  Өйткені, «өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді. Сөздің ұғым-түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынасын оның өлеңдегі ырғақ-үнділігі, әуезділігі сан түрлі рең беріп толықтыра түседі.

32.Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.

Сақтар біздің заманымыздан бұрын Монғұлия мен Дунайдың арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақшы, сақпан, қарсақ, сақсыну тағы басқа. Сақтардың біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған. Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық. Сөйлеу тілінің өзімізге мәлім түркі тілі екені көрінеді. Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар 023231110101тәңірілік дінді ұстанып, 0221010600071181түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де 022101110040511%22түркі%20тілі"түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады. Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл 0930405008051%22мәдениеттің"мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік 02109180бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, 00310100111180182181егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан 02301050еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.209110005000500511%22%5BHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9%D1%81%D1%96%D0%BD_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%96%224%5D"[HYPERLINK "%96%22%5BHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9%D1%81%D1%96%D0%BD_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%96%224%5D"4HYPERLINK "%96%22%5BHYPERLINK%20%22http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9%D1%81%D1%96%D0%BD_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%96%224%5D"]