- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
Сайлау жүйесі дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі. Сайлау құқығы қағидаттары:
а. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар.
тең сайлау құқығы. Сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады. Сайлаушылар Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқьқтармен және шарттармен қатысуына кепілдік беріледі.
Төте сайлау құқығы. Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізіліп, сайлауға қатынаскандардың 91,15 пайызының дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Қазақстант Республикасының Президенті болып сайланды.
в. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға тандаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Тандаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.
г. Жасырын дауыс беру. Республика Президентін Парламентінің және мәслихаттарыньң депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Сайлау органдары. Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Қазақстандағы сайлау комиссияларының біртұтас жүйесі төмендегі сайлау комиссияларынан құралады: 1) Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары; 3) округтік сайлау комиссиялары; 4) учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынады. Ұсынылған кандидатура ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Егер, мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір айдан кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
