Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.

Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары — Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұймдастырылған, құқықтық, санитарлық гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялық-курорттық,орындар, т. б. Азаматтардың бұл құқықтары Қазақстан Республикасының зандарында ары карай дамуы кезделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны коршаған орта үшін зиян­ды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықын демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған орта­ны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ор­таны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты кұқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, соңдай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі тура­лы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

 Азаматтардың:

- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға,оларды қорғау және толықтыру жөніңдегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;

- қоршаған ортаны қорғайтын коғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға,митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға,референдумдарға қатысуға;

- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

- кәсіпорындарды, кұрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;

- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы  мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;

- заң актілері мен өзге де нормативтік кұкықтық актілерде көзделген басқа да құқықтарын белгіленген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]