- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады. Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, теңкеледі. Субъектілердің бостандығы тең болады. Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Құқықты ққатынастардың түрлері: 1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді
Құқықтық қатынастардың құрамы.
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екіжақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады. Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.
Құқық субъектісі – жеке және заңды тұлға. Құқық субъектісі – құқықтың барлық салаларындағы құқықтық қатынастардың қажетті белгісі, әйтсе де олардың әрқайсысында оның субъектілерінің жағдайында белгілі бір айырмашылықтар болады. Мысалы, азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке тұлғалар ретінде әрекет етеді, ал коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдар заңды тұлғалар ретінде іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы мен жергілікті құрылымдар азаматтық құқықтық қатынастардың үшінші түрін құрайды, әкімшілік құқықтық қатынастарда негізінен мемлекеттік органдар.
Азаматтық құқық қатынасы бұл – азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады. Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:1.азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;2.азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл – келісім, мәмілелер;3.құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;4.азаматтық құқық бұзылғанжағдайдағы басым сот тәртібі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері: Азаматтық құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін обьектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:1)мүліктік қатынастар;2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар дақолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т.б.).Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді: 1) құқықтық қатынас субъектілері; 2) құқықтық қатынас нысандар; 3) құқықтық қатынас мазмұны.Құқықтық қатынас субъектілері бұл – азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады;жеке тұлғалар;заңды тұлғалар;мемлекет;әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы).
