- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
Қойылған міндеттерді орындау үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауапқа тартудың негізін және жеке адам, қоғам, мемлекет өміріне қандай қауіпті іс-қимыл қылмыс болып табылатындығын, жасалған қылмысқа қандай жаза, қылмыстық-құқықтык шаралар қолданылатынын белгілейді. Қылмыспен күресу барысында мемлекет әр түрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі — жаза.
Жаза — өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойған мақсаттара бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38-бабына сәйкес жаза дегенімізсоттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатыңда қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-касиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттыңүкімімен тағайындалады. Жаза тағайндау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Сот үкімімен тағайындалған жаза жекелік сипатта болады, яғни басқа адамдарға қатысы жоқ, тек қылмыс жасаған тұлғаға ғана тиісті. Жазаны орындау мемлекеттің күшімен, ықпалымен іске асырылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құкық бұзушылыққа ғана қолданылады.
Жазаның міндетті түрдегі қасиеті жазалау, жаза беруболып табылады. Жазалау, жаза беру дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, күштеу сипаты, сотталған тұлғаға заң шеңберінде белгілі бір құқықтар мен міндеттерді атқарудан айыру және оның құқықтарын шектеу. Жаза міндетті түрде қылмыскерге белгілі бір тән, жазалау материалды зияндар шектіреді. Жазаның жазалау бөлшектері оның қорқыту сияқты қасиетін білдіреді. Сондықтан жазалау жазаның ауырлық дәрежесін, сипатын көрсетеді.
Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптіліге байланысты мынандай жазаның негізгітүрлері қолданылады: I) айыппұл салу; 2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3) қоғамдық жұмыстарға тарту; 4) түзеу жұмыстары; 5) әскери қызмет бойынша шектеу; 6) бас бостандығын шектеу; 7) қамау; 8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау; 9) бас бостандығынан айыру; 10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Сонымен бірге сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар: 1) арнаулы, әскери немесе кұрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялык дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудыңнегізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында көп пікірталас тудырып отырған мәселелердің бірі жазаның негізгі және ерекше түріне жататын, адамды өмірінен айыратын өлім жазасы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес өлім жазасы-ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойыбас бостандығынан айыруга немесе жиырма бес жылмерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірімжасау туралы өтініш беруге құқығы бар.
Бүгінгі танда (2004ж.) дүние жүзі елдерінің жартысынан көбінде өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге өлім жазасы колданылмайды.«Халықаралық рақымшылық» деген ұйымның мәліметіне қарағанда әлемнің 76 мемлекетінде өлім жазасы, соның ішінде Украинада, Түркменстанда, Молдовада, Әзербайжанда қолданылмайды. 15 мемлекетте өлім жазасы тек қана соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық үшін тағайындалады. 20 елде өлім жазасы заң жүзінде сақталған, бірақ соңғы 10 жыл ішінде оларда өлім жазасы туралы үкім іске асырылмаған. Қазақстан уақытша осындай мемлекетердің қатарына жатады. Сонда, осы айтылғандардың барлығын қосқанда, өлім жазасы дүние жүзінің 111 елінде өлім жазасы заң жүзінде жойылған не іс жүзінде қолданылмайды.
