Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік  құрылымы (кұрылысы) болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатга не басқа руы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік кұрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарының артыкшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы конституцияда бекітіліп, зандық күшке ие болады. Конститу­цияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталады. Сондықтан, конституциялык құрылыс мемлекет іс-әрекетінің негізгі кағидаларын бекітетін, консти итуциялық нормалардың жиынтығы. Сонымен, Қазақстан Респиубликасының конституциялық құрылысы кандай бөлшектерден тұрады?

Біріншіден, бұл егемендік. Қазақстан егеменді мемлекет. Кон-ституцияның 2-бабының 2-тармағында «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол-сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» — деп жазылған. Мемлекеттік егемендік дегеніміз мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі секілді тармақтарының өз аумағындағы толықтығы және халыкаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің шет мемлекеттердің билігінен тәуелсіздігін білдіретін мемлекеттік биліктің үстемдігі.

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір қайнар көзі халық болып табылады. Халықты барлық биліктің қайнар көзі деп мойындау, халықтық егемендіктіңкөрінісі. Халықтық егемендік қоғамды және мемлекетті басқару ісіне нақты араласу үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдар мен мүмкіндіктерге ие болуын білдіретін халықтың толық билігі деген сөз. Халық өз билігін республикалык, референдум не сайлау арқылы тікелей немесе мемлекеттік билік органдарына өкілеттік беру арқылы іске асырады. Ешкім өз бетінше билікті иемденіп кете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы ҚазқстанныңПрезидентіне және конституциялық өкілеттігі шегіндеПарлементке берілген. Үкімет халықтың емес, өзінің құзыреті шеңберіңде тек мемлекеттің атынан ғана сөйлеуге кұқы бар.

Екіншіден, Қазақстан мемлекеттік басқару түрпішініжағынан республика. Республикада мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымдары бүкілхалықтык сайлау не парламентте сайлану жолдарымен белгілі бір мерзімге сайланады. Қазақстан президентгік республика. Мемлекеттің басшысы, Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті бүкілхалықтық сайлау барысында 7 жыл мерзімге сайланады. Сонымен бірге — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы Парламент Мәжілісі бүкілхалықтық, тура, ал Парламент Сенаты қосымша сайлаудың нәтижесінде қалыптасады.

Үшіншіден, халықтық билік. Конституцияның 1-бабында көрсетілгендей Қазақстан өзін демократиялык мемлекет ретінде бекітеді. Бұл дегеніміз Қазақстан өзін, Конституцияны қабылдайтын, тікелей мемлекет басшысы Президентті және заң шығарушы орган Парламентті сайлайтын және мерзімі өткен соң оларды ауыстыруға деген халықта құрылтай билігі бар мемлекет ретінде анықтайды. Сөз, ар-ождан, тіл, бірігу, мемлекеттік қызметке араласу сияқты құқықтар мен бостандықтар бере отырып, мемлекет әлеуметтік және ұлттық шыққан тегіне қарамастан азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдделерін қорғауға мүмкіншілік туғызады.

Төртіншіден, мемлекеттің зайырлы сипаты.Қазақстанда дін, діни мекемелер мемлекеттен ажыратылған, мемлекеттік не жалпы міндетті бір дін жоқ. Діни негіздегі партия құруға тыйым салынған. Әрбір адамның, азаматтың белгілі бір дінді ұстануына не ұстанбауына, дінін ауыстыруға болатын ар-ождан бостандығы, кұқығы бар.

Бесіншіден, құқықтың үстемдігі. Қазақстан өзін құкықтық мемлекет ретінде бекітетіндіктен қоғамдық өмірдің барлық салаларында құкықтың рөлі мен үстемдігі жоғары болуы қажет. Құқықтық мемлекетте адам мен азаматтың құқығы, бостандығы ең қымбат құндылық, заңның үстемдігі, биліктің тармақталуы, сот билігінің тәуелсіздігі, мемлекет пен әрбір адамның өзара жауапкершілігі мойындалуы тиіс.

Алтыншыдан, мемлекеттің әлеуметтік сипаты.Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітетіндіктен, мемлекет ат төбеліндей азғана топқа не адам мемлекетке емес, керісінше мемлекет көпшілікке, халыкка, қоғамға қызмет жасайды. Мем­лекет қоғамдағы игіліктер мен байлықты барлық азаматтарға тең бөлуге тырысады. Білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік салаларды, халықтың жағдайы нашар, табысы төмен топтарын қолдап отыруға міндетті. Мемлекет адамдардың өмір сүруге қажетті қоршаған ортаның тазалығы, қауіпсіздік, экономикалық бостандықтарды мемлекеттен талап етуін мойындайды.

Жетіншіден, Қазақстан республикасы бірыңғай(унитарлық) мемлекет. Бірыңғайлы мемлекет дегеніміз — өзінің құрамында автономия не қандай да бір мемлекетгік сипаттағы ұйымдар жоқ, бір Конституциясы, тұтас жүйелі құқығы, бір азаматтығы, өзінің Парламенті, Үкіметі, атқару, сот билігі, әкімшілік-аумақтық бөлігі бар, мемлекеттік басқару нысаны. Қазақстандағы мемлекетік биліктің бірлігін мемлекеттің басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға Президент қамтамасыз етеді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершіліпн қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарынан төреші сияқты жоғары тұр және бүкіл атқару билігі жүйесін басқарады.

Сегізіншіден, Конституцияның 5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында идеадогиялық және саяси әралуандылық мойындалады. Саяси әралуандылық — Конституцияның аясында әрекет жасайтын барлық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге саяси үрдіске тең араласу мүмкіндігін туғызатын, көппартиялылықтың өмір сүруі және азаматтардың кез-келген партияның мүшесі болуға не болмауға еркі бар, саяси пікір мен саяси іс-әрекеттің бостандығы. Саяси әралуандылық Конституциямен мойындалған белгілі бір саяси партияның мүшесі болу не болмаумен ғана шектелмейді, керісінше кез келген азамат ешқандай саяси партияға кірмеуге де құқығы барлығын мойындайтын еркіндік. Бұндай саяси әралуандылық бірүлгідегі идеологиямен сәйкес емес, керісінше ол идеологияның көптүрлілігімен сәйкес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]