Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.

Қылмыстық құқық, құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатнастарды реттейді. Сонымен қылмыс жасау сәтінен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге құқық салаларымен реттелген қатынастарды және кейбір құқық салаларымен мүлде реттелмеген қоғамдық қатынастарды қорғайтын нормалардың жиынтығын қылмыстық құқық деп атаймыз.

Қылмыс дегеніміз- қылмыстық заң бойынша жазалау қаупімен тыйым салынған кінәлі ,қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік .

Қылмыс белгілері:заңға қайшылығы, қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі, жазаланушылығы .

Қылмыс санаттары: аса ауыр қылмыстар ,ауырлығы орташа қылмыстар,ауыр қылмыстар және ереше ауыр қылмыстар.

Қылмыстық құқық субьектісі болып қылмыс істеген,ақыл- есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған (16-жасқа, кейбір ауыр қылмыстар үшін 14-жасқа) адам жатады .

Қылмыстық құқықты реттеу әдісі қылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.

Қылмыс істеу сатылары:

  1. Қылмысқа дайындалу.

  2. Қылмысқа оқталу.

  3. Аяқталған қылмыс.

  4. Қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту.

Іс- әрекеттің қылмыс еместігін айқындайтын мән- жайлар:

  1. Қажетті қорғану.

  2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.

  3. Жалған қорғану.

  4. Мәжбүрлі қажеттілік.

  5. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру.

  6. Орынды тәуекел.

  7. Күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу.

  8. Бұйрықты немесе өкімді орындау.

Қылмыстық жаза дегеніміз- соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Жазаның мақсаты- құқықтық әділеттілікті қалпына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу.

Жазаекі түрге бөлінеді: негізгі және қосымша жазалар.

Негізгі жаза түрлері:

  1. Айыппұл салу.

  2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

  3. Қоғамдық жұмыстарға тарту.

  4. Түзеу жұмыстары.

  5. Әскери қысмет бойынша шектеу.

  6. Бас бостандығын шектеу.

  7. Қамау.

  8. Тәртіптік әскери бөлімдерде ұстау.

  9. Бас бостандығынан айыру.

Қосымша жаза түрлері:

  1. Айыппұл салу.

  2. Арнаулы әскери атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру.

  3. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет пен айналысу құқығынан айыру .

  4. Мүлкін тәркілеу.

Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс)қылмыстық құқықтың бірден- бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, алмемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед.сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстыққол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

2. Қылмыстыққұқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдыққатынастар реттеледі.

3. Қылмыстыққұқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]