Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

12) Субъективті құқық және заңдық міндет.

Субъективтік құқық – адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді. Нақты субъективтік құқықтар құқық нормасына сәйкес құқықтық фактіден туындайды. Қатыстылық құқығы (шарттан, зиян келтіруден, т.б. құқықтық фактіден туындайтын құқық) белгілі бір тұлғалардан нақты бір әрекетті жүзеге асыруды талап етуге заңды мүмкіндік береді. Абсолюттік нақты құқық өз әрекетін іске асыру еркіндігі мен ол әрекетке ешкімнің бөгет болмауын талап етушілікті білдіреді. Абстрактілі субъективтік құқыққа адам мен азаматтың табиғи және ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары жатады. Бұлар құқық субъектілігінің мазмұнын ашады және тұлғаныңхалықарық құқық пен конституция кепілдік беретін жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Мұндай құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі. Мәселен, нақты бір мүлікке меншіктену өкілеттігін иеленуіне-иеленбеуіне қарамастан адамда меншіктенуге деген абстрактілі құқығы болады; сотпен қорғануға деген абстрактілі субъективтік құқық бұзушылық кезінде пайда болмайды, ол абстрактілі мүмкіндік ретінде бұрыннан бар. Адамның абсолюттік құқықтары (өмір сүру, адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, бостандығы мен жеке бастың қорғалуы, меншік, сайлау және сайлану құқығы) қоғамда өз орнын табуға бағытталған ұмтылысы. Абсолюттік құқық индивидтің заң шегіндегі еркін әлеуметтік белсенділік аясын білдіреді және оған өзге адамның да, мемлекеттің де араласуға құқығы жоқ.

Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:

- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

13. Құқық бұзушылықтың түрлері

Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.

Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.

Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.

Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.

Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік.

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықгар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

3. Азаматтық құқық бұзушылық — азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]