Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.

Қазақстан Республикасының азаматгығы адамның мемлекетпен тұракты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың  өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болу, азаматтығын алу, азаматтығына қабылдау, азаматтықты тоқтату, азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылудың негіздерін және тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері.Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2)Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша; 4) Қазакстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы №1017-ХІІ ҚР Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. Азаматтыкқа қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш беру арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары. Қазақстан Республикасынын азаматтығына: 1) Қазақстан Республикасының аумағында занды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасынын, азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республи­касы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи  Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақ-стан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген шарттардың болуы талпап етілмейді;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының ішіңде жақын туыстарының бірі — баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасыңда тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.

Міндетті әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы азааматтығына қабылдауданбас тар­ту негіздері. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, халыктың ден-саулығына нұқсан келтіретін құкыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

4) мемлекетаралык, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.

Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін. Азаматтықты қалпына келтіру азаматтықтан шыкқан бес жыл уақыт ішінде Президеттің атына өтініш жазу арқылы қалпына келтірілуі мүмкін.

Азаматтықты тоқтату негіздері. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Азаматтықтан шығу. Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш жазу арқылы азаматтардың өз еркімен азаматтылығының тоқтатылуы. Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Занда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Рес­публикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзіңце күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе ол адамныңт Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Рес-публикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Азаматтықтан айырылу. Қазақстан Республикасы азаматтығынан:

1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралык шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юсти­ция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) Қазакстан Республикасының мемлекетаралык шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдык есепке тіркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады. 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен анықталады. 14-18 жасқа дейінгі азаматтардың азаматтығы олардың келісімімен өзгертіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]