Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.

1. Климаттын өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.

Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар;

5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.

Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. Әуебассейнінің ласта­нуы;

2. Радиоактивті ластану; 3. Бактериологиялық және химиялық ластану;

4. Химиялық ластану; 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Озон қабатыньщ бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдертіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5—7 пайызға азайғанын көрсетті. Адамдардың барынша шоғарланған аумақтарында озон қабаты 3 пайызға жұқарған. Озон (03) қабатының 1 пайызға жұқаруы тері ісік ауыруымен ауырушылардың санын 6 пайызға ұлғайтады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда озон бұзғыш заттардың (ОБЗ) мөлшері 10 есеге азайды. Озон бұзғыш заттарға негізінен (ОБЗ) флерон, фреон, хлор, көміртек, автокөліктер бөліп шығаратын ұлы химиялық заттар жатады.

Биоәртүрлілікті сақтау. Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерінің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың аландатар жәйі деп танылды.

Жердің шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналаскан және оның аумағының шамамен 66 пайызы түрлі деңгейдешөлейттену үрдістеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. БҰҰ мәліметі бо­йынша қазіргі танда жылына 23 млн. гектар жер шөлейттенеді екен.

Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыруболып табылатынын көрсетеді. Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық «лас» өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу кажет.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]