- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
1.Қылмыстық істі қозғау ;
2.Қылмысты алдын-ала тергеу (анықтау немесе алдын-ала тергеу жүргізу);
3.Басты сот талқылауын тағайындау;
4.Басты сот талқылауы;
5.Апелляциялық саты бойынша сотта іс жүргізу;
6.Сот үкімін орындау.
Қылмыстық іс жүргізу субъектілері,яғни қылмыстық іске қатысушылар үш топқа бөлінеді.
1) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жатады: сот,судья,прокурор,тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы,анықтау органдары, анықтаушы, анықтау органның бастығы.Бұл топтың субъектілеріне тән жағдай-олар қылмыстық істерді жүргізу мемлекеттік оргадар рөлін атқарады.
2) өз құқықтары мен мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғап процеске қатысушылар. Олар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер,азаматтық жауапкер және олардың өкілдері.
3)өзге де іске қатысушылар жатады. Олар: эксперт, маман, аудармашы, куә, сот отырысының хатшысы,сот приставы. Бұлар қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауда қамтамасыз ететін субъектілер.
Азаматтық іс жүргізу құқығы –азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі және онымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық істерге азаматтық, отбасылық,еңбек,тұрғын ұй, экологиялық,қаржы, салық және ведомстволық бағынышты соттардың қарауына жатқызылатын даулар жатады.Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көзі-1999 жылы 13 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі».Азаматтық іске қатысушы субъектілерге: мемлекеттік органдар, сот, жеке тұлға, куәгер, сарапшы т.б. Азаматтық істерді жүргізу құқығын реттеу әддісі императивті- диспозитивті сипатта болады. Соттық істі жүргізу әрекеттері (императивті) шешімдер, ұйғарымдар, нұсқаулар билік сипатында жасалады, оны мемлекеттік билік органдары шығарады. Ол мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген.Ал іске қатысушы (тараптар) тұлғалар іс жүргізу ірекеттері диспозитивті сипатта болады. Яғни іс талап етушінің талап- арыздан бас тартуы бойынша немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қысқартылуы мүмкін.
177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазаданбосатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
бірінші рет қылмыс жасаса;
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
