Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиеті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы қүресудің пәрменді құралы болып табылады. Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моралдық жағынан айыпталады. Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекеттсіздікке қолдануға болмайды.

Аса қажеттілік деп —  біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып табылмайды.

Аса қажеттілікте қауіп құқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге немесе мүдделерге төнеді. Осы мүддеге немесе мүдделерге төнген зиянды немесе қауіпті заң қорғайтын басқалай мүддеге зиян келтіру жолымен ғана тойтаруға болады. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүдденің қақтығысы орын алады. Мұндайда біреуі жойылмайынша, екіншісін сақтауға мүмкіндік болмайды. Мысалы, тұрғындарды тасқын су басып кету қаупі болғанда, оны болдырмау үшін үйіп қойған ұнтақ тастарды рұқсатсыз алып пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу үшін рұқсатсыз ұнтақ тасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы ұнтақ тастарды рұқсатсыз алу, рәсуә ету, заңды бұзушылық болар еді. Ал көрсетілген жағдайда аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті істеу қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген зиян тойтарылған зияннан анағұрлым кем. Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей міндеттілікті қатар орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы, екі бірдей ауру дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр сырқатқа алдымен жәрдем көрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп келеді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.

722. Меншік құқығы.

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді. Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді. Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады. Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК) Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]