- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Жазаның мақсаты[өңдеу]
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;
б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.
79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелілік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Экологиялық құқық дегеніміз- бұл осы уақытпен болашақ адамдардың мүдделері үшін қоғаммен табиғат аясындағы қарым қатынасқа байналысты қатынастарды реттейтін құқықтық салаларының бірі болып табылады. Экологиялық құқықтың қайнар көзі ҚР-ның Конституциясына негізделеді ж/е 2007ж 9 қаңтарда қабылданған ҚР-ның экологиялық кодексі болып табылады. Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 1. кешенді; 2. ресурстық; 3.әлеуметтік - экологиялық. Экологиялық құқықтық қағидаттары. Қағидат – құқықтық –нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістернің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтарын көрсетеді. Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады: 1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; 2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салуатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу; 3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; 4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу; 5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сакқтауды қамтамасыз ету; 6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; 7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау; 8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы; 9) халықаралық құқық негізінде қршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4. Жеке тұлғалар.
