Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

— онша ауыр емес;

— ауырлығы орташа;

— ауыр;

— аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

— қылмыстың объектісі;

— қылмыстың объективтік жағы;

— қылмыстың субъектісі;

— қылмыстың субъективтік жағы.

1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.

66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.

Саяси құқықтар мен бостандықтар – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы.  Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар (33-бап, 2-тармақ). Сайлау құқығына тек сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқықтары жоқ (33-бап, 3-тармақ).  Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына Республика азаматтарының мемлекеттік істі басқаруға қатысу құқығы жатады (33-бап, 1-тармақ). Азаматтар бұл құқықты әр түрлі жүзеге асырады. Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделеріне ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып таыбалды.  Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтарының бірі болып табылады (33-бап, 4-тармақ). Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген.  Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының маңызды құқықтарының бірі бірлесі бостандығы құқығы болып табылады (23-бап).  Республика Конституциясы азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығын таниды. Дегенмен бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігі ескертіледі. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]