Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.

Экологиялық мәселелер. Жаһандық экологиялық мәселелер:

1. Климаттын өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесініңәртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.

Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланаысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар;

5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарыныңәсері.

Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. Әуебассейнінің ласта­нуы;

2. Радиоактивті ластану; 3. Бактериологиялық және химиялық ластану;

4. Химиялық ластану; 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстыққалдықтар; 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

1.Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттыңөзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төңдіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам ұлы, иісті газ (CO2 Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды.

955.

Құқықбұзушылықтың түсінігі. Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы. Құқық бұзудың субъектілері мен объектілері. Құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысаны. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс және зиян. Құқықбұзушылықтың түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғаты және себептері. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауапкершіліктің негізі. Заңды жауапкершіліктің моральдық және саяси маңызы. Құқықтық жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Заңды жауапкершіліктен босатудың негізі. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конститутцияның орны мен рөлі. Конститутциялық заңдылық пен құқық тәртібінің негізі. Қазіргі замандағы мемлекеттердегі заңдылықтың өзгеруі, себептері, оны жақсарту жолдары. Тоталитарлық мемлекеттердегі заңдылықтың бұзылу нысандары.  Құқық тәртібінің түсінігі. Құқық және қоғамдық тәртіп. Заңдылық мен құқық тәртібін қамтамасыз етудің кепілі мен негіздері. Тәртіптің түрлері. Орындаушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат жұмысындағы мәні. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп, т.б. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.  Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]