- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес. қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар адам өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi т.б осындай қылмыстар жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады.
Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды. Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады.
333. Қазақстан Республикасының кеден органдары Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс — әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс — әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс — әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған. Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс — әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.Әрбір басқару органының мемлекеттік механизімі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егенмендік» ұғымы аясына кең ауқымды міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет – француздың souverainete сөзінен – жоғарғы билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халқаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзгеде биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға; - баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға; - әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге; - мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға; - өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, — деп атап көрсетілген. Кеден саясаты Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары: - Қазақстан нарығын қорғау; - Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау; - Экономиканың дамуын ынталандыру; - Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу; - Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету; - Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру; - Сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.
