- •Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Емтихан сұрақтары Анеля
- •22.Махамбет поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •24.С.Торайғыров романдарында әйел теңдігінің көрініс табуын айқындаңыз.
- •25.Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданылу аясын таратып айтыңыз.
- •26.Ж.Баласағұнидің тіл, өнер-білім туралы айтқандарына көңіл бөліңіз.
- •28.Жамбылдың ақындық өнерін сипаттаңыз.
- •30.А.Байтұрсынұлы мысалдарының астарын айқындаңыз.
- •31.Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •32.Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •33.Махамбеттің азаттық күрес жыршысы екенін дәлелдеңіз..
- •34.М.Шаханов поэзиясының ерекшелігін көрсетіңіз.
- •35. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •36.Тілдің жалпыадамзаттық құндылыық екенін түсіндіріңіз.
- •37.Ф.Оңғарсынованың ақындық шеберлігін саралаңыз.
- •38.Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •40.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының маңызын көрсетіңіз.
- •41,«Оғыз қаған» жырының құрылысын жүйелеңіз.
- •42.Д.Бабатайұлы- хіх ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.
- •43. Ұлт зиялыларының тіл туралы толғамдарын жжазыңыз.
- •44.Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл- Фараби мұрасын сипаттаңыз.
- •45.Шортанбайдың зар заман ақыны екенін сипаттаңыз.
- •46. М.Әуезов шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •47. Йассауидің «Хикметтер» кітабындағы имандылық тақырыбы.
- •48. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын түсіндіріңіз.
- •49. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларын жинақтап көрсетіңіз.
- •50. Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы өнер-білім мәселелеріне тоқталыңыз.
- •52.Ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев романдарына тән сипаттарды белгілеңіз.,
- •53.Жыраулар поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •54.Ш.Құдайбердиев лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық
- •55. Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігін ашып беріңіз.
- •56. Қашқаридың «Диуани лұғат ит- түрік» сөздігіндегі әдеби нұсқаларды айқындаңыз.
- •57. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктерін саралаңыз.
- •58. Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы басты тақырыптарды жүйелеңіз.
- •59.Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.
- •60.Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасын жүйелеңіз.
- •64. Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.
- •77.Асан Қайғы толғауларының мән-маңызын сипаттаңыз.
- •78.А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.
40.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының маңызын көрсетіңіз.
Абай жолы — М.Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. Әуезовтың “А. ж.” роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н.Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б.Матип) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ, бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір-салтын, толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам-танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді.
Губа
41,«Оғыз қаған» жырының құрылысын жүйелеңіз.
(Оғыз –нама дастанын тарихи тұрғыдан түсіндіру).
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Жалпы оғыз сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе, екінші біреулері «садақтың оғы» деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші ғалымдар «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады. Оғыздар- ертедегі түркі тайпаларының бірі. Оғыздар жайында оның ханы Оғыз қағанның әскерей жорықтары, ерлік істері туралы көркем жыр. Оғыз-наманың ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасы Париж қаласында сақталып келген. Оны зерттеген ғалымдар В.В.Радлов, Ә.Марғұлан, М.Жолдасбеков, Н.Келімбет.Оғыз-нама жыры 40-тан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы ұзақ хикаялы шығарма. Оғыз қаған құтты мекен еткен Сарыарқа 16 жыл мекен еткенОғыз қаған жырында сөз болатын оқиғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. Оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде тоғызыншы ғасырда жинақталып, кейінірек он төртінші ғасырда хатқа түскен. оғыз қаған жырында бүкіл оғыз қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады. жырда оғыздардың көк тәңіріне табынып, өздерін көк бөріден тарататынын аңғаруға болады. оғыздың үрім қағанға (византия) жорығын көкжал бөрі бастап отырады. оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгірек, шашы теңіз толөынындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған. оғыздың ақылшы кеңесшісі ұлық түрік қорқыт ата тоңұқық бұқар сияқты жырау. ол ақ сақалды ақ шашты өнерлі сәуегей кісі. жыржа оғыздың анасының аты айқаған, әкесі аталмайды. түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (ханзада бегім, рабиға сұлтан бегім, т.б.). оғыз қаған жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. батырлық жырлардағыдай қаһарманның тууы, өсіп жетілуі соғыс жорықтары, еліне оралуы болып суреттеледі
