- •Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Емтихан сұрақтары Анеля
- •22.Махамбет поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •24.С.Торайғыров романдарында әйел теңдігінің көрініс табуын айқындаңыз.
- •25.Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданылу аясын таратып айтыңыз.
- •26.Ж.Баласағұнидің тіл, өнер-білім туралы айтқандарына көңіл бөліңіз.
- •28.Жамбылдың ақындық өнерін сипаттаңыз.
- •30.А.Байтұрсынұлы мысалдарының астарын айқындаңыз.
- •31.Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •32.Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •33.Махамбеттің азаттық күрес жыршысы екенін дәлелдеңіз..
- •34.М.Шаханов поэзиясының ерекшелігін көрсетіңіз.
- •35. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •36.Тілдің жалпыадамзаттық құндылыық екенін түсіндіріңіз.
- •37.Ф.Оңғарсынованың ақындық шеберлігін саралаңыз.
- •38.Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •40.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының маңызын көрсетіңіз.
- •41,«Оғыз қаған» жырының құрылысын жүйелеңіз.
- •42.Д.Бабатайұлы- хіх ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.
- •43. Ұлт зиялыларының тіл туралы толғамдарын жжазыңыз.
- •44.Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл- Фараби мұрасын сипаттаңыз.
- •45.Шортанбайдың зар заман ақыны екенін сипаттаңыз.
- •46. М.Әуезов шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •47. Йассауидің «Хикметтер» кітабындағы имандылық тақырыбы.
- •48. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын түсіндіріңіз.
- •49. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларын жинақтап көрсетіңіз.
- •50. Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы өнер-білім мәселелеріне тоқталыңыз.
- •52.Ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев романдарына тән сипаттарды белгілеңіз.,
- •53.Жыраулар поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •54.Ш.Құдайбердиев лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық
- •55. Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігін ашып беріңіз.
- •56. Қашқаридың «Диуани лұғат ит- түрік» сөздігіндегі әдеби нұсқаларды айқындаңыз.
- •57. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктерін саралаңыз.
- •58. Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы басты тақырыптарды жүйелеңіз.
- •59.Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.
- •60.Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасын жүйелеңіз.
- •64. Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.
- •77.Асан Қайғы толғауларының мән-маңызын сипаттаңыз.
- •78.А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.
55. Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігін ашып беріңіз.
Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды. Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады. Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді.
56. Қашқаридың «Диуани лұғат ит- түрік» сөздігіндегі әдеби нұсқаларды айқындаңыз.
Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген. Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды. Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды.
57. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктерін саралаңыз.
Қазақстанда «іс қағаздарын жүргізу» ұғымы алғаш рет Республиканың 1037-2001 стандартында «іс жүргізу» түрінде көрініс тауып, оған негізгі түсініктер берілді. Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен (Іс қағаздарын жүргізу: басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету: құжаттауды қамтамасыз ететін және құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын заңды тұлғалардың қызмет аясы) бекітіліп, қолданысқа енгізілген болатын. «Іс қағаздарын жүргізу» термині стандартталған, яғни бұл ұғымды айқындайтын бірден-бір термин. «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады. Іс қағаздарын жүргізуге зерттеушілердің берген анықтамасы төмендегідей: Іс қағаздарын жүргізу – мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттар мен іс қағаздарын жасау және солармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атап айтқанда құжаттардың жүру барысына, іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі. «Іс қағаздарын жүргізу» терминінің Қазақстан Республикасындағы ресми түсіндірмесінен Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (Р 51141-98) түсіндірмесі біршама өзгеше. Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп көрейік: «іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы»
