- •Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Емтихан сұрақтары Анеля
- •22.Махамбет поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •24.С.Торайғыров романдарында әйел теңдігінің көрініс табуын айқындаңыз.
- •25.Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданылу аясын таратып айтыңыз.
- •26.Ж.Баласағұнидің тіл, өнер-білім туралы айтқандарына көңіл бөліңіз.
- •28.Жамбылдың ақындық өнерін сипаттаңыз.
- •30.А.Байтұрсынұлы мысалдарының астарын айқындаңыз.
- •31.Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •32.Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •33.Махамбеттің азаттық күрес жыршысы екенін дәлелдеңіз..
- •34.М.Шаханов поэзиясының ерекшелігін көрсетіңіз.
- •35. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •36.Тілдің жалпыадамзаттық құндылыық екенін түсіндіріңіз.
- •37.Ф.Оңғарсынованың ақындық шеберлігін саралаңыз.
- •38.Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •40.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының маңызын көрсетіңіз.
- •41,«Оғыз қаған» жырының құрылысын жүйелеңіз.
- •42.Д.Бабатайұлы- хіх ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.
- •43. Ұлт зиялыларының тіл туралы толғамдарын жжазыңыз.
- •44.Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл- Фараби мұрасын сипаттаңыз.
- •45.Шортанбайдың зар заман ақыны екенін сипаттаңыз.
- •46. М.Әуезов шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •47. Йассауидің «Хикметтер» кітабындағы имандылық тақырыбы.
- •48. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын түсіндіріңіз.
- •49. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларын жинақтап көрсетіңіз.
- •50. Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы өнер-білім мәселелеріне тоқталыңыз.
- •52.Ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев романдарына тән сипаттарды белгілеңіз.,
- •53.Жыраулар поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •54.Ш.Құдайбердиев лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық
- •55. Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігін ашып беріңіз.
- •56. Қашқаридың «Диуани лұғат ит- түрік» сөздігіндегі әдеби нұсқаларды айқындаңыз.
- •57. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктерін саралаңыз.
- •58. Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы басты тақырыптарды жүйелеңіз.
- •59.Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.
- •60.Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасын жүйелеңіз.
- •64. Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.
- •77.Асан Қайғы толғауларының мән-маңызын сипаттаңыз.
- •78.А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.
28.Жамбылдың ақындық өнерін сипаттаңыз.
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалып таса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды.
29.М.Х. Дулатидің «Тарихи- и Рашиди» кітабының әдеби сипатын анықтаңыз. “Тарих-и Рашиди” – тарихи шығарма, ғылыми тұрпатта жазылған ғұмырнамалық баян екендігі даусыз әңгіме. Дегенмен, аталған еңбектің жанрлық ерекшеліктері туралы біраз ойланып, ізденетін жақтары да жоқ емес. Өйткені, бүгінге дейін қазақ ғалымдарының көпшілігі шығарманың тарихи мән-мағынасына баса назар аударып келеді. «Қазақстан тарихына қатысты жайларды солтүстікте Қадырғали Жалаири баяндап берсе, оңтүстікте тарихымыздың және бір маңызды беттерін Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде төгілтіп жазып берді». “Тарих-и Рашиди” шығармасының жанры “Жанрлық тұрғыдан келгенде, “Тарих-и Рашидиді” ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ, тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды” – деген пікірлерінің жаны бар.Ал қазақ әдебиетіндегі шежірелік шығармалардың тарихилығы және жанрлық, стильдік ерекшеліктері жөніненде:«М.Х.Дулатидың “Тарих-и Рашидиі”– қазақ әдебиетінің әуезе текті жанрлары (шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме) тұтастана, бірін-бірі толықтыра жазылған шығарма», – дей келе, оны әлем халықтарының әдебиеттеріндегі күнделік, эссе, мемуар, өмірбаян, сынды көркем тарихнама жанрларымен поэтикалық үндестігімен танылатын туынды ретінде санайды. Алайда, зерттеушілердің көбі Мырза Хайдар еңбегінің парсы тілінде жазылғанын, сондықтан негізінен оның Иран әдебиетіне жақындығын ұмытып кетіп жатады. Былайша айтқанда, Мырза Хайдарды түрік тілді ұлт мәдениеті мен тарихы туралы жазған парсы тілді қаламгер екені белгілі. Сондай-ақ, оның “Жаһаннама” атты дастаны түркі тілінде жазылғанын ескерсек, Мырза Хайдар екі жаққа да ортақ талант иесі болып шығары анық. Жалпы, жазушы өткен заманның, болмаса өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын бейнелейтіндіктен, соған сәйкес шығарманың да жанры мен стиліне біраз өзгерістер енері даусыз.
Қазақтың көркем прозасының жанрлық даму құбылысы туралы айта кетсек сахара көшпелілерінің ерте замандардан-ақ аңыз, қисса, эпикалық жанрдың басқа түрлерінің жоғары деңгейде дамығанын айта келе: «Орта ғасырлар кезеңі бұл әдебиеттің ұзақ уақытқа созылған ең жемісті заманы болды» деп пайымдайды. Расында, ХІV– ХVІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихында көркем проза үлгісі саналатын бір ғана “Тарих-и Рашиди” болмаса керек.
